Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет39/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

5-тапсырма
Өсиет әңгімені оқыңыздар. Өсиет әңгіменің астарынан 
нені аңғардыңыздар? Мәтіндегі жағдайды адамның мінез-құлқымен, 
өмірімен байланыстырып, кестені дәптерге толтырыңыздар.
Жолдан өтіп бара жатқан кездейсоқ біреу жібек пілләсіндегі 
кішкентай тесікті, сол тесіктен шықпақ болып тырысып жатқан 
көбелекті көріп, ұзақ уақыт бақылап қарап тұрыпты.
Бірталай уақыт өтіп, көбелек күресе алмай қалғандай болды, ал 
кішкене тесік сол күйінде еді, үлкейген жоқ. Көбелек қолдан келгенінше 
барынша тырысқандай және бұдан былай ештеңеге шамасы келмей 
қалғандай болып көрінді.
Осыны бақылап тұрған адам көбелекке жәрдемдескісі келіп, қолына 
бәкі алып пілләні кесіп, кішкене тесікті кеңейтті. Көбелек бірден 
сыртқа шықты.
Бірақ оның денесі әлсіз, қуаты жоқ, қанаттары қатаймаған, өзі де 
зорға жылжитын еді.
Адам көбелектің қимылын бақылап тұрып, сәлден соң-ақ көбелектің 
қанаты қатайып, ұшып кетер деп ойлады. Бірақ олай болмады. Көбелек 
өзінің әлсіз денесін жер бауырлап сүйретіп жүріп, қанаты жетілмеген 
күйде қалған өмірін өткізді. Ол сол бойы ұша алмады.
Олай болуының себебі: адам көбелекке жәрдем бергісі келіп, 
көбелек өзі кеңейтіп, ішінен ұшып шығуға тиіс кішкене тесікті 
кеңейтті, көбелектің денесіндегі сұйықтар оның қанатын қатайтуға 
жұмсалатын еді, олай болмай қалды. Солай болғанда ғана көбелек ұшып 
кететін еді. Жаратылыс солай: көбелек кішкене тесікті кеңейтіп, 
ТӘРБИЕДЕН – ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУГЕ


57
ұшып шығуға күш салу арқылы әбден шыңдалған, еркін өмірге әзір 
қалпында шығатын еді.
Өмірде бізге де нақ осындай күш салуға тура келетін кездер бар.
Кім өмір сүруі тиіс болса, жолында кедергілер болады. Кедергі 
болмаса біз көп нәрседен құр қалар едік, ешуақытта қазіргідей күшті 
бола алмас едік. Біз ешуақытта биікке самғай алмас едік.
Мен өмірден күш сұрап едім, ал өмір мені күшті ету үшін 
қиындықтар берді.
Мен өмірден ақыл сұрап едім, ал өмір маған шешілуі тиіс мәселелер 
берді.
Мен өмірден байлық сұрап едім, ал өмір маған жұмыс істесін деп 
ақыл мен қуат берді.
Мен игіліктер сұрап едім, өмір маған мүмкіндіктер берді.
Қорқынышсыз өмір сүр, кедергілерді батылдықпен күтіп ал және 
оларды жеңе алатыныңды дәлелде. («Көбелектен алған сабақ» Өсиет 
әңгіме).
6-тапсырма. 
Жақсы қасиеттерді жетілдіру, кемшіліктерді жою, 
саналы және мақсатты іс-әрекет жасау, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын 
жасаңыздар, дәптерге жазыңыздар. 
Абай
Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір 
мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен 
өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай 
өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, 
күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, 
болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың? 
(15-қара сөз).
Мәтін бойынша
Өмірмен байланыс
ТӘРБИЕДЕН – ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУГЕ


58


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет