95
жоғалтып едім, неге маған үйде болуға
рұқсат бермейсің?» – деп өксіп тұрып
жылапты. Сонда әкесі оған ренішпен
«Әй, балам-ай! Қалай түсінбей жүрсің?
Сол «қараң қалған»
бақта сен өзіңді
жоғалтқан жоқсың ба? Мен де сонда өз
ұлымды жоғалтқан болатынмын. Енді
сол бақ қайта қалпына келмейінше сенің де менің балам ретінде үйде
қалуға құқығың жоқ!»
–
депті. Сонда ғана өз кінәсін түсіне бастаған
жігіт тәубеге келіпті де, өз қолымен аздырған бағын өз қолымен қайта
қалпына келтіруге бекініпті.
Содан ол баққа әр келген сайын бел жазбай еңбек етіп, бұлақтардың
көзін ашып, жылғаларын тазартыпты, ағаштарды баптап, жаңадан жас
шыбықтар отырғызыпты. Бірте-бірте шырайы кіріп құлпыра бастаған
бау-баққа аңдар мен құстар да қайтып оралып, сәніне ән қосып шаттыққа
толтырыпты. Бейбіт еңбек етіп өздеріне жағдай жасап жатқан жігітке де
бойлары үйрене бастаған олар, оған іш тартып, үйірсектей бастапты.
Содан баласының үйге
бұрынғыдай бірде жабырқау, бірде ызалы
қайтпай, шаршаңқы болса да ақжарқын кейіпте қуана оралып жүргенін
байқап жүрген бай бір күні баққа өзі барып оның себебін білмек болыпты.
Баққа еніп, оның бұрынғыдан да бетер құлпырып кеткенін көріп, риза
болып келе жатқан бай бір алма ағашының саясында демалып отырған
баласын байқапты. Жұмыстан шаршап, бұлақ басында салқындап
отырған жігіттің
төбесінде бұлбұл сайрап, алдында ақ тиін ойнап,
көздері мөлдіреген сүп-сүйкімді еліктің лағы оның бетін жалап еркелеп
тұр екен.
•
Мәтінді оқығанда қандай ой түйдіңіз?
•
Жігіттің әкесі: «Әй, балам-ай! ... Сол «қараң қалған» бақта
сен өзіңді жоғалтқан жоқсың ба? Мен де сонда өз ұлымды
жоғалтқан болатынмын», – дегенде не айтқысы келді деп
ойлайсыз?
•
Байдың өз баласына қатысты әрекетін қалай бағалар едіңіз?
•
Жігіт неліктен бел шешіп жұмыс істей бастады?
•
Ол алдына нақты мақсат қойды деп ойлайсыз ба? Неліктен?
•
Жігіт қандай қасиеттері арқылы мақсатына жетіп, өзі
аздырған бақты қалпына келтірді? Жауабыңызды дәйектеп
жеткізіңіз.
•
Аңыздан өзіңіз қандай сабақ алдыңыз?
•
Өзіңіз алдыңызға қойған мақсатқа жету үшін қандай әрекет
жасайсыз?
Сонда ғана өз кінәсін
түсіне бастаған жігіт
тәубеге келіпті де, өз
қолымен аздырған бағын
өз қолымен қайта қалпына
келтіруге бекініпті.
МЕН СЕНІҢ ӨМІРІҢНІҢ ЖАЛҒАСЫМЫН