Бағдарлама төмендегідей жалпыадамзатты құндылықтарға негізделген - Ақиқат - адамның обьективтік өмір шындығын дұрыс, дәл бейнелеуін, оның санаға өмірде қандай болса, сондай күйінде түсіру.
- Сүйіспеншілік – дүниені өзгертуге бейім, өмір беруші және демеуші қуатты энергия.
- Дұрыс іс-әрекет – жүректен шығып, сөз ретінде бейнеленетін және іс-жүзінде қолданылатын құндылық.
- Қиянат жасамау – басқаларға зиян келтірмей өмір сүру.
- Ішкі тыныштық – адам ақиқатты түсініп, сүйіспеншілкпен дұрыс әрекет жасағанда ғана жан тыныштығын табады.
Өзін-өзі тану пәнінің жаңалығы: - Біріншіден, рухани-адамгершілік білім беру мазмұнын жаратылыстану және гуманитарлық пәндермен интеграциялануы;
- Екіншіден, теорияны тәжірибеде пайдалануда жалпыадамзаттық құндылықтарға негіздей отырып, өмірлік дағды қалыптастырылуы;
- Үшіншіден, жанды білім беру айтыла салып ұмытып қалатын емес, санада сақтап, көңілге түйіп алатындай жағдай жасалуы;
- Төртіншіден, мектепте және орта арнайы оқу орындары мен ЖОО-да өткізілетін сабақтардың құрылымдық - мазмұнының өзгеруі және тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланылуы;
- Бесіншіден, оқу - әдістемелік құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың, студенттердің шығармашылықпен әрекет етуіне жағдай жасалуы (Сократ әдісі, ғибратты әңгімелер, ғұламалар өмірі мен еңбектерін үлгі ету, аңыз әңгімелер, оқиға айту, бейне көрністерді талдау, эссе жазу, “ұстазға хат”, ғылыми жоба қорғау, шығармашылық тапсырмаларды орындау т.б.);
- Алтыншыдан, сабақтардың формасын жаңаша бағытта құру: шеберлік сыныптары, дөңгелек үстел, пікір сайыс, “Таңшолпан”, “Қызық екен”, “Ғажайыптар алаңы” т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |