Өзін-өзі тану жалпы орта білім беретін мектептің 10-сыныбына арналған оқулық Алматы 2019 «Өзін-өзі тану»



Pdf көрінісі
бет55/115
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#86755
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   115
Байланысты:
Book-file-22-0 (1)

1-тапсырма.
Белгілі ақын Оразақын Асқардың екі өлеңін 
мәнерлеп оқып шығыңыздар. Отбасындағы әкенің, ананың 
орны, олардың адамгершілік қасиеттері, рухани байлығы 
туралы өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Әке
 Оразақын Асқар
Есейіп оралсаң да шалғайыңнан,
Еңкейтіп иіскейді ол маңдайыңнан.
ОТБАСЫ АЯСЫНДА


83
Ұйқыңнан қанша ерте оянсаң да
Естисің тыстан үнін мал қайырған.
Тұнығын шайқасаң да оңды-солды,
Кешіргіш, мейірімді, бөлек орны.
Көңілі хош, дүниесі түгел оның
Қалқиып көз алдында жүрсең болды.
Анама
Оразақын Асқар
Есейіп жігіт болсам да,
Қоймайсың айналғаныңды.
Өзге үйге бір күн қонсам да,
Айтасың сағынғаныңды.
Кезімде сәби былдырлап,
Не дедім, қалай жүгірдім.
Айтасың ылғи қызықтап,
Қылығын сол бір күнімнің.
Есейдім, өтті ол бір кез,
Өмірге ойлы қарадым.
Қалыпты бойда бал мінез,
Алдыңда әлі баламын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет