Қазақстан тарихынан оқушыларды ұбт-ға дайындаудың методологиясы аманова Қ. Е



Дата22.03.2017
өлшемі1,54 Mb.
#12174
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНАН ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАУДЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ
Аманова Қ.Е

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Көкбұлақ орта мектебі, тарих пәнінің мұғалімі
Білім берудің сапасын арттыру мен сапалы білім беру жүйесін құру мақсатында 2004 жылдан бастап республикамызда Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі енгізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу- жалпы орта білім беру ұйымдарында оқушыларды қорытынды аттестаттауының бір түрі. Бірыңғай тестілеу жүйесі елімізде жыл сайын жетілдіріліп келеді. Әр жылғы тест жүйесі мектепте біздің қалай оқытып жатқанымыз бен мектеп бітірушілердің нені талап ететіні арасындағы алшақтықты анықтап береді. Бұл жағдай әр мұғалімнен ҰБТ-ға дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін шебер меңгеруді талап етеді. Бүгінде тарихты оқытудағы басты мақсат дүниежүзілік дамудағы адамзаттың орны ерекше екендігін, ол жасаған бүкіл әлемдік құндылықтарды білетін, оларды өз Отаны- Қазақстанның дамуы үшін пайдалануға ынталы, жан-жақты жетілген, өзінің қоғамдағы орнын түсінетін азаматтарды қалыптастыру. Бұл міндеттің орындалуында Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағына оқушыларды жан-жақты дайындау үлкен рөл атқарады. Міне, осы Ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілгеннен бергі уақыт ішінде жылма-жыл оқушыларды Қазақстан тарихынан дайындап келемін. Қазақстан тарихы пәні үлкен ауқымды уақытты қамтитын, қиын да күрделі пән. Себебі көптеген хронология, адам аттары, қоныстар, жыл, ай аттары, сандар көптеп кездеседі. Оқушылар ҰБТ кезінде осылардан қателер жібереді. Оқушылар арасында тестіні жаттап алсақ болды деген теріс түсінікте қалыптасқан. Тесті сұрақтарын үнемі жаттап алу, тестілеу кезінде жауаптардың бәрі дұрыс сияқты болып, оқушылардың шатасып қателікке жол беруіне әкеледі. Жаттау әдісі бойынша оқушы оқиғаның түп-тамырына назар аудармайды. Әр мұғалімнің оқушыны дайындауда өзіндік әдіс-тәсілдері болады. Менде тестіге қатысты тәжірибеде көзім жеткен , күнделікті жүргізіп отырған жұмысым туралы, оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестіге дайындауда қолданатын әдіс-тәсілдеріммен ой бөлісіп, ортаға салғым келеді. 10-11 класс оқушыларына алдымен ҰБТ-ға қалай дайындалу керек екендігі жөнінде түсінік беремін. Оларға мына жағдайларды қатаң есте сақтауларын талап етемін.

  1. Тақырыпты алдымен оқулықтан қарап шық.

  2. Сабақты зейін қойып оқып, керекті жерлерін дәптерге түсір.

  3. Тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап беруге тырыс.

  4. Дайындық барысында мектепте не болмаса үйде сұрақ-жауап әдісін пайдалан.

  5. Тест сұрақтарына дұрыс жауап беру үшін алдымен қате жауапты сызып таста.

Мектебімізде 11-класс оқушыларын ҰБТ-ға дайындау үшін оқу жылының басынан бастап әр пәнге қосымша сабақ кестесі бекітіледі. Қосымша сабақ- Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықтың тиімді жолы. Қосымша сабақтың мақсаты - оқушыларды сапалы дайындаудың арқасында ҰБТ-ны жақсы тапсыруға ықпал ету. Қосымша сабақтың міндеттері - оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды еңбек сүйгіштік пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже - ҰБТ-да жоғарғы нәтиже көрсету. Күнделікті сабаққа қарағанда қосымша сабақтағы жұмыс түрі басқа материалдармен және басқа жолмен жүзеге асады. Қандай сабақ болмасын қазіргі заманғы жаңа оқыту технологиясын кеңінен пайдалануға болады. Мысалы: проблемалық оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, ойын, тірек-сигналдары арқылы оқыту түрлерін көбірек пайдаланамын. Тестке дайындық барысында оқушыларға екі дәптер арнатамын. Бірінші дәптер тақырыптарды қайталауға, екінші дәптер тест жұмыстарына арналады. Әрбір тақырыптық , аралық бақылау және сынама тестілері алынғаннан кейін оқушылардың жұмыстарын тексеріп, қатемен жұмыс жүргіземін. Қатемен жұмыс жүргізу оқушыға жіберген қатесін нақтылап, есте сақтауына көмектеседі. Дәптердегі әрбір тест тапсырмалары орындалғаннан кейін сол күнгі алған балын жазып отырамын. Сабақ бекітілген жоспар бойынша өткізіледі. Онда көптеген жұмыс түрлері белгіленген. Әрбір сабақ сайын өтілген тапсырмалар бойынша сұрақ-жауап әдісін пайдаланамын. Ол үшін 6-9 кластардың оқулықтары бойынша сұрақтарды алдын-ала дайындап алдым. Дайындалған сұрақтарды оқушылардың қолына компьютермен көбейтіп беріп қойдым. Бұл сұрақтарға оқушы үйде өз бетімен дайындалады. Сұрақ-жауап әдісі бойынша сұрақты оқып, оқушылар дәптерге дұрыс жауабын жазып отырсада болады немесе ауызша жауап береді. Оқушылардың білімін бақылау үшін тест жүйесін қолданудың үлкен маңызы бар. Тест оқушылардың білімін анық көрсетеді. Тест жүргізу арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекеттері және есте сақтау қабілеттері артты. Тест тәсілдері оқушыларды ойландыратындай, қызықтыратындай болуы керек. Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету-мұғалімнің басты міндеті.Оқушыларды тестке дайындау барысында тапсырмаларды оқушының қиналмай жаттап, ұмытпаулары үшін тест тапсырмаларын мағынасына қарай іріктеп, жаттатуға болады. Ол үшін екі тәсіл қолданамын. 1. тас дәуірінен бастап, қазіргі заманға дейінгі тақырыптарды ретімен оқыту.2. тест тапсырмаларын іріктеп, мағынасына қарай жаттату. Оқушылардың білімін бақылауда тесттің бірнеше түрлерін қолдандым.

Сәйкестендіру тесті оқушылардың таным қабілетін жетілдіріп, шығармашылық ізденісін арттырады, есте сақтау қабілеттері дамиды. Бұл жұмыста тарихи оқиғалар араластырылып беріледі де оқушылар дұрыс жауаптарын сәйкестендіре орындайды. Сәйкестендіру тесті тірек сызбалары арқылы белгіленеді

. Сәйкестендіру тесті.
552-603 ж Реформа жылдары

1771-1781 ж Түрік қағанаты

1867-1868 ж Абылай хан болған жылдар

1812 ж «Сібір қазақтарының жарғысы»

453 ж Қарақұм маңындағы бас қосу

1822 ж Отан соғысы

1710 ж Атилланың өлімі

1538-1580 ж Әмір Темірдің жорықтары

1227-1255 ж Монғолдар Жетісу жеріне енеді

1371-1372 ж Хақназар хан билік етті

1218 ж Батый хан

Сәйкестендіру тестін бірнеше тақырыпты өткеннен кейін пайдаланған тиімді. Сонымен бірге толықтыру тесті, баламалы тест әдістерін жүйелі түрде қолдана білсең бұл жұмыстарда оқушының ойлау қабілеттерін арттырары сөзсіз.


Толықтыруды қажет ететін тест.


Уақыты

Жетекшісі

Қай жерлерді қамтыды

Нәтижесі

Сипаты




И.Тайманұлы










1837-1847ж










Отаршылдыққа қарсы




С.Датұлы










Толықтыруды қажет ететін тестілер мәтінінде керекті сөздерді, белгіні қоятын ашық орынға оқушылар қажет жауабын қояды. Болмаса төмендегі тест үлгісі бойынша берілген сұрақтың ішіндегі көп нүктенің орнына жауабын жазады немесе тапсырманы жалғастырып аяқтайды.

  1. Түрік сөзі........ сөзінен шықты.(теле)

  2. Саудагерлер қаласы........ ( Тараз)

  3. Ең алғаш мұсылман бейіттері................(Отырардан 9-10ғ және Боран қала жұртынан табылды.)

  4. Алтын өнеркәсібінде 1873ж ......жұмысшы әйелдер еңбек етті.(12%)

  5. Махамбет Жәңгір ханның ..... деген баласына тәрбиеші болды. ( Зұлқарнай)

  6. «Ресей- кең байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ-артымызда ....( Мәскеу)

  7. Кеңес әскерлерін Ауғанстаннанәкету ... аяқталды. (1989ж ақпан

  8. Партия мен үкімет басшылығына Ю.В.Андропов .... келді. (1982-1984ж)

Хронологиямен жұмыс




Жылдар

Оқиғалар

1635ж




1731ж




1836-1838ж




1801ж




1854ж




1860ж 19-21қазан




1726ж




1680-1715ж




1741ж




1783-1797ж




1835-1865ж




1905-1907ж




1916ж 25 маусым




1918-1920ж




1920-1936ж




1936-1991ж




1939ж 1.09-1945ж 2.09




1964-1986ж




1972ж




1999ж ақпан, наурыз




2000 ж




1997 ж




1954-1956ж




1991 ж 13 желтоқсан



Хронологиямен жұмыс оқушыларды тарихи оқиғалардың өткен уақытын есте сақтауға дағдыландырады.

