П қалды. Пролетариат жазушылары қауымдастығының көсем


«Ақ жол» газетіне менің қатысым аз, тек бір-ақ рет «Кім кінәлі» атты әңгімемді жариялады. Мен негізінен «Шолпан» журналында қызмет істедім



бет3/6
Дата07.02.2017
өлшемі1,36 Mb.
#8899
1   2   3   4   5   6

«Ақ жол» газетіне менің қатысым аз, тек бір-ақ рет «Кім кінәлі» атты әңгімемді жариялады. Мен негізінен «Шолпан» журналында қызмет істедім.

Ә.Байділдин (жалғасы): «Х патсьезге арнап Байтұрсынов ұлт мәселесі жөнінде бағдарлама жазды. Байтұрсынов жасаған платформаның көшірмесі менің қолыма түсті, олар мұны ұлтшылдар мен коммунистердің арасына таратты. Бұл құжаттың көшірмесі өзге документтермен бірге Орал қаласында жоғалып кетті. Байтұрсынов жазған бұл платформаны маған не Сәдуақасов, не Әуезов берді. Платформаны жазған сол кездегі партия мүшесі Байтұрсынов. Маған, Байділдинге берілген жоғарыда айтылған құжатқа Сәдуақасовтың, Бөкейхановтың, Досовтың, Әшімовтің, Омаровтың және Байтұрсыновтың қолы қойылған болатын. Мендегі тура сол құжаттың көшірмесі еді. Бұл құжат партиялық ұстанымдарға қарама-қайшы келетін, ол құжат партия және кеңес құрылымында ұлттық көзқарасты жүзеге асыруға бағытталған. Кеңестердің екінші құрылтайы кезіндегі қазақ өкілдерінің алдында жасаған Әуезовтің баяндамасы осы платформаның негіне құрылды. Ташкенттен Иса Тоқтабаев пен Бариев деген біреу келді. Рысқұлов өзінің ұлт мәселесі жөніндегі тезистерін тықпалап жүргені есімде. ХІ немесе ХІІ партия сьезінің қарсаңындағы Өлкелік комитеттегі мәжілісте ол осы тезистерінің негізінде сөйледі. ІІ партконференцияда менің де сөйлегенім есімде, менің сөзімді Авдеев Рысқұловтың жылжымалы тезисі деп бағалады. Бұл тезистер басшылыққа алу үшін партия мүшелеріне таратылып берілді. Тоқжігітов, Орымбаев, Ыдырыс Мұстамбаев, Мұхтар Әуезов және Аймауытов алашордашылардың нұсқауы бойынша коммунист болды. Ол кандидатуралар Семейде талқыланды. Ол туралы маған Нахимжанов айтты. Қазақтардың астыртын ұйымы қазір де жұмыс істейтін болуы керек, бірақ мен олармен 1923 жылдан бастап байланысымда үздім» деп көрсетті.

Ә.Байділдин (жалғасы): «Менің бұл мақалам сол кезде Орынборда тұратын алашордашылардың ренішін туғызды. Олар менен дәл осындай мақаланы күтпеген тәрізді. Ол аздай, менің бұл мақалам өзімнің коммунист жолдасым, жауапты қызметкер Әуезовтің де наразылығын тудырды. Газет шыққан күні ол мені шақырып алды да жеріме жете ұрысты (ІІІ том.175-бет) . Ол менен: «Неге газеттің жауапты редакторына №1 санның материалдарын көрсетпедің, неге келіспедің, өзіңнің мақалаңды алдын-ала маған неге оқытпадың, бұл мақалада сен неге Қазан Төңкерісін жөн-жосықсыз даурыға “жасасындатқансың”, “Алашорданы” жамандап нең бар еді, – деп ұрысты да, түсініктеме беруімді талап етті. Ол бұған қоса: бұл мақалада айтылғандардың бәрі де құр көкмылжың қызыл сөз. Егерде “Алашорданың” атына қатысты тағы да осындай пікір білдіретін болсаң, онда сені редакция алқасының мүшелігінен шығаруды талап етемін, не өзім кетемін, мұндай газетте жұмыс істей алмаймын», деді».

М.Әуезов (жалғасы): «Мен 1921 жылдың аяғында «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болып тағайындалдым. Бірақ орнығып істегемін жоқ. Барлық жұмысты Байділдин жүргізді. Іс жүзіндегі редактор сол болды, қызметкерлерді де өзі жұмысқа алды. Газетте сондай сұрықсыз, әдеби тұрғыдан алғанда ешқандай сын көтермейтін дүмбілез мақалалар жарияланып жатты. Онымен ешқандай да принципті әңгіме болған жоқ, мен оған газеттің техникалық тұрғыдан нашарлап кеткенін, газетті өзінің ойы таяз, мән-мағынасыз шұбалаңқы мақалаларымен толтыра беретінін сынадым. Орнығып жұмыс істемегендіктен де өзімнің редакциядағы қызметтен кететінімді мәлімдедім.



Ұлтшылдық туралы мәселеге келсем, оның (Байділдиннің – Т.Ж.) мені жазғыратындай ешқандай айғағы жоқ, болуы да мүмкін емес. Өйткені оның өзі барып тұрған ұлтшыл болатын. Газетте жүргенде ұлтшылдық туралы онымен пікір алысатындай қажеттілік туған жоқ. Қазақ қызметкерлерінің мәжілісі 1921 жылы ІІ кеңес құрылтайынан кейін өтті. Құрылтай өткен залға барлық қазақ комунистері жиналды. Семейден сайланған өкілдердің тапсыруы бойынша Сәдуақасовты ақтап алу туралы мәселе қойдым. Семейге барған кезінде губернияны Қазақстанға қосу барысында жүргізген саясаты мен көрсеткен мінезі үшін ұлтшыл ретінде айып тағылды (Қазақстанның құрамына өтуден бас тартып, уақытты соза берген Ежов бастатқан губком мүшелерін тарқатып, төрағалық міндетті бір айдан астам уақыт бойы өзі атқарды, басқару жүйесі толықтай Қазақ өлкесінің қарамағына көшкен соң орнына Мұхтар Әуезовті қойып өзі Орынборға қайтқан болатын. Мұны кешіре алмаған «коммунист колонизаторлар» (Смағұл Сәдуақасовтың сол мәжілісте қолданған саяси термині) құрылтай кезінде қатты сынға алып, оған орталықтан арнайы нұсқау келгенше барлық жұмыстан уақытша шеттетілген болатын – Т.Ж.).

Бірақ оның бұл ұлтшылдығы Семей губерниясындағы отаршылдық өктемдіктің жанында жай ғана көлеңке сияқты еді, қазақ тұрғындарымен ешқашан санасып жұмыс істелген жоқ. Жиналыста отаршылдықпен күрес туралы мәселені өз басым күн тәртібіне қойғамын жоқ.

Байділдин өзін партияның жолына түскен адам ретінде көрсетуге тырысқаннан бастап барлық жерде мені өзінің сыни нысанасы етіп таңдап алды. Әсіресе баспасөз бетінде қатты белсенділік көрсетті. Өзінің сөздерінде шешендікке салып, тұрпайы марксизмді жамылып, жала жабуға көшті. Ол тіпті: «Қаракөз» пьесасына силықты Сәдуақасовтың жең ұшынан жалғасуымен алды – деп те жазды. Ал нағында силық арнайы құрылған сынақ комиссияның шешімімен берілді. Мұны Байділдиннің өзі де жақсы біледі. Ал баспасөзде дерексіз жала жабылды. Мұндай жаланы ол өзінің қызметтегі беделін өсіру үшін пайдалануға тырысты, газеттер мен журналдардың үстінен қарайтын оның жалғыз өзі екендігін көрсетіп қалуға ұмтылды.

Байділдиннің «Алқа» туралы берген көрсетіндісі дұрыс, әдеби үйірмені принципті түрде қолдағанымды бұрынғы түсінігімде жазған болатынмын. Мен Жұмабаевқа бір-ақ рет хат жаздым, астыртын ұйым туралы ештеңе естігемін жоқ.

Партияның Х сьезіне арналып Байтұрсынов жасаған ұлтшылдардың көзқарасын білдіретін баяндама туралы ештеңе де білмеймін, Байділдин маған ешқандай мәлімет берген жоқ. Байділдиннің көрсетіндісіндегі: мен және басқалар «Алашорданың» тапсырмасымен коммунист атанды – деуі шындыққа жатпайды. Өйткені бұрынғы алашордашылардың бізге ешқандай ықпалы болған емес. Мен партияға губкомның қызметкері Кожевник пен ...дің кеңесімен және кепілдік беруімен өттім. Менің партияға өтуім соған дейін Колчакқа қарсы жүргізген астыртын жұмысыммен тікелей жалғасып жатты.

Ұлттық белгісіне орай Шығыс өлкелік партия комитетін құру туралы ұсынысы жөнінде ештеңе білмеймін. Орынборда өткен өлкелік комитеттің кеңейтілген мәжілісінде Рысқұловтың сөйлеген сөзін естідім. Алайда онда Күншығыс коммунистік партиясын құру туралы мәселе көтерілген жоқ. Ол мәселе жөнінде өз басым жарыссөзге шыққамын жоқ.

Қалған сұрақтар бойынша бұрынғы берілген жауаптарымды мақұлдаймын. Қазақ ұлтшылдарының ұйымына мүше болған емеспін және ұлтшылдық бағдарлама менде болған емес. Ғылыми марксизмді және кеңес құрылысын оқығаннан кейін артта қалған елдер үшін кеңес жүйесі бірден-бір ынталы құрылым екеніне көзім жетті. Менің көзқарасым түбірімен өзгерді, педагогикалық және оқытушылық қызметім тек маркстік көзқарасқа негізделді.

Хаттама маған оқылып берді (Әуезов. Қолы).

Жауап алған Попов».

Тергеудің бұл хаттамасы машинкаға басылған. Бұл өте сирек кездесетін жай.

Ендi Мұхтардың соңғы жауабына келейiк. Бізге салса, оның бұл қорытынды жауабында үлкен кілтипан бар. Әсіресе, «Алашорда» үкіметі мен Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Заки Валидов тұрғысындағы жауаптарында тарихи деректермен тоғыспайтын тұстар мен пайымдаулар, өмірлік шындықтар бар. Қалай жоққа шығаруға тырысқанымен де, Мұхтар Әуезовтің осы үш тұлғамен де астыртын байланысы болғаны анық. Сонымен, Мұхтардың Орта Азиядағы басмашылар қозғалысының басшысы болғаны, Англиямен, Түркиямен астыртын байланыс жасап, қазақ даласында қарулы көтерiлiс ұйымдастырмақ болғаны рас па, жоқ па?



Әрине, Мұхтар мұны өзiне тағылатын айып анықталып, тоғыз ай түрменiң дәмән татып, тұтқын есебiнде тәжiрибе жинақтап, тергеушiлерге жонын алдырмайтындай дәрежеге жетiп, ысылған кезiнде жазып отыр. Оның үстiне iсi де аяқталып келе жатқан. Біз тек Мұхтардың жеке басына қатысты тағылған айып пен оның көзқарас арнасына ғана тоқталамыз.

«О.Г.П.У.–дiң коллегиясына қазақ ұлтшылдарының қылмысты iсi бойынша тұтқынға алынған Мұхтар Әуезовтiң мәлімдемесі

«Айыптау статьялары қайтадан өзгертiлiп (переквалификация статей) көрсетiлген соңғы жолғы маған тағылған кiнә бойынша, мен: 1) ұлтшыл Байтұрсынов пен Бөкейхановтың, тiкелей нұсқауымен кеңес мекемелерi арқылы аты аталған адамдар жетекшiлiк ететiн контрреволюциялық астыртын ұйымның тапсырмасын жүзеге асыру үшiн қаскүнемдiк мақсатпен ВКП(б)-ның қатарына өтiппiн; сол мақсатпен отарлаушыларға (колонизаторством) қарсы күрестi желеу етiп өзiме пайдалы адамдарды кеңес мекемелерiне қызметке орналастырыппын; сондай – ақ - Байтұрсынов, Сәдуақасав, Досов және тағы басқалар дайындаған бағдарламаны 12 партсъезде өткiзiп жiберу үшiн мен Бүкiлқазақстандық ІІ – кеңес құрылтайна жиналған барлық қазақ өкiлдерiнiң басын қосып, мәжiлiс өткiзiппiн.

Бұл сұрақтардың барлығына орай мынаны мәлiмдеймiн: бұрынғы түсiнiктерiмде iшiнара атап өткенiмдей, менiң партия қатарына кiруiм туралы жоғарыдағы тағылған айып ешқандай шындыққа сай келмейдi, өйткенi менiң қоғамдық қызметiмнiң өзi партия қатарына өткеннен кейiн басталды деп есептеймiн. Өткен өмiрiмде iс жүзiнде де, идея жүзiнде де «Алашордамен» байланыс жасағаным жоқ, оның ешқандай мекемесiнде қызмет те iстегемiн жоқ. Жас болдым, бiлiм алдым. Керiсiнше, 1919 жылдың қараша айынан бастап қана Колчакқа қарсы астыртын ұйымның жұмысына араластым. Семей қаласындағы кеңестiк төңкерiс жүзеге асқан алғашқы күннен бастап мекеме жұмысын жөнге қоюға, кеңес өкiметiнiң мүддесi үшiн Семей қаласының оқушы қазақ жастары мен жұмысшыларын төңкерiс iсiне тартуға құлшына кiрiстiм. Қоғамдық қызметiмнiң жол басы болғандықтан да мен ол кезде жаныммен берiлiп, шын көңiлiммен, аса зор үмiтпен, жас адамға тән қызығушылықпен қызмет еттiм. Бiрақта өмiрлiк тәжiрибесi аз жас қызметкерге тән балаңдыққа байланысты, оның үстiне артта қалған ұлттық ортадан шыққандықтан да және өзiнiң идеясы үшiн табанды түрде күресетiн саяси дәстүрдiң үлгiсi болмағандықтан да еркiмдi көңiл-күйiме жеңдiрдiм. Сол тұста кеңiнен тараған өткен дәуiрдiң өктемдiгiнен – отаршылық пиғылынан арыла алмаған жергiлiктi партия қызметкерлерiнiң әрекетi менiң көңiлiмдi суытып, әптiгiмдi басты. Отаршылдық пиғыл бізді, оның iшiнде менiң iшiмдегi намысымды қоздырды, бiрақ ол жоспарлы түрде (ұлтшылдықты ешқашан да өмiрлiк мақсат етiп көрген емеспiн) қалыптасқан ұлтшылдық емес, тек көңiл-күйдiң әсерi ғана болатын. Бұл сезiмнiң билеп алғаны сондай, бұдан әрi менiң партия қатарында қалуыма мүмкiндiк бермедi. Көңiлдiң жетегiне ерiп өмiр сүрiп, өзiңдi сынайтын нағыз шағымды iстi таппағандықтан да бұдан әрi партия қатарында қалуым мүмкiн емес деп шештiм. Сол кезде ұлтшылдық бағыт ұстағаным және партиялық тәртiптi бұзғаным үшiн Қазақстан өлкелiк комитетi менi партиядан шығарды. Мен Орталық комитетке арыз жазып, партиялығымды қалпына келтiруiме болатын едi, ол кезде (партиядан 1922 жылы шығарды) аз ұлттың өкiлдерiне, оның iшiнде жастарға үлкен кешiрiммен қарағаны белгiлi, партиядан шығып қалған қазақтардың бiразы дерлiктей қайта қабылданды, солардың бiрi боп мен де сөзсiз қабылданатын едiм. Алайда мен өтiнiш бергемiн жоқ. Партииядан сырт қалдым. Сонда өз – өзiнен мынадай сұрақ туады: егерде мен ұлтшылдардың тапсырмасымен партияға кiрген болсам, сонда ол тапсырма 1922 жылы толық орындалып бiттi деп ойлауға бола ма? Керiсiнше, партияға жат пиғылмен кiргендер сол кезде де, одан кейiнгi жылдарда да партия қатарында қалып, әлгi тапсырманы одан әрi орындай беруге ұмтылмай ма» - деп жауап қайырған…»

Рас, Мұхтардың өзi түсiнiк бергенiндей, Колчак пен Анненковтiң әскерi Семей қаласын басып алған кезде қазақ зиялыларының астыртын әрекетке көшкенi, Мұхтар мен Әлiмхан Ермековтер шаhарда қалып, ақтарға қарсы күрес жүргiзгенi, кейбiреулерi қолға түсiп, оларды Семейдiң көпестерiнiң көмегi арқылы босатып алғаны, кеңес өкiметi орнасымен 1919 жылдың желтоқсанынан бастап қазақ бөлiмiнде қызмет атқарғаны шындық. Әлiмхан Ермековтiң естелiгi де, түрмедегi жауаптары да мұны толық дәлелдейдi. Дегенменде осы арада Мұхтардың өзі де мойындамаған бiр оқиға бар.

Бұрын жазушының өзi де, зерттеушiлер де жасырып келген бiр ақиқат – Мұхтардың «Алаш» партиясының жастар iсi жөнiндегi жауапты адамның бiрi болуы едi. «Алашорда» үкiметiнiң құрамына сайланбағанымен де, партияның идеология саласындағы үгiт – насихат жұмысын, өзi айтқандай, жанын салып iстедi. «Сарыарқа» газетi мен «Абай» журналы «Алаш» идеясының ту ұстар басылымы болды. Сол тұста, Омбы қаласында, 1918 жылдың қазан айында қазақ жастарының құрылтайы өткiзiлдi. Бұл ұйымға Смағұл Сәдуақасов жетекшiлiк еттi. Осы құрылтайға «Алашорданың» Семейдегi шығыс бөлiмшесiнiң жастар өкiлi ретiнде Мұхтар Әуезов қатысып, баяндама жасады. Ол баяндамасы Қызылжарда шығатын «Жас азамат» газетiнiң 15 және 25 қазандағы санында «Ескеру керек» деген атпен жарияланды. Жанартаудай жалындап тұрған Мұхтар бұл құрылтайда батыл пiкiрмен, шешен сөзiмен көзге түстi. Смағұл екеуiнiң танысып, табысуы сол жиыннан басталса керектi. Құрылтайда алаш жастарының мiндетi мен бағдары талқыланды. Мұхтар да соған үн қосып:

«Ендiгi халық болумызға ұйытқы болатын нәрсе - құрсаулы әдiл, қатал билiк. Ендiгi хакiмнiң алдында нашар да, жуан да теңшiлiкте болып, белгiлi негiзге құрылған закон болмаса, жуан атаның еркi ел iшiне жүрмеуi керек. Әлi де жуан ата билеп – төстеп, қадiрлi болатын болса, автономия деген, бөлектiк дегеннiң бәрi де сырты бүтiн, iшi түтiннiң iсi болады. Бiрақ мұндай күйдi бұрынғы уақыт көтерсе де, қазiргi уақыт көтермейдi», - деп құрбыларына көсемдiк жол сiлтеген едi.

Бұл – бұрынғы Ресей империясының астан – кестенi шығып, азамат соғысының аласапыраны басталып кеткен аса қатерлi де аумалы-төкпелi кезең едi. Орыстарды өзi ақ пен қызылға бөлiнiп, адмирал Колчак дербес Сiбiр үкiметiн құрып, тайталасқа түскен шақ болатын. Мұхтар қазақ жастарының құрылтайына қатысқан тұсында «Алашорда» мен Сiбiр үкiметтерiнiң арасында бiр-бiрiн тану туралы келiсiм жүргiзiлiп жатыр едi. Алайда, арада бiр апта өткеннен кейiн Сiбiр үкiметi «Алашты» да, автономиялық Башқұртстанды да заңсыз деп жариялап, оларды Колчак үкiметiне бағынуға тиiстi, әскерлерiн таратсын деген жарлық шығарды. Ашық күнгi найзағайдай әсер еткен бұл оқиға дербестiкке қолы ендi ғана жеткен отар ұлттардың мемлекет қайраткерлерiн дағдарып-ақ тастады. Ақ пен қызылдың қаhарына қатар ұшыраған қазақ пен башқұрт ұлтының сарбаздары аса қиын жағдайда қалды. Мiне, осындай қысылтаяң шақта екi үкiметтiң өзара келiсiмi қажет едi. Қызыл Мешiттегi Башқұрт ұлттық армиясының қолбасшысы Заки Уәлидимен (Валидовпен) жолығуға «Алашорданың» уәкiлдерi де келдi. Заки Уәлиди Тоған өзiнiң 1969 жылы Стамбулда жарияланған «Естелiктерiнде» 1918 жылғы Қызыл Мешiтке келген «Алашорданың» қайраткерi туралы:



«Бiз Ермолаевкада тұрған кезiмiзде, желтоқсанның бiрiншi жартысында өткен, кейiннен бiздiң күрес майданымыздың өзгеруiне тiкелей әсер еткен үш оқиғаны есiме түсiре кеткiм келдi. Бiрiншiсi: тұтқындағы түрiк офицерi Киязим – бей Ташкент қаласындағы Үндiстандық либерал – демократ, ағылшындардың дұшпаны – Мавляви Баракатолламен байланыс жасап тұратын... Олар Башқұрт үкiметiне хат жазып, кеңес өкiметiмен келiсiмге келуге шақырыпты... Мұндай тиянақты мәлiметтер бiз үшiн жаңалық едi, сондықтан да кеңес өкiметiмен келiссөздi бастаудың аса қажет екендiгiне бiздiң бiраз серiктерiмiздiң көзiн жеткiздi. Екiншi оқиға – менiң адмирал Колчактың және француз генералы Жанненнiң атаман Дутовқа жолдаған хаттарымен танысуым едi... Ол қағазда Башқұртстан мен Қазақстанның әскерiн шұғыл түрде таратып, менi және басқа да башқұрт қайраткерлерiн әскери-дала сотына беру туралы үзiлдi-кесiлдi бұйрық берiптi... Үшiншi оқиға «Алашорда» үкіметі өкілдерінің әкелген хабары. Олардың қатарында Ғазымбек Бірімжанов пен жазушы Мұхтар Әуезов болды. Колчак пен оның одақтастары: ұлттық әскер мен ұлттық үкімет құруға қарсы жазалау әрекетіне көшкендіктен де, олар да еріксіз кеңес үкіметімен келісуге мәжбүр болыпты. Кейіннен Ғазымбек Германияға келіп, сонда білім алды, ал отанына қайтып оралғаннан кейін зауалға ұшырады. Мұхтар Әуезов көрнекті кеңес жазушысы болды, алпыс жасқа толған мерейтойы кеңінен аталып өтті, Қазақстан ғылым академиясының академиктігіне сайланды. Ол 1961 жылы дүниеден қайтты» – деп (277-бет) деп көрсетілген.

Мұхтар Әуезовтің өміріндегі бір құпия оқиға осы. «Алашорданың» атынан кеңес үкіметі жағына шығу туралы өкілдікке баруы Заки Валидовтың «Қатираларыннан» басқа құжаттарда расталмайды. Сол тұста «Алашорданың» Семейдегі Шығыс бөлімі оқшау қалып, қызылдар мен ақ гвардияшылардың, казак атамандарының және жергілікті орыс, қазақ большевиктерінің қыспағында қалып, бірде астыртын, бірде ашық әрекет етіп жүрген болатын. Бұл оқиғалар «Алашорданың» шығыс бөлімінің төрағасы Халел Ғаббасовтың, Әлімхан Ермековтің көрсетінділерінде қамтылған. Мұхтар Әуезовтің Колчак пен қызыл әскердің жазалауынан бой тасалап елге шығып кеткені туралы досы Балтақай Толғанбаевтың естелігі бар. Ал оның Башқұрт үкіметінің бас штабы орналасқан Ермолаевка селосына құпия баруы алашордашыл жастардың Омбыдағы жиналысына қатысқан тұстарындағы жанама мәліметтермен ғана қосымша расталады. Егерде әскери жағдай кезінде жол жүрудің өзі өте қауіпті екенін ескерсек, М.Әуезовтің қандай қатерге бас тіккені өз-өзінен түсінікті.Сонымен:



«Қазақстанның өкілдері қатысқан құпия келіссөзде кеңестер жағына шығудың шарттары тиянақты түрде талқыланды және ортақ мәмілеген келдік. Егерде Орынбор қызылдардың қолына көшсе, қазақ үкіметінің мүшелері қалада қалады, содан кейін бізбен бірге Москваға баратын болып шешілді. «Алашордалықтарға» біз Юрматы кантонының (ауданының Т.Ж.) төрағасы Ғабдолла Ильясты жібердік. Біздің жоспарымызды Түркістарндық ұйымдарға жеткізу үшін Ташкентке өзіміздің құпия өкіліміз Әбділхамит Ариповты жібердік. Кейіннен ол Бұқара үкіметінің әскери министрі болды. 15 желтоқсан күні Уфадағы кеңес мекемесіне үкімет мүшесі Маулен Халықов пен Хайредтин Сейітовты аттандырдық. Кеңес армиясының қолбасылары біздің өкілдерімізбен келіссөз жүргізуге асықпады. 1919 жылғы 23-қаңтардағы хабар бойынша ... Түркия кеңес үкіметін мойындап, большевиктердің ішкі ісіне араласпайтындығын, 15 ақпаннан Стамболдың маңындағы Ханзада аралында келіссөз бастауға дайын екенін жариялапты. Уфа кеңесінің төрағысы Эльцин біздің шартымызды қабылдамады. Онда Башқұртстан: «... ішкі және экономикалық мәселелерді толық тәуелсіз шешеді, башқұрт әскері тек кеңес командованиесіне ғана бағынады, ішкі өмір сүру амалын өзі таңдайды, республикада коммунизм құрлысын орнату міндетті емес» - делінген. Алайда Ленин мен Сталин башқұрт армиясынан сескенгені сондай Келіссөздің аталған шарттарына қол қою туралы телефон арқылы бұйрық берді» деп (278-79 бет) жазды.

Бiр таңғаларлық жай: Мұхтар Әуезов пен Заки Уәлидiң кездескенi туралы дерек ғалымның естелiгiнен басқа еш жерде айтылмайды. Әрине, жазушының ешкiмге тiс жармауы заңды. Ғазымбек Бiрiмжанов өзiнiң Германияда оқуда жүргенiнде Заки Уәлидимен жолыққанын тергеушiге баяндап берсе де, мына оқиға жөнiнде ләм-мим демеген. Ал Әбдiрахман Байдiлдин бұл кездесудi бiлмеген. Оған да шүкiр. Егерде бiле қалған жағдайда Мұхтарды тәубесiне келтiрiп, оқиғаны ушықтырып баяндауы әбден мүмкiн едi.

Заки Уәлидидiң бұл естелiгi отызыншы жылдары жариялана қалса, қазақ ұлты рухани жетiмсiреп қалатыны анық болатын. «Абай жолы» да жазылмай, әлем жұртының алдында еңсемiз аласарып, бақытымызды кiм көтерер екен деп жалтақтап өмiр сүретiнiмiз де кәмiл.

М.Әуезов (жалғасы): «Жас кезiмнен бастап өзiмнiң орынымды әдебиеттен iздедiм, тұңғыш пьесамның сәттi болып шығуы менiң барлық назарымды шығармашылық жұмысқа аударып әкеттi. Партия қатарынан шыққаннан кейiн мен саясатқа мүлдем енжар қарадым, таяу жылдарда, нақтылап айтсам 23/24 жылдары ендi ешқашанда саясатпен айналыспаймын деген шешiмге келдiм. Өзiмнiң өткен өмiрiмдегi әрекетiмдi iштей сараптан өткiзе келiп, өзiмнiң саясатқа мүлдем бейiмсiз екендiгiмдi аңғардым. Содан бастап саясатпен айналысқан емесiн.



Кейiннен университеттi бiтiрдiм, ғылыми марксизмнiң негiзiмен таныстым, өмiрiмдi әдебиетке, педагогикалық-ғылыми жұмысқа арнадым. Бар ықыласымды соған аудардым. Өзгедей әрекетпен айналысқаным жоқ.

58-статьяның 7-тармағы бойынша маған тағылған айыпты мойындамаймын, оның үстiне шаруашылық саласындағы iс-әрекеттерiм үшiн тағылған айыпқа менiң мүлдем қатысым жоқ деп есептеймiн Және одан үзiлдi-кесiлдi бас тартамын. Өмiрiмде ешқашанда шаруашылық мекемелерiнде қызмет iстегенiм жоқ. Тек қана ағарту саласында жұмыс iстедiм. Бұл арада айтарым, еске алатын бiр мәселе бар: мына айыптауға қарағанда мен ұлтшыл емеспiн, керiсiнше, қаскүнеммiн, әйтеуiр екiнiң бiрi ғана қалуы керек. Бiрақта артта қалған халыққа қызмет ететiн халық ағарту саласында, оның iшiнде сол халықтың өкiлiне зиянкестiкпен шұғылдану намысты әрекет және ақылға қонбайды.

Менiң шаруашылық мәселесiне қатысым туралы жайды тергеушi Попов маған былай түсiндiрдi: Ленинград қаласындағы менiң атыма жолдаған Ермекеовтiң хатында ол маған Қазақстандағы жергiлiктi халықтың жерге орналастыру барысында қысым көрiп жатқанын жазыпты-мыс. Сұрақ-жауап кезiнде мен тергеушiге онымен (Ермековпен – авт.) ешқашанда бұл тақырып жөнiнде хат жазыспағанымды айтып, бұл деректi жоққа шығардым. Осы хатқа байланысты мынаны есiме алдым. Ол менiң мекен-жайымды, менiң фамилиямды көрсетiп Ленинградқа хат жазыпты. Iшiн ашып қарағанымда ол хаттың маған арналмағандығын бiлдiм, өйткенi онда менiмен ол сiз деп сөйлесiптi, ал жасының үлкендiгiне байланысты олай жазу мүмкiн емес едi. Соңынан бiлдiм, ол Әлихан Бөкейхановқа арналған екен, оның Ленинградтағы нақты адресiн бiлмеген Ермеков хатты мен арқылы жолдапты. Осы хатпен танысып шығуларыңызды қатты өтiнемiн».

Талант пен тұлғаның тағдыры талқыға түскен шақтағы олардың жандүниесi мен жанжүйесiн түсiну үшiн тергеу барысында тәркiленген бiраз хаттардың ұзын-ырғасымен таныстырып, шағын өмiрбаяндық желi тартамыз. Бұл, бiрiншiден, тұлғалардың өзара тағдыр мен таным тамырластығын байқатады. Ал тағдырсыз тұлға қалыптаспайды. Екiншiден, олардың тiлгi тиек етiп отырған ұлттық, мемлекттiк мәселелерге деген көзқарастарын бiлдiредi. Үшiншiден, Мұхтар Омарханұлы Әуезовтiң ұлттық рухани тәуелсiздiк жолындағы қозғалысқа қатысын және оның кейiнгi өмiрлерiндегi қатпар-қатпар, құбылыстармен қарама-қайшы пiкiрлерiнiң түпкi себебiн ашып бердi. «Алашорда» мен қазақ мемлекет қайраткерлерiнiң «коммунистiк – колонизаторлыққа» қарсы қозғалысы барынша қуатты күшке ие болған қарбалысы мен жанталасы қауырт дәуiрде Мұхтар Әуезов бұрынғы Санкт-Петербург, сол кездегi Ленинград университетiнде оқуда жүрсе де тарихи оқиғадан тыс қалған жоқ. Ол тiкелей мiнбеде сөйлеп, мақала жазбағанымен де ұлттық сана қозғалысының алдыңғы толқынының ағысында жүрдi (Оған айғақ жетерлiк. Мұны түрмедегi тәркiге алынған құжаттар растайды).

Жат ортада жүрген Мұхтардың да жеке басы аңду мен тiмiскiден азат болмады. Оған Әлкей Марғұланның бiзге айтқан естелiктерi дәлел. Қашан Мұхтар түрмеге түсiп, Марғұлан өзiне-өзi қол салғанша бұлардың соңынан ОГПУ-дiң тыңшысы бiр елi қалмапты. Әлкей Марғұлан марқұм: «Менiң өлiмiме себепкер сол» – деп жазған қолхатымды алған соң ғана ол сескенетiн болды. Сонда да аурухананы аңдып жүретiн. Мен оның тұрақжайын бiлемiн. Әлi тiрi. Соны бiр қорқытып, шындықты анықтап берiңдершi», – деп жиi өтiнiш ететiн. Әрине, кеңес өкiметiнiң өкiлеттiлiгi өктем кезде ол тiлегiн орындау мүмкiн емес едi. Отыз жылға созылған зерттеу iзденiстерiнiң нәтижесiнде мынадай қорытындыға келдiк. Мұхтар Әуезов пен Әлкей Марғұланның соңына тыңшылардың тіміскiлене түсуi – Әлихан Бөкейханов СССР Ғылым Академиясының жер мәселесi жөнiндегi ерекше комитетiне қатысуға Ленинградқа келгеннен соң басталған.

Сол жылдары елдегi ағайындарынан жасырып, бiрге тұрып жатқан үшiншi әйелi Валентина Николаевна Әуезованың естелiгi бойынша Әлихан Бөкейхановты Мұхтар Әуезов үйiне қонаққа шақырыпты. Ол кiсi туралы әйелiне көп мағлұмат берiп, «қазақтың ұлттық көсемi, нағыз қайын атаң сол. Қалайда риза етуге тырысуымыз қажет. Артық сөз болмасын. Қазiр бұл адам қатты қиналып жүр. Күтiмi келiспей жүр. Көңiлiн сергiтiп жiберейiк», – деп қадағалап тапсырыпты. Содан жалғыз примусқа от жағып, қазақша ет асып, шай қайнатып, бауырсақ пiсiрiптi. Сонда тұңғыш рет жылқының қазы - қартасын асыпты. Валентина Николаевна қызы Ләйлә Мұхтарқызына: «Ондай зиялы, бiлiмдi әрi мысымен адамды басып жiберетiн қазақты көрмедiм», – деп сондай бiр инабатпен айтып отырады екен.

Аса мәдениеттi, адамды мысы басып отыратын Әлихан Бөкейханов он бес күндей үйiнде жатқанда Мұхтар өзiн-өзi сол кiсiнiң баласындай сезiнiп, елпек қағып күтумен болыпты. Кейiн ол адамды Мәскеудегi қызы Лиза (Ләззат) келiп алып кетiптi. Бұл адаммен қайтып Валентина Николаевна ұшыраспаған. Ал Лиза (Ләззат) Әлиханқызы қашан Мұхтар дүниеден қайтқанша араласуын үзбеген. Ләйлә Мұхтарқызы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет