62
4-тапсырма.
Төмендегі қасиеттерді қатыстыра отырып, «Өмір мәні
– ізгілік» тақырыбына
шағын қойылым дайындап, сахналаңыздар.
•
ақниет;
•
адалдық;
•
азаматтық;
•
бауырмалдық.
Әрбір адам өзіне, басқаларға ата-анасына, халқына,
мектебіне, ұжымына, өз отбасына
деген міндеттері мен
борыштары туралы есінен шығармауы тиіс. Бұл міндеттер
мен борыштарды әркім үлкен адамгершілікпен дұрыс, адал
атқаруы маңызды. Ол үшін
адам өзіне қатаң талап қойып,
дұрыс әрекет етіп, уақытты бағалай білуі басты шарт.
Осы тұрғыда Міржақып Дулатов «Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз
болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бір-ақ рет жасарады. Осы
секілді адамның басына жастық екі келмейді. Жастық біздің өміріміздің
жазы. Жаздан кейін қалай күз келеді.
Сол секілді жастықтан соң
кәрілік жетеді. Шаруасына жинақты кісілер жаз күні қыстық азық-
түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы мінездерді
бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рахат тіршілік ете
алмайды» дейді.
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: