Психологияның төменгі деңгейі-санасыздық деп аталады. Санасыздық ақиқатты бейнелегенде жасаған әрекеті үшін есеп берілмеуі. Сана мен санасыздықты бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. Санасыздық-сана сияқты адамның психикалық көрінісі. Ол қоғамдық жағдайлармен негізделген. Мысалы: Адамның түс көруі, психикалық ауруға шалдыққан адамның әрекеті, жаңылыс айтылған сөздер, мұңға бату.
Сананың бұзылуы (ауытқуы және өшуі) Сананың бұзылулары көбінесе психикалық ауруларда кездеседі. Психикалық аурулардан басқа сана бұзылулары бас ми жарақаттарында, улануларда, психикалық жарақаттарда, жоғары дене қызуымен байқалатын инфекциялық ауруларда байқалады. Сананың бұзылуы бірнеше секундтан, апта, айларға дейін созылуы мүмкін.
Сананың бұзылуының ең басты белгілерінің бірі-болып жатқан құбылысты қабылдаудың өзгеруі. Науқас санасының бұзылуы жағдайында орын мен уақыттағы және жағдайдағы дезориентировка (бейімделмеуі) көрініс береді. Олар айналада не болып жатқанын түсінбейді. Науқас бір уақытта екі жағдайда тұрған кезде екі ориентировка (бейімделу) туады. Мұндай адамдар екі мақсатты болады. Екі ориентировка кейде жағымды және жағымсыз егіздердің симптомдарының қобалжуымен сипатталады.