Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»


Жонылған ағашты қайта жонуға әрекет етпеңіз



Pdf көрінісі
бет48/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

Жонылған ағашты қайта жонуға әрекет етпеңіз
(Үзінді)
Дейл Карнеги
... Өткен өмір еншісінен өз пайдамызға жарата алатын бір-ақ тәсіл 
бар, ол – бүгінгі күнгі өмірімізде артта қалған күндерде жіберген 
кателіктерімізді қайталамау үшін оларды асықпай отырып електен 
өткізу керек.
Бойды билеген мазасыздық туралы ұлы адамдардың жазғандарының 
барлығын оқысаңыз да, «Көпірге жетпей жатып, одан өттім деме», 
«Төгіліп қалған сүт үшін көз жасыңды төкпе» деген ескі мақалдардан 
артығын таппайсыз. Бұл – өз басыңызға уақытынан бұрын киындық 
тудырмаңыз дегенді білдіреді. 
Шынында, біз өмірлік тәжірибемізде ескі мақалдардың біршамасын 
қолдана білсек, көп нәрсені түйсінген болар едік. Тек түйсініп қана 
қоймай, оны өмірде жүзеге асыра да білу керек. Бұл кітаптың мақсаты 
– сіздерге жаңа бір нәрсе айту емес, өздеріңіз білетін өмір шындықтары 
туралы еске салып, оны өз өмірімізде қолдану үшін іс-әрекет етуге 
ұмтылдыру болып табылады.
Фред Фуллер Шедд ескіден келе жатқан өмір шындықтарын жаңаша 
мағынада қызықты етіп түсіндіретін. Ол «Филадельфия буллетин» 
журналының редакторы болатын. Бірде ол колледж жастарына: 
«Сіздердің араларыңызда кім арамен ағаш кесті, қолдарыңды 
АДАМДЫҚ БОРЫШ – АСЫЛ ҚАСИЕТ


72
көтеріңдер» деп сұрақ қойды. Отырғандардың көпшілігі қолдарын 
көтерді. «Ал ағаш жоңқасын арамен кескен адам бар ма?» дегенде, 
ешкім де қолын көтерген жоқ.
«Әрине, ағаш жоңқасын жону мүмкін емес, өйткені олар жонылған. 
Өткен күндер туралы да осыны айтуға болады. Өткен өмір туралы, 
болып кеткен жайлар туралы ойлаған кезіңізде сіз сол ағаш жоңқасын 
қайта жоңғанмен бірдей боласыз».
Әрине, барлығымыз да пендеміз ғой, қателік жасамайтын адам жоқ. 
Ондай-ондай кемшілік кімнің басында болмайды? Тіпті Наполеонның 
өзі жүргізген үлкен ұрыстардың үштен бірінде жеңіліске ұшыраған.
Бір сөзбен айтқанда, қанша жерден патша болса да, оның айналасында 
жүрген адамдар да өткен күнді қайтара алмайды. Сондықтан мына 
ережені есте ұстаңыз: «Жонылған ағаш жоңқасын қайта жонамын деп 
әуре болмаңыз».
Түйін:
Мазасыздыққа бой беретін жаман әдеттен қалай арылуымыз керек?
1-ереже. Бойыңызды билеген мазасыздықтан құтылу үшін бос 
жүрмей, өзіңізді-өзіңіз жұмысқа жегіңіз. Бұл – мазасыздықтан, 
алаңдаушылықтан арылудың бірден-бір жолы.
2-ереже. Түкке тұрмайтын нәрсеге бола ашуланбаңыз.
3-ереже. Бойыңызды жайлаған мазасыздықты кетіру үшін үлкен 
сандар заңын қолданыңыз.
4-ереже. Айналаңыздағы болып жатқанды сол күйінде қабылдаңыз. 
Егер оны өзгерту немесе түзеу қолыңыздан келмесе «Бұның басқа жолы 
жоқ бұл осылай күйде қалуы керек» деп сендіріңіз.
5-ереже. Мазасызданудың да шегі бар деп белгілеңіз. Болып жатқан 
оқиға қаншалықты мазаңызды ала алатынын шамалаңыз да, одан әрі 
оны ойламауға тырысыңыз.
6-ереже. Өткен күн туралы ойламаңыз. Ағаш жоңқасын қайта 
жонудың қажеті жоқтығын есте ұстаңыз. 
Түйін:
1-ереже. «Біздің өміріміз – ол туралы біздің не ойлайтындығымыз» 
екендігін естен шығармай, өз ақыл-ойыңызды тыныш өмір, үміт, 
денсаулық туралы ойлармен толықтырыңыз.
2-ереже. Ешқашан да өзіңізге дұшпан адамдардан кек алуға 
тырыспаңыз, себебі, сіз олардан гөрі өзіңізге көп зиян келтіресіз. 
Генерал Эйзенхауэр айтқандай, өзіңіз жақсы көрмейтін адамдар туралы 
бір минут та ойлаудың қажеті жоқ.
3-ереже. а) Адамдар жасаған қайырымсыздыққа бола өкпелемей, 
солай болуы мүмкін-ау деп қараңыз. 
ә) Бақытқа қол жеткізудің бірден-бір жолы – жасаған жақсылығыңызға 
АДАМДЫҚ БОРЫШ – АСЫЛ ҚАСИЕТ


73
біреулердің алғыс айтуын күту емес, алдымен жақсылық жасау және 
сол арқылы алғысқа бөлену.
б) Алғыс айта білу – көргенділіктің, тәрбиенің нәтижесі екендігін 
есте ұстаңыз, егер біздің балаларымыз тәрбиелі болсын десеңіз – осы 
қасиетті бойына сіңіре біліңіз.
4-ереже. Сәтсіздіктеріңізді емес, қуанышты күндеріңіздің есебін 
жүргізіңіз.
5-ереже. Ешкімге ұқсамауға тырысыңыз. Өзіңізге тән бейнеңізді 
табыңыз да, сол қалпыңызда қалуға тырысыңыз. «Қызғаныш – қызыл 
от, ал біреуге еліктеу өзіңді өзің, өлтіргенмен бірдей» екендігін естен 
шығармаңыз.
6-ереже. Өмір сізге ащы дәмін татырса, сіз оны тәтті дәмге 
айналдыруға тырысыңыз.
7-ереже. Өз басыңыздағы сәтсіздіктерді ұмытыңыз. «Өзгелерге 
жақсылық жасау арқылы сіз алдымен өзіңізге көмек көрсетесіз».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет