Алу жолдары I. α- амин қышқылдарын алу 1. Хлор алмасқан қышқылдарға аммиакпен әсер етіп: NH3 + СlСН2СООН → НСl +NH2СН2СООН
2. Альдегидтерге аммиак және циан қышқылымен әрекет етіп (Штрекер реакциясы):
3. Ақуыздардың гидролизі нәтижесінде 25 әр түрлі аминқышқылдары алынады. II. β- амин қышқылдарын алу 1. Қанықпаған қышқылдарға аммиак қосып, катализатор қатысында
2. Малон қышқылынан алу (В.М. Родионов реакциясы): СН3СНО + СН2(СООН)2 + NH3 → СН3СНNH2CН2 СOOH + Н2О + СО2 Қолданылуы. Ағзадағы ақуыздарды түзу үшін қажет амин қышқылдарын адам және жануарлар тағам құрамындағы ақуыздан алады. Алайда, бұл мақсат үшін, амин қышқылдары тікелей қолданылуы мүмкін. Оларды ауру адамға ауыр операциядан соң, әлсіреген кезде береді. Аминқышқылдары кейбір ауруларда (мысалы, жүйке ауруында – глутамин қышқылы, асқазан жарасында – гистидин) емдік зат ретінде қолданылады.
Биологиялық рөлі
Аминқышқылдары ақуыздар түзетін құрылымдық, химиялық бірліктер немесе «құрылыс кірпішіктері» болып табылады. Аминқышқылдарының құрамында 16% азот бар, бұл басқаша екіншілік тамақатану элементтері болып табылатын көміртектер мен майлардан құралған негізгі химиялық айырмашылық. Амин қышқылдарының организмдегі маңыздылығы ақуыздардың барлық өмірлік процестердегі үлкен рөлімен анықталады. Ең ірі жануардан, ең кіші микробқа дейінгі ағзалар ақуыздардан тұрады. Ақуыздардың неше түрлі формалары тірі ағзадағы болып жатқан барлық процестерге қатысады. Адам денесінде ақуыздардан бұлшықеттер, сіңірлер, барлық мүшелер және шаш, тырнақтар қалыптасады; ақуыздар сұйықтықтар мен сүйектің құрамына кіреді.Ағзадағы барлық процестерді тездететін және реттейтін ферменттер мен гормондар да ақуыздар болып табылады.
Ағзада ақуыздың аздығы ісікке шалдықтыратын су балансының бұзылуына әкеліп соқтырады. Ағзадағы әрбір ақуыз қайталанбас және арнайы мақсаттар үшін өмір сүреді. Ақуыздар өзара алмастырылмайды. Олар ағзада тамақ өнімдеріндегі ақуыздардың ыдырауы кезінде пайда болатын амин қышқылдарынан синтезделеді. Бұдан келе ақуыздардың өзі емес, дәл аминқышқылдары тамақтанудағы құнды элемент болатынын түсінеміз.Аминқышқылдары адам ағзасының мүшелері мен құрамына кіретін ақуыздарды тудырумен қоса, олардың кейбіреулері неймедиаторлар (нейтротрансмиттерлер) рөлін атқарады. Нейромедиаторлар дегеніміз – жүйке импульсын бір клеткасынан екіншісіне беріп жіберетін химиялық заттар. Бұдан түсінгеніміз, кейбір амин қышқылдары бас миының қалыпты жұмыс істеуіне қажет. Аминқышқылдары дәрумендердің және минералдардың өздерінің функцияларын дұрыс орынауына әсер етеді. Кейбір аминқышқылдары бұлшықеттерінің терісін энергиямен тікелей қамтамасыз етеді.
Альфа аминқышқылдарының биологиялық рөлі
Альфа аминқышқылдары азот алмасуында маңызды орын алады. Олардың көпшілігі медициналық тәжірибеде тін алмасуына әсер ететін дәрі ретінде қолданылады.Сонымен, глутамин қышқылы орталық жүйке жүйесінің ауруларын емдеу үшін, метионин және гистидин – бауыр ауруларын, цистеин-көз ауруларын емдеу және алдын-алу үшін қолданылады. Жануарлар ағзасы үшін альфа-аминқышқылдарының негізгі көзі-тағамдық ақуыздар.Көптеген альфа-аминқышқылдары организмде синтезделеді, ал ақуыздарды синтездеуге қажетті кейбір Альфа-аминқышқылдары организмде синтезделмейді және сырттан, тамақпен бірге келуі керек. Мұндай аминқышқылдары маңызды деп аталады.