Сабақтың мақсаты: Өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы дұрыс әрекет жасау.
Міндеттері:
* Жақсы әдеттің маңыздылығы туралы түсінік беру.
* Оқушылардың адами қасиеттерің дамыту.
* Сенімділікке тәрбиелеу.Өмірге жақсы көзқараспен қарауға,
қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.
|
Ресурстаринтербелсенді тақта
|
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Жайлап, жақсылап отырыңыздар. Арқаларыңызды түзу ұстаңыздар. Аяқ, қолдарыңызды айқастырмай, тізеге немесе үстел үстіне қоюға болады. Денеңізді бос ұстап, көзіңізді жұмыңыз.
Нұр сіздің төбеіңізден кіріп, денеңіздің ортасына қарай жылжып барады деп ойлаңыз. Кеудеңіздің ортасында гүл шоғы бар. Күннің жылуымен кеудеңіздегі гүл шоғының күлтелері бір- бірден ашыла бастайды. Сіздің жүрегіңізде әдемі, керемет гүл әр сезіміңіз бен тілегіңізді орындай гүлдей түседі.
Нұр біртіндеп түгел денеңізге жайылып жатқандай. Ойша осы нұрды қолдарыңызға таратыңыз. Сіздің қолдарыңыз нұрланып, тазарды. Енді қолдарыңыз тек жақсы, игі істер ғана жасап, баршаға көмектеседі. Нұр біртіндеп сіздің аяқтарыңызға тарап жатыр, аяқтарыңыз нұрланып, тазара түсті. Енді сіздің аяқтарыңыз тек жақсы қадамдар жасап, жақсы жерлерге игі істер жасайтын жерлерге ғана апарады. Олар нұр мен сүйіспеншіліктің құралы болады. Нұр сіздің аузыңыз бен тіліңізге де жетті. Тіліңіз шындық пен мейірімді сөздер ғана айтатын болады. Енді нұрды ойша құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз жақсы сөздер естіп, тамаша әуендерді еститін болады. Басыңыз жап- жарық болғандай, ол тек жақсы ойлар ғана ойлайды.
Нұр кеңейіп, сіздің денеңізден асып шықты, осы нұрды барлық туған- туысқандарыңызға, ұстаздарыңыз бен достарыңызға, таныстырыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша ренжісіп қалған таныстырыңызға да бағыттаңыз. Нұр мен жылу олардың жүрегін толтырсын. Осы нұр барлық жер бетіне тарасын, ол жан- жануарлар, өсімдіктерге де жетіп, оларды оларды өзө жылуымен баурасын. «Ойша, Мен.. НҰРМЫН, НҰР МЕНІҢ ІШІМДЕ. Осындай нұрлы, сүйіспеншілік, тыныштық жағдайда сәл болыңыз».
Енді нұрды қайтадан өз жүрегіңізге салып қойыңыз. Нұрланған барша әлем сіздің жүрегіңізде. Жүрегіңізді осы тамаша жағдайда сақтаңыз. Біртіндеп көздеріңізді ашыңыздар. Рахмет
|
|