1-жаттығу. Жақша ішіндегі қосымшалардың тиістісін қойып жаз.
Сурет (-шы, -ші), дәрі (-хана, -қана) , өнер (-лы, -лі), қала (-лық, -лік), дос (-тық, -тік)
2-жаттығу. Берілген сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.
Тоқымашы, іскер, тазалық, зергер, өнерлі, талапты.
Өзің қалаған үш сөзбен сөйлем құрастырып жаз.
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
... – асықпай, ойлап іс істейтін адам.
... – көпке жақсы үлгі таратушы.
... – бүкіл елге сыйлы, белгілі.
Керекті сөздер: атақты, өнегелі, сабырлы.
Көп нүктенің орнына жазған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.
Жұптық жұмысқа арналған тапсырмалар.
Жұрнақ тақырыбы бойынша
1-жаттығу. Берілген сөздерге жұрнақтар қосып жаз және түбір мен жұрнақтарды белгілерімен көрсет.
ас – аспаз сурет – суретші
ән - ... заң - ...
күй - ... сәулет - ...
жылқы - ... зер - ...
Достарыңызбен бөлісу: |