«Өзiн-өзi тану» пәнімен интеграцияланған «Биология» сабағының жоспары Мектеп



Дата25.08.2017
өлшемі51,25 Kb.
#26485
түріСабақ
«Өзiн-өзi тану» пәнімен интеграцияланған

«Биология» сабағының жоспары
Мектеп:«Павлодар қаласының № 20 лицей – мектебі»ММ

Мерзімі:

Мұғалім:

Cынып: 10 «Қ»

Оқушылар саны:

Тақырып: Нәруыздың қасиеттері және атқаратын қызметтері

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: жауапкершілік, еңбекқорлық, төзімділік.

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет құндылығы арқылы оқушыларға нәруыздың қасиеттері және атқаратын қызметтері жайлы мәлімет бере отырып, мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Нәруыз жайлы ақпарат беру арқылы, тірі ағзалар бойындағы нәруыздың басты қасиеттері мен қызметі жайлы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Нәруыздің қасиеті мен қызметіне байланысты әр түрлі сұрақтар қою арқылы оқушылардың ой-өрісін, білімін, қабілетін, шығармашылығын арттыру

Тәрбиелік: Оқушыларға сабақ барысында жауапкершілік, еңбекқорлық, төзімділік және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Ресурстар:

Жайлы әуен




Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуларын және оқу құралдарын тексеру.








Үй тапсырмасын тексеру.
Тақырып: 34-беттегі сұрақтартарға жауап беру

1. Мына сөйлемдерді толықтырыңдар. Нәруыз молекуласы күрделі___________ жатады. Нәруыз мономерінің рөлін____________атқарады, оның молекуласына_______________ атомдары кіреді.





Нәруыздың қасиеттері.

Нәруыз әр түрлі қасиеттермен ерекшеленеді. Сол қасиеттердің бірі нәруыздың суда ерігіштігінің әр түрлі дәрежеде болуы. Нәруыздардың көбісі суда жақсы, кейбіреулері нашар ериді, ал кейбір нәруыздар ерімейді.


Ішкі интеграция: адамның бойында кездесетін касиеттерді осы нәруыздың касиеттерімен байланыстыруға болады. Адамның мінезімен сәйкестіруге болады. Мінезі қатты. Кейбір адамдар өзінің ойын тура айтып салады, ал кейбір адамның көңіліне қарайды. Мінезі жұмсақ.

Нәруыздың екінші бір қасиеті − сыртқы орта жағдайларының әсеріне төзімділігі біркелкі болмайтындығында.


Ішкі интеграция:адамдардың өмірдегі киын жағдайларға төзе білуі менен байланыстыруға бола ма? Жасөспірімдердің жағымсыз топқа еріп кетуі.
Нәруыз молекуласының тағы бір қасиетіне оның әр түрлі әсерлерден табиғи құрылымының өзгеруі жатады. Бұл құбылысты денатурация деп атайды.

Ішкі интеграция: Эмоция — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

Нәруыздың қызметтері.



Нәруыздың организм тіршілігіндегі маңызы өте зор болғандықтан алуан түрлі қызмет атқарады.

Ол: құрылыс, тасымалдау, қозғалыс, қорғаныштық, энергетикалық қызметтері. Осы барлық нәруыздың қызметтері организмді әртүрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер жануарлардың немесе адамның организміне зиянды нәруыздар (токсиндер) енетін болса, оған қарсы тұратын ерекше нәруыздар – антиденелер түзіледі. Антиденелер бөгде денелермен күресіп денені зарарсыздандырады. Осыған байланысты көптеген жұқпалы аурулармен ауырғаннан кейін организмде қорғаныш антиденелер түзіледі.соның нәтижесінде, қандай да бір жұқпалы аурумен ауырғаннан кейін организмде иммунитет пайда болады.

Құрылыс қызметі – Жасуша мен цитоплазма органоидтерінің мембраналары нәруыз молекуласынан тұрады.

Тасымалдауқызметі – мысалы, қанның құрамындағыгемоглабин нәруыздар өкпеден сіңіріп алған оттекті дененің барлық ұлпалары мен мүшелеріне тасымалдап.

Қозғалыс қызметі –организмнің қорғаныс қызметіне бұлшық еттің талшығы мен ұлпалардың түрлі жиырылғыштық жүйесіне әсер ететін арнайы нәруыздар қатысады.

Энергетикалық қызметі. Нәруыздар жасушаның ішіндегі протоплазманың қозғалысына әсер етеді.



Қорғаныш қызметі. Нәруыздар организмді түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер жануарлардың немесе адамның организміне зиянды нәруыздар енетін болса, оған қарсы тұратын ерекше нәруыздар − антиденелер түзіледі.

Ішкі интеграция:Нәруіздің негізгі қызметтерін жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстыруға болады.

Құрылыс қызметі – ол ақиқат.

Тасымалдау қызметі – сүйіспеншілік өзінің мейіріділігін, жылулығын басқа адамдарға тасымалдау.

Қозғалыс қызметі – дұрыс әрекет.Егер адам бойынша ақиқат, сүйіспеншілік дұрыс тарас, онда онда адамның іс – әрекеті дұрыс болады.

Энергетикалық қызметі – ішкі тынышытық. Адамның ішкі әлемінде тыныштық болса, онда оның энергетикасыда жақсы жағымды болады.

Қорғаныш қызметі – қиянат жасамау.Өзін жағымсыз әрекеттер корғау, сонымен қатар басқаларға қиянат жасамау.
Ішкі интеграция: нәруыздың бес қызметі бір-бірімен қаншалықты тығыз байланыста болса, адамзат бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарда өте тығыз байланыста. Егер біздің бойымызда сүйіспеншілік, адамгершілік сияқты қасиеттеріміз бен құндылықтарымыз дамымаса, онда біз толыққанды тұлға бола алмаймыз, біз қатыгез, қайырымсыз болып жан дүниеміз зардап шегеді.
Дәйексөз.

Қиянат жасамау шексіз сүйіспеншілікті білдіреді, өз кезегінде шексіз жанашырлықты білдіреді.


(Махатма Ганди)
(Оқушылар дәйексөзді ұлдар, кейін қыздар хормен айтады)

Дәйексөзді қалай түсінесіз?




Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар жұппен жұмыс жасайды.

«Нәруыздардың қасиеттерін постерға салу».





Бағалау

Үй тапсырмасы

Оқулықтың 43 бетіндегі 7 параграф: сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.






Соңғы тыныштық сәті.

Баяу музыка қосылады.



Балалар, бүгінгі сабақта айтылған жақсы қасиеттерді жүректеріңізге сақтаңыздар. Сабақ аяқталды. Сау болыңыз.




Каталог: uploads -> doc -> 0026
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0026 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және
0026 -> Қазақ халқының ойындары «Аламан бәйге»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет