П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет119/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   272
Түйін сөз: интеграция, координация, кіріктіру, үйлестіру, толықтыру, жинақтау, синтетизм.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында орта білім сапасына қойылатын негізгі міндеттердің бірі қазіргі заманғы білім берудің үлгісін қалыптастыру мен оны әлемдік білім беру кеңестігіне кірігуі қажет екендігі атап көрсетілген [1 ].


Осыған орай, бүгінгі қоғамның тереңдеп келе жатқан үрдісі мектептегі ғылымдар негізінен білім беруді, ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысы мен интеграциясының жаңа дәрежеге көтерілуі негізінде құруды талап етіп отыр.
Латынша «integratio» сөзінің қазақша мағынасы қайта құру (восста-новление), толықтыру (восполнение), педагогика және психологиялық қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде «қалпына келтіру» дегенді білдірсе, «integrer» сөзі «бүтін» деген мағынаны соңғысы екі мағынада қолданылады:
- бөліктерді бүтінге біріктіру;
- бір типтес қоғамдық құрылыстағы екі я одан да көп мемлекеттердің ұлттық шаруашылығын біріктіру, бір-біріне ыңғайластыру процесі;
- педагогикалық тұтастықты қалыптастыратын білімді жүйелеу мен жинақтауда әртүрлі ғылымдарды біріктіреді [2].
Философиялық және энциклопедиялық сөздіктерде интеграция қайта құрылу, толығу деп анықтама берілген және бұрын жеке дара бөліктер мен элементтердің бір тұтастыққа бірігуімен байланысты даму үрдісінің қыры ретінде айқындайды [ 3].
Философтардың еңбектерінде интеграция деп кейде білімдер жүйесінің синтезін айтады. «Синтез» гректің «synthesis», яғни қосу, құрау, ұштастыру сөзінен шыққан деген анықтама береді. Философияда бұл жөнінде алғаш пікір айтқан Платон «Федр» және «Софис» атты диалогтарында адамдарда екі түрлі табиғи қабілеттердің барын, соның бірі -«synagjge» (қосу) - көптеген оқшау нәрселерді бір идеяның шеңберіне кіргізу, соған жатқыру деп тұжырым жасайды [4].
Интеграцияның қазіргі таңда маңыздылығы арта түсуде. Ол білім беру жүйесін реформалаудың да әдіснамалық негізі болып отыр. Кіріктіру (интеграция) мен үйлестіру (координация) - қазіргі заманғы пән байланысының екі бағыты.
Қазақстандық ғалым А.А.Бейсенбаева мектептегі білімді ізгілендіру құралы ретінде пәнаралық байланыстың теориялық-әдіснамалық тұжырым-дамасын негіздеуде ғылым айналымында алғаш рет «білімнің пәнаралық интеграциясын» енгізеді және оны жеке тұлға дамуының құралы ретінде қарастыра келе, интеграциясы дегеніміз-бұл екі ғылым элементтерінің жай қосылуы емес, табиғат заңдарын тереңірек түсінуге мүмкіндік беретіндей дәрежеге олардың жаңаша жүйеленген ішкі бірлігі деп анықтайды [5].
Профессор Ә.М.Мұханбетжанова өз еңбегінде интеграция білімнің жинақталуы мен толығуына жеткізеді...интеграция қашанда жаңа сапаның пайда болуын талап етеді. Интеграция - бірігу, ортақ ойлау бағытын табу және оны мазмұны жағынан толықтыру» деп түсіндіре келіп, «бұл жағдайлар білімдердің жүйелілігіне сай келеді, оқушылар оқып отырған материалдар мазмұнын жақсы меңгереді, оқылған материалды анағұрлым еркін де, жеңіл айтып бере алады» деп ой түйеді [6].
Интеграция - шығармашылықпен жұмыс істейтін бірде-бір мұғалімнің назарын аудармай қоймайтындығын байқау қиын емес. Бұл оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге жаңаша көзқарас ретінде мойындалып отыр.
Бүгінгі білім мазмұнын интеграциялап, оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда оқушыларға музыка, әдебиет, бейнелеу өнері пәндерінің интеграциялану арқылы эстетикалық тәрбие беру міндеті туып отыр.
Өнер - мәдениеттің құрамдас бөлігі бола отырып, оның біртұтастығы толық сақталған кішкене сипаты. Ол адамның көркемдік қызметінің жемісі болғандықтан, адам санасының синкретті тұтастығының көрінісі. Ғалым-дарымыз «Синтетизм дегеніміз - көркемдік және ғылыми шығармашылықтың әр түрінің бірін-бірі байытуы негізінде қалыптасқан адамзат ойының ең жоғарғы сатысы» дей келе, солай бола тұрса да, шығармашылық ойлауда ыдырау мен бөліну үрдістері жүріп отыратындығын, сөйтіп өнер түрлері мен жанрларының дербестік түрге ие болатындығын да ескертеді. «Бұл шынайы қайшылық эстетикалық және өнертанушылық ой тарихында ертеден-ақ өзінің көрнекті бағасын алды» деп, зерттеуші бұл құбылыстың тарихилығын көрсетеді.