Тестке дайындық барысында қолданылатын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалардың шегі жоқ. Әр мұғалім қиялына байланысты әртүрлі тәсілдерді , көрнекіліктерді қолдануына болады.

Мұндай тапсырмаларды ұйымдастыру үшін мұғалім өзі тест тапсырмаларын жатқа білуі тиіс және білгенін оқушыларға бере білуі керек.

Міне, осылайша түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сабақтарды түрлендіре өткізу оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін кеңейтіп, бекіте түседі. Әрі оқушының ҰБТ кезінде жоғары жетістікке жетуіне әсері мол деп ойлаймын.

11-класс оқушыларын Қазақстан тарихынан ҰБТ-ға дайындау жоспары




реті

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Уақыты

1

Қайталау 6- 9 класс бойынша

1




2

Тас, қола, темір дәуірі

1




3

Қазақстан аумағындағы тайпалар мен мемлекеттер

1




4

Орта ғасырлардағы мемлекеттер

1




5

Тест

1




6

13-15 ғ Қазақстан

1




7

Қазақ хандары

1




8

Орта ғасырлардағы мәдениет

1




9

Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі

1




10

18 ғ ұлт-азаттық көтерілістер

1




11

19 ғ ұлт-азаттық көтерілістер

1




12

Жылдармен жұмыс

1




13

1867-1868ж, 90 ж реформалар

1




14

20 ғ басындағы Қазақстан

1




15

Қазақстан 1916-20 жылдарда

1




16

Тарихи терминдермен жұмыс

1




17

НЭП, инд-у, ұжымдастыру

1




18

Қаз-н Ұлы Отан соғысы кезінде

1




19

Тоқырау жылдарындағы Қаз-н

1




20

Сұрақ-жауап, тест жұмысы

1




21

20-60 ж мәдени өмір

1




22

Қаз-н түбегейлі бетбұрыстар кезеңінде

1




23

Тәуелсіз Қаз-н. Тәуелсіздік жолындағы қадам

1




24

«Жылдар сөйлейді» кестемен жұмыс

1




25

Қаз-ғы көппартиялық жүйе

1




26

Қаз-ң халықаралық жағдайы

1




27

Қайталау, хронологиямен жұмыс

1




28

«Қазақстан-2050» бағдарламасы

1




29

Сынама тест

1




30

Тәуелсіздік жағдайындағы мәдени құрылыс

1




31

Қайталау

1




32

Есімдер мен сандармен жұмыс

1




33

Тестік бақылау жұмысы

1




34

Қорытынды

1




Бұл жоспар менің бір жылға арналған 11-класс оқушыларымен жүргізетін қосымша сабағымның жоспары.

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Мұғалім ата-анамен бірге оқушының 11 жыл алған білімінің жоғары нәтижеге жеткенін қалайды. Ол үшін мұғалім мен ата-ана және оқушы арасында тығыз байланыс болуы қажет. Ата-ана баласының мектепте алған білімін үйде қайталап меңгеруіне көмек көрсетуі тиіс. Оқушы дайындық кезінде мынадай жайларға ерекше назар аударуы қажет.


  1. «Талапкерді» жаттап алумен шектелмеу.

  2. Оқулықпен жұмыс жасау.

  3. Мұғалімнің берген бағыт-бағдарымен әрі қарай өз бетіңше іздену.

  4. Бос уақытты текке жібермей, тиімді пайдалана білуге дағдылану.

  5. Мүмкіндік болса «5 +» -пен дайындал.

Өз тәжірибемді қорытындылай келе жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану білім беру үрдісіне өте қажет, оқушылардың оқуға ынтасын арттырады деп ойлаймын.

Тарих-тамыр болса, мұғалім-бұтақ, оқушы-гүл. Міне, осы жайқала өскен гүлді әдемі қалпында өсіріп, сақтау біздің басты міндетіміз.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы. № 10. 2013 ж

  2. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы. № 11. 2011ж

  3. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журналы. № 12. 2009ж

  4. Т.Тұрлығұл, Қ.Адамбосынов, М. Райымбекова « Қазақстан тарихы.» Әдістемелік нұсқау. Алматы «Мектеп» 2011

  5. «Қазақстан тарихы.» Жұмыс дәптері. Алматы. «Достық,» 2013.

  6. «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы», 7 –класс.

  7. «Қазақстан тарихы» , 8-9-класс.


Аннотация

Данная работа предназначена для подготовки к ЕНТ по Истории Казахстана. Содержит таблицы обобщающего характера, тренировочные задания, хронологические таблицы, сопоставительные тесты, тесте по темам: «Казахстан 13-15 вв.», «Казахские ханы».

Указатель охватывает разнообразные и разнохарактерные темы: от исторических событий и деятелей, географических названий до мелких административных единиц.

Материал предназначен для учителей историков и учащихся старших классов с казахским языком обучения для того чтобы учащиеся успешно сдали ЕНТ.




Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет