Өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар



Дата08.02.2022
өлшемі13,14 Kb.
#120252
Байланысты:
есептер
2 Массалар центрі.Тепе-теңдік түрлері 10 сынып, Жансаяя, 18. Дидактикалық материал. Қосымша 3. Нұсқа 1 docx., « аза стан тарихы» п нінен то санды жиынты ба алау спецификаци, « аза стан тарихы» п нінен то санды жиынты ба алау спецификаци, « аза стан тарихы» п нінен то санды жиынты ба алау спецификаци, Ашық сабақ 24.11.2021, 4.1

Өзіндік жұмыс үшін тапсырмалар
1. ДНҚ-ның бір тізбегінің фрагментінде нуклеотидтер келесі ретпен орналасқан: А–А–Г–Т–Ц–Т–А–Ц–Г–Т-А-Т. ДНҚ-ның осы фрагменттегі барлық нуклеотидтердің пайыздық мөлшері мен геннің ұзындығын анықтаңыз.
2. ДНҚ-ның бір тізбегінің фрагментінде нуклеотидтер келесі тәртіпте орналасқан: Г-Г-Ц-Ц-А-Т-Т-Т-Г-Ц-А-Т-А-Ц-Г-Т-... ДНҚ екінші тізбегінің құрылымын және осы ДНҚ фрагментінің ұзындығын анықтаңыз.
3. ДНҚ бірінші тізбегінің фрагменті келесі нуклеотидтік құрамнан тұрады:
Г-Г-Г-Ц-А-Т-А-Ц-Г-Ц-Т. ДНҚ молекуласының осы фрагментінің ұзындығы қандай? Осы фрагменттегі әрбір нуклеотидтің пайыздық мөлшерін анықтаңыз.
4. ДНҚ молекуласында цитозин нуклеотиді, нуклеотидтердің жалпы санының 20% құрайды. Осы молекуладағы нуклеотидтердің қанша түрі бар екенін анықтаңыз.
5. ДНҚ молекуласында тиминді нуклеотид жалпы нуклеотидтер санының 10% құрайды. Нуклеотидтердің басқа түрлерінің пайыздық құрамын анықтаңыз.
6. Қарағай ағашы ұрығының ДНҚ-сында аденин жалпы нуклеотидтер санының 21% құрайды. ДНҚ молекуласындағы тиминнің, цитозиннің және гуанин нуклеотидтерінің құрамын (%- бен) анықтаңыз.
7. Бір ДНҚ молекуласында цитозин жалпы нуклеотидтер санының 11% құрайды. ДНҚ молекуласындағы басқа нуклеотидтердің санын (%- бен) анықтаңыз.
8. ДНҚ молекуласының фрагментінде, 300 гуанинді нуклеотидтер орналасқан, олар нуклеотидтердің жалпы санының 20% құрайды. Олай болса, қанша аденин, тимин және цитозиндік нуклеотидтер бар (жеке-жеке)
ДНҚ молекуласының бұл фрагментінде? ДНҚ фрагментінің ұзындығы қандай?
9. ДНҚ фрагментінің ұзындығын анықтаңыз, егер оның тізбегінде 350 гуанинді және 300 тиминді нуклеотидтер болса.
10. ДНҚ молекуласында 1250 тиминдік нуклеотидтер бар, бұл жалпы нуклеотидтер санының 20% құрайды. ДНҚ молекуласында жеке аденинді, цитозинді және гуанинді қанша нуклеотидтер бар екенін анықтаңыз. Есептің шешімін түсіндіріңіз.
11.ДНҚ молекуласының бөлігі келесі құрылымға ие: ЦЦАТТАГГЦААГГТЦГТАТ. ДНҚ екінші тізбегінің құрылымын және ДНҚ молекуласындағы үш сутекті байланыстардың санын анықтаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет