Аминқышқылдар - молекуласында амин (~NH2) және карбоксил (-СООН) топтары бар органикалық қосылыстар:
H2N-CH2-COOH (аминсірке қышқылы (глицин))
Аминқышкылдарын радикалындағы сутек атомдары амин тобына алмасқан карбон қышқылдарының туындылары ретінде қарастыруға болады. Кейбір аминқышқылдарының құрамында екі аминтобы, гидроксил тобы, тиол тобы — SH, екі карбоксил тобы болады. Амин қышқылдарының жалпы формуласы:
Құрамында әр түрлі функционалды топтары болғандықтан, аминқышқылдары гетерофункционалдықосылыстарға жатады. Аминқышқылдары табиғатта көп таралған: ақуыздардың, пептидтердің және т.б. физиологиялық белсенді қосылыстардың кұрамына кіреді және бос күйінде де кездеседі.. Амин қышқылдарын көбінесе тривиалды (шығу тегі бойынша) атаумен айтады. Құрылысы. Бұл қосылыстардың құрылысы олардың атауларында бейнеленген. Олар көмірсутек радикалында амин тобы бар карбон қышқылдары болып табылады. Амин қышқылдарының молекуласындағы екі функционалдық топ бір-бірімен салыстырғанда әр түрлі орналасуы мүмкін, мысалы:
Ақуыз құрылысында молекуласындағы карбоксил тобы мен амин тобы өте жақын орналасқан α – аминқышқылдары ғана болатынын айта кету керек.
Табиғатта амин қышқылдарының L және D стереоизомерлері кездеседі.
Мысалы: NH2СН2СООН– глицин. Сонымен қатар, амин қышқылдарын атау үшін сәйкес карбон қышқылының атына «амин» деген сөз қосып, амин тобының орнын грек алфавитімен көрсетіп атайды. Мысалы: