Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар.
Түбір мен қосымша тақырыбы бойынша
1-жаттығу. Жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қойып жаз.
Сурет (-шы, -ші), дәрі (-хана, -қана), өнер (-лы, -лі),
қала (-лық, -лік), дос (-тық, -тік)
2-жаттығу. Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.
Тоқымашы, іскер, тазалық, зергер, өнерлі, талапты.
Өзің қалаған үш сөзбен сөйлем құрастырып жаз.
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
... – асықпай, ойлап іс істейтін адам.
... – көпке жақсы үлгі таратушы.
... – бүкіл елге сыйлы, белгілі.
Керекті сөздер: атақты, өнегелі, сабырлы.
Көп нүктенің орнына жазған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.
Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар.
Түбір мен қосымша тақырыбы бойынша