Демек, өнердің біртұтастық болмысы оқушыларға да сол тұтастық сипатта ұсынылса, оның қабылдануы да сананың тұтастық және жүйелілік қалпына сәйкес жүретін болады. Бұл құпия жасырын жүретін құбылыс-біртұтастық деп аталады. Музыка мен әдебиет, бейнелеу өнерінің біртұтастығы да осы орайда қабылданады.
Мәдениетті, оның барлық байлығын толыққанды сезіну гуманитарлық бағдардағы пәндерде алған білім-түсініктерді кең түрде интеграциялап пайдалануға да зор мүмкіндіктер ашады. Өнерде адам қызметі мен мәдениеттің жалпы тұтас бейнесі бар. Ол- көркем мәдениеттің өзегі. Өнер әлемді және адамды синтезді түрде танытады. Онда ақыл-ой, адамгершілік, сезім, әрекеттер біртұтастықта сезініледі. Бұл - өнердің синтездеуші сипаты.
Өнер әлемді сұлулық заңдылықтары бойынша меңгерудің ең жоғарғы түрі. Ол тұрмыстың барлық әсерлерін сұлулыққа айналдырады, сөйтіп адамға эстетикалық рахат пен ләззат береді. Өнердегі сұлулық оның түрінде, мазмұнында, шеберлігінде, мәнділігінде. Өнердегі сұлулыққа болмысты шығармашылықпен қайта жасау жолымен жетуге болады. Өнер сұлулық арманын өзі бейнелерінде көрсете отырып, заттардың ішкі қажеттіліктерін аңғару қабілетіне үйретеді, сұлулықты сезуге, түсінуге тәрбиелейді, сұлулық заңдылықтары бойынша жасампаздыққа жетелейді, адамның әлемдегі эстетикалық құндылықтар бағдарын қалыптастырады.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары – музыка, әдебиет және бейнелеу өнері. Өнер түрлері адамды қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағынан баюына игі әсер етеді. Өнер түрлері адам санасына белгілі бір көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (музыкада- ән симфония, оратория т.б. әдебиетте - проза, поэзия т.б.; бейнелеуде – жанр, пейзаж) енгізеді.
Өнер-ой мен сезім бірлігі арқылы әлемнің тұтастай көрінісін жасайтын адам әрекетінің бір түрі, өнер және оның түрлері өзінің жақсы үлгілері арқылы адамның рухани мәдениетін байытып, дүниетанымын кеңейтеді. Өнердің қай түрінен болмасын М.Жұмабаев айтқандай: «Әр адамның сұлулық сезімдері әр түрлі нәрседен оянымпаз болады. Біреуі музыкадан, біреуі сұлу суреттен, енді біреудің поэзиядан әсер алуы мүмкін. Искусствоның әйтеуір бір түрінен ләззат алмайтын, біреуіне құмарланбайтын адам болмайды» [7 ].

Оқушы әр өнер туындысында жан толғанысынан туған өзіндік қайталанбас өнер құдіретімен танысады. Өнегелі оқиғалар, үлгілі кейіпкер-образдар арқылы жас өспірімді тәрбиелеу, адамгершілік биіктікке үндеудің маңызы ерекше, орны бөлек.


Өнер сабақтарының оның ішінде музыка пәнінің, басқа да мектеп пәндерімен психологиялық, педагогикалық ортақтығы мол, түпкі мұраты бір, ол-мәдениетті тұлғаны дамытып қалыптастыру. Дей тұрғанмен, музыка сабақтары әсерлік қуатының молдығымен, көркемдік дамытушылық мүмкіндіктерінің байлығымен ерекшеленеді. Музыка пәні өзіне тектес өнер пәндері сияқты көркем өнерді танып білудің жалпы эстетикалық заңдылықтарын ұсынады. Сұлулық заңдылықтары негізінде музыкалық мәдениеттің қалыптасу барысында эстетикалық, этикалық, экологиялық, руханиятық мәселелер өз шешімін тауып отырады.Сол жинақталған қатынастар мен сезімдердің ізгілікті игі тәжірибесінің материалдық көрінісі ретіндегі көркем өнердің бір саласы музыка арқылы, нақтылап айтқанда, мектептегі музыка пәні арқылы, мектеп оқушысы өмірге, табиғатқа, қоршаған айнала дүниені адам мен жалпы адамзатқа ізгілікті қатынас жасау тәжірибесіне қанығып үйренеді. Бұның өзі, ғылыми түсініктердің сабақтастығы тұрғысынан келгенде, оқушылардың эстетикалық тәрбиесінің мазмұны мен мәні деп танылады. Сондықтан да, эстетикалық тәрбие күрделі педагогикалық жүйе ретінде қаралады.
Музыканың бала тәрбиесінде үлес қоспайтын саласы жоқ десе де болады. Музыкалық тәрбие барысында музыка оятқан көңіл-күй баланың өмірінің әртүрлі жағын қамтып, оның дүние түйсінімінде тұтастық пен көркем үйлесімнің қалыптасуына қажетті құндылықтар қосады. Өмірдегі және өнердегі сұлулық пен әдемілікті, ұнамдық пен жарасымдылықты, ізгілік пен парасатты сезінуге, түсінуге, сүюге, сақтауға және жасауға үйретеді. Сөйтіп оның мінез-құлқын, қарым-қатынасын реттейді. Бұған адам қасиет-терінің бір-бірінен бөлінбес сипаттары және өнер түрлерінің өзара үндес байланысы тұғырлық негіз болады. Бұл орайда оқыту мен тәрбиелеудің тұ-тастығын құра алудағы музыканың синкретті сипаты ерекше маңызды. Атап айтқанда, оның әдебиет және бейнелеу өнерімен біртұтастығы аса мәнді.
Музыка, әдебиет, бейнелеу өнері бір-бірімен тығыз байланысты. Өнердің қай саласы болмасын оқушы сезіміне әсер етіп, қиялын қозғайтын, ой өрісін өсіретін, әсемдікке тәрбиелейтін күшті құрал. Өнер пәндері байланысы эстетикалық тәрбие жүйесі ауқымында қарастырыла отырып, жеке тұлғаның эстетикалық құндылық сапаларын және оның эстетикалық-шығармашылық әрекет мүмкіндіктерін қалыптастыру қызметін атқарады.
Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беру құралы қызметіндегі музыка пәні өзінің әлеуметтік мәнін өнердің басқа түрлерімен тығыз байланыста ғана сол мақсатқа сай қолданысын таба алады. Музыка әдебиет, бейнелеу өнер түрлерімен бірлікте ғана эстетикалық цикл құра алады. Бұлардың әрқайсысы өзіне тән құралдары арқылы адамның ішкі жан дүниесін ашады, бұның өзі өнер түрлерінің өзара байланысын айқындайды.
Г.Г.Шевченко «Жасөспірімдерді дамыту және эстетикалық тәрбие-леудегі өнердің байланысы» зертеуінде оқу үрдісіндегі өнер түрлеріндегі пәнаралық байланыс типологиясын жасайды. Автордың пікірінше, эстети-калық циклдағы пәндер сабақтарында корреляциялық-интегративті пәнара-лық байланыс өте тиімді. Пәнаралық байланыс жүйесі оқытудың бір түрі ретінде қарастырылып, материалды жақсы қабылдауға, пәнге деген қызығушылық туғызуға, білім сапасына, әдеби оқулықтарды, өнердің әртүрлі шығармаларын қолдануға, анализдеуге көмектеседі.
Мектепте өнердің әлеуметтік құбылыс ретінде қажеттілігін қарастыра отырып, өз кезегінде А.В.Луначарский: «өнерді оқып білмей, әлеуметтік басқа пәндерді оқу мүмкін емес», - дейді. Осындай тезисті ұстана отырып, Б.Л.Неменский да өнерді қабылдау мен ойлап табу мүмкіншілігі туралы айта келіп, «жалпы білім беретін мектептің міндеті - суретшіні тәрбиелеу емес, көрерменді, тыңдарманды, мәдениетті түсініп, қолдана алатын және оны әрі қарай дамыта алатын адамды тәрбиелеу» деп шешеді. Сонымен қатар, ол өнерді қуанышсыз жасау мүмкін емес, сондықтан әр сабақта балаға өнермен қуанышты қауыштыру - әдістеменің басты сұрақтарының бірі екенін көрсетті [8 ].
Жекелеген мектептер, оқытушылар эмперикалық деңгейде интегра-цияны оқу үрдісінде жүзеге асыра бастады, оқытушылар оқу-бейнелеу өнері-музыка т.б. интеграциялауды жүзеге асырып отыр. Дегенмен мұғалімдердің аталған жұмыстары ара-тұра сипатта, көбіне ашық сабақтарда ғана жүзеге асырылады. Оқулық жүйесі дәстүрлі оқытудың осы білімдік, дамытушылық, тәрбиелік қызметінің бірлігі заңдылығын сәл басқаша, яғни оның оқушы ойлауы мен шығармашылық қабілетін, тілін дамыту арқылы дүниетанымын кеңейтіп, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеп, эстетикалық мәдениетін қалыптастыру аспектісіне маңызды орын береді. Біз тіл сабақтарын эстетикалық циклдағы пәндермен интеграциялап, оқушы іс-әрекетінің барлық түрін сезімдік-практикалық, рухани және шынайы іс-әрекеттер бірлігі ретінде тәрбиелеу арқылы жеке тұлғаны дамытуды мақсат етеміз.
Эстеикалық тәрбие беруде әр өнердің өзіндік құндылығы бола тұра, олардың әрқайсысының жеке мүмкіндіктері шектеулі. Осы орайда оқушы тәрбиесінде көркемдік синтезді кеңірек, әрі тереңірек пайдалану қажеттілігі туындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет