1-тапсырма.
Еңбек туралы мақал-мәтелдерді оқып,
ондағы түйінді ойды негіз етіп алып, «Абыройға бөлеген –
адал еңбек» тақырыбында эссе жазыңыздар.
Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер
Еңкейгеннің еңсесін
еңбек көтереді.
Қолыма жұмыс бергенің –
жаныма тыныс бергенің.
ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ...
130
Көз қорқақ, қол батыр .
Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.
Істегенің еліңе жақсы,
Үйренгенің өзіңе жақсы.
Ынта болса адамда,
Қиын іс жоқ ғаламда.
2-тапсырма.
«Адал еңбек иесі» тақырыбында зерттеу жұмысын
жүргізіңіздер. Өздеріңіз білетін еңбек адамдарымен сұхбаттасып, олар
(ата-анаң, туысқандарың, ұстазың, таныстарың, досың, белгілі адамдар
және т.б.) туралы альбом, слайд немесе қолдан шағын кітап әзірлеңіздер.
Өнер туындыларымен танысып, «Адал еңбек етудің
жарқын бейнесі» тақырыбында пікір алысу жүргізіңіздер.
Алматы колхозы.
Әбілхан Қастеев
Соколов-Сарыбай кеніші.
Әбілхан Қастеев
Мақта жинау.
Әбілхан Қастеев
Шөп шабу.
Әбілхан Қастеев
ЕҢБЕК ЕТСЕҢ ЕРІНБЕЙ...
131
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |