П.3: Түркілер өркениеті және Ұлы жібек жолы. - 1 с.
Көшпелілер («қала-дала» жүйесі) және отырықшылар: екі шаруашылық-мәдени типтерінің өзара қарым-қатынасы. Қалалар мен қоныстар – әскери-әкімшілік, мәдени, сауда мен қолөнер орталықтары ретінде. Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалалық мәдениетінің гүлденуі. Ұлы жібек жолындағы қазақстандық трассалар. Ақша айналымы. Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуір мен ортағасырдағы маңызы.
(Орхон-Енисей (руникалық) жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде. Ежелгі нанымдар мен культтер, буддизмнің таралуы, несторианизм, манихейизм және Жібек жолындағы басқа да автохтонды діндер. Түркі әлемінің исламға кірігу жолдары мен формалары. Түркі-ислам синтезінің қалыптасуындағы Қожа Ахмет Ясауи сопылық мектебінің рөлі. Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүр. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Ясауи шығармаларының әлемдік маңызы.
П. 4: Жәнібек пен Керей сұлтандардың көшіп кетуі (1457 ж.). - 1 с.
Ноғай ордасы. Аумағы және этникалық құрамы. Ноғай Ордасының билеушілері. Би және мырза лауазымдары. Ноғай Ордасының көршілес мемлекеттермен өзара қарым-қатынасы. Ноғай Ордасындағы саяси дағдарыстар, мемлекеттің ыдырауы мен құлауы.
Сібір хандығы (XV ғ. соңы – XVI ғ.). Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы. Аумағы, этникалық құрамы, шаруашылығы. Сібір хандығының құлауы.
Алтын Орда дәуірінің мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының өркендеуі, Алтын Орданың империялық кезеңіндегі Дешті Қыпшақтың мәдени даму деңгейі туралы жаңа археологиялық ашылымдар.
.
П. 5: Қазақ хандығының қайта өрлеуі - 1 с.
Хақназар ханның билігі. Қазақ-ноғай қатынастары. Қазақ хандығы және Мәуереннахрдағы Шайбанидтер. Қазақ хандарының Бұхара мен Сібір хандығының одағына қарсы күресі. Хақназар ханның қаза табуы. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты. Мәуереннахр аумағына жорықтардың нәтижелері. Қазақ халқының этникалық аумағы қалыптасуының аяқталуы.
Достарыңызбен бөлісу: |