П.8: Қазақстан Ресейдің саясаты жағдайында- 1 с. Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары. Бөкей ханның билігі. Жәңгір хан билігінің сипаттамасы: жерге иелік ету мен жер пайдаланудың жаңа нысандары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты. Хан билігінің жойылуы және Ішкі Орданы басқару жөніндегі Уақытша кеңестің құрылуы. Басқарушы Әділ Бөкейханұлы. Уақытша кеңестің қайта құрылуы. Жаңа әкімшілік-аумақтық құрылымдардың құрылуы: Приморск округтері, Қалмақ, Торғын, Тал, Қамысты-Самар, Нарын аймақтары. Ішкі Ордадағы билеуші сұлтандар институты. Жер мәселесі Шекара сызығының салынуы, жерді тартып алу. Әскери казак отары: Орал, Орынбор, Сібір казак әскерлері. Казактар табы және оның мәртебесі.
ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі. Орыс шаруаларын Қазақстанға қоныстандыру туралы уақытша ережелер. Орыс шаруаларынҚазақстан аймақтарына орналастыру ерекшеліктері. Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы. Қоныс аударушылардың кәсіптері және олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қауымдық жерлердің иеліктен шығарылуы және оның қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына әсері. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері. Көшпелі қазақ ауылының егіншілікке көшу үдерісі. Жатақтық.ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық сипаттамасы. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы көші-қон саясаты және столыпиндік жаңғырту. Ауыл тұрғындары мен егінші мещандарды қоныстандыру туралы уақытша ереже (1904 ж.). Қазақстанда көпұлтты қоғамның қалыптасуы.