«Өзін-өзі тану» пәнінін сүйіп оқимыз.
«Өзін-өзі тану» оқулығын оқи отыра менің ойымша ,әр адам өзінің жақсы немесе жаман қасиеттерін біле бастайды. Осы пәнді оқығаннан бастап біз бір-бірімізбен жылы жүздесіп,үнемі бүгінге ,келер күнге сәттілік тілеуді үйрендік «өзін-өзі тану» пәнінің әр сабағы әсемдікке,достыққа ,бірлікке шақырады. Данышпан атаның даналық сөздерінен үлкен тәрбие аламыз.
Өмірзақ Жанерке
4-сынып
«Өзін -өзі тану» пәні өзіңе деген сенімділікті оятады. Басқа сабақтарды оқып шаршап отырғанда «өзін-өзі тану» пәнін оқып біраз сергіп қаласың. Үлкенді сыйлауға,кішіге ұдайы қамқор болуға үйретеді.
Абдуғали Думан
4-сынып
«Өзін-өзі тану» пәні бізді адамгершілікке, имандалыққа , инабаттылыққа тәрбиелейді. Достарыммен жақсы қарым-қатынаста болуға , қиындықта бір-бірімізге көмек көрсетуге үйрететін пән.
Қалабай Азамат
4-сынып
«Шығармашылықтың жолында» бейнеролигін тамашалады. Фильм өзін-өзі тану сабақтарында жасаған суреттер мен бейне негізінде дайындалды. Балалар өздерінің қуаныштарын жасырмады. Одан соң оқушылар дайындаған бейне – слайд ұсынылды. «Өзін-өзі тану» жобасы туралы түсініктерін толықтыру үшін оқушылар назарына Сара Алпысқызы Назарбаева туралы клип көрсетілді. Оның қоғамдық жұмысы туралы айтылды
Бастауыш сынып оқушылары « Не сыйласам екен саған , Анашым !» тақырыбында өзін өзі тану жобасының авторына қолөнер жұмыстарын сыйлыққа тарту етті .
Достарыңызбен бөлісу: |