2-тапсырма.
Отбасы туралы мақалдарды оқып шығыңыздар.
Қазіргі уақытта мақалдардың қайсысы өзекті деп санайсыздар?
Жауаптарыңызды нақты мысалмен дәйектеп айтыңыздар.
•
«Сіз», «біз» – деген жылы сөз,
Ағайынға жарасар.
•
Қарындасың – қарлығашың.
•
Інісі бардың тынысы бар,
Ағасы бардың жағасы бар.
•
Ата – баланың қорғаны.
•
Ананы сыйламаған, ел қамын ойламаған.
•
Ата – арым, ана – дәрім.
•
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.
•
Ердің анасы – елдің анасы.
•
Бала – бауыр етің.
•
Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры.
•
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
ОТБАСЫ АЯСЫНДА
|