П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет156/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   272
Түйін сөз: жазушы, адам, мінез, қоғам, әңгіме.

Белгілі қаламгер Қ.Мұхамбетқалиұлы сонау 60-жылдардың басында көркем әңгіме шебері ретінде қалыптасты. Жазушыны белгілі бір дәуірдің қилы кезеңінің көркем шежіресі деуге болады. Қ.Мұхамбетқалиұлының шығармалары – өмірдің өзінен алынып, айналадағы күнде көріп жүрген құбылыстар өзіндік құнарлы да қарапайым тілімен әлеуметтік деңгейге дейін көтерілген туындылар. Суреткердің арнасынан асқақтамай, қысқа да жинақы жазылған әңгіме, повестерінде адам өмірі, «бүлдірген» қазақы мінез, қоғамдық өзгерістер шынайы суреттелген.


Қазіргі жастар мен жасөспірімдер жыға тани қоймайтын, шығарма-ларымен таныса қоймаған қаламгердің өмірімен таныстыра кетсем.
Қ.Мұхамбетқалиұлы 1942 жылы 8 желтоқсанда Ақтөбе облысы, Байға-нин ауданында дүниеге келген. 1965 жылы Қазақ мемлекеттік универси-тетінің филология факультетін үздік бітіріп, Ақтөбе облысының радио және телевидение комитетінде, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде, «Қазақстан» баспасында, «Жұлдыз»журналында, «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор, аға редактор, аға әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Жаңа фильм» журналының бас редакторы болған. Кейінгі жылдары ҚР Президенті аппаратында, Парламентте, «Таң Шолпан» журналында қызмет істеген.
Р.Акутагаева, С.Моэм, П.Мэриме сынды көптеген белгілі шет ел қаламгерлерінің шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өзінің де бірқатар әңгімелері шет ел ұжымдық жинақтарында жарық көрген. 2003 жылы ҚР-ның еңбегі сіңген қайраткері атағы берілді. Көптеген әңгімелер мен хикаяттардың, романның авторы [4, 276].
Біз бүгін осы қаламгеріміздің әңгімелеріндегі мінез құбылысын сөз етпекпіз. Әрине, бұл тосын жаңалық емес, бірақ жазушы ашқан тың характер,тосын мінез құбылулары жетерлік.
Жазушының әңгімелері адам мінезінің құпия сырларына үңілуі, жеке адамның санасындағы, ойлау жүйесіндегі сан алуан сезімдік, психологиялық құбылыстарды ой ағымына, монологқа, іс-әрекеттегі, дауыс ырғағындағы сезімдік құбылыстарға көңіл бөлуімен ерекшеленеді.
Мінез деген не?
Мінез – адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптас-тырған қоғамдық құлқы, барлық психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы [1, 103б].
Жазушы шығармашылығындағы кейіпкер мінезінің құбылуының белгілері олардың сөйлеген сөздері арқылы, іс-әрекеттері, ішкі монолог, бет құбылысы, дене қозғалысы,өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау, және т.б. арқылы жүзеге асып жатады.
Қ.Мұхамбетқалиұлы кейіпкерлері қарапайым адамдар болғанымен, олардың тіршілігінен заман шындығын, уақыт бедерін танып таразылауға болады. «Бір машина шөп» әңгімесі бір оқып шыққанға болар -болмасты сөз қылған, қарапайым жанның пайдасыз тірлігінен хабар берер әңгіме сияқты көрінгенімен зер сала қарасақ, өзгеріске ұшыраған ұлттық болмыс, мың құбылған мінез көрінеді.. Оқиға желісі Әліш қарттың ауыл кеңсесіне бір машина шөп сұрап баруынан, кеңседегі басшылардың біреуімен сөзге келіп қалуынан өрбиді. Әңгіме басында ауыл шопырымен, «жаман Әжібайдың «өпіреп» баласымен» арасындағы диалогынан қиқарлығы, тентектігі байқалатын Әліш қарт, кейін мүлде басқа адам бейнесінде көрінеді.
Жасы жетпістен асқан шағында жас баладан нақақ сөз естіп, көңілі жасып қалған қарт қанша намысқа тырысқанымен, күйбең тіршілік қамымен «енді бармаспын» деген жеріне тағы келеді, жаны күйіп, жер болып келеді.

«...Қарт бір аяғын есіктен шығарып,өп-өтірік еңкең-еңкең етіп қойды. Соның арасынша машинаның алдын орай жүгіріп кеп, жас жігіт қолтығынан алған. Күткені де осы еді: қарт оның иығына әуелі қолын артып, соңсоң бүкіл салмағын сала (арасында әдейі естірте, Аллалап, та қойып), түсе берді. «Түсе берді» емес-ау, топ етіп оп-оңай түсе қалғаны! Құмдауыт майда топыраққа табаны былқ ете қалғанда, шошып кетті. Ұялғанынан шошыды. Алланың атын аузына алып, қара аспанды қапылдырғандағы өзінің мына ісі – шолжың өскен дырдай баланың ата-анасына әдейі жасайтын жосықсыз еркелігі секілді ерсі көрініп, ұяттан өртеніп кете жаздады. Сасқанынан жадағайының етегін қаққыштап, өп-өтірік жөтеліп, жасаурап тұрған ештеңесі болмаса да, қызыл ала көзін қайта-қайта сүрткіштей берді» [2, 25б]. Сырт көзге сыр бермей, өзінің қыңыр мінезінен, намысшылдығынан таймай, кәрілікті қақиып қарсы алған Әліш қарттың бойынан тап осы жерде жасандылықты, жалған мүсәпірлікті анық байқауға болады.


«Біреу таяғын ұстатқан. Мұрат екен. Қарт әлгі екпінімен тағы да бір-екі жөткірініп, енді өзі тілеп алған өлмелі кәрінің бейнесінде кеңсеге қарай амамлсыз қозғала берді. Жан-жағына да осы сәтте ғана назар салған. Тірі пенде жоқ екен. Ешкім көзіне түспеді. Манадан бергі ісінің бәрі айдалаға кетіпті. ....
Қарт бұған қуанбаса, ренжіген жоқ. Әлгі жасанды, жалған пердесін лезде жұлып тастап, елге белгілі Әліш қалпына – кәдімгі әрі, қиқар, әрі тентек қарт кейпіне қайта түсті» [2, 25б].
Ақыры дегені болып, бір машина шөп есік алдына келіп түсіріліп жатса да, Әліш қарттың көңілі орнына түспеді.
«Неге екенін кім білсін, қартайғандағы қадірінің құны – осы бір машина шөп секілді көрінді» [2, 29б]. Сонымен бірге шал мен ферма бастықтың арасында болған диалогтардан қазақтың сөзге тоқтаған тамаша қасиетінің, үлкенді сыйлау, алдынан кесе өтпейтін жақсы салтының жоғалып бара жатқанын, нағыз қазақы ұлтық мінездің заман, қоғам салдарынан өзгеріске ұшырағанын көреміз.
Қажығали қаламгеріңіз қазақы мінездің, қазақы жаратылыстың қыры мен сырын тек өзіне ғана машықпен мәністейді.Аша біледі. Суреткерлікпен бәдіздейді [3]. Жазушының бірегей туындыларының бірі «Ит жылғы оқиғасын» нағыз қазақы әңгімелердің қатарына жатқызуға болады. Автор Қабылдың ішкі ойы, монологы арқылы өз кейіпкерінің жан әлемін жарқырата көрсетіп, кейіпкерінің қандай жан екенін ұғындырады. «Жасынан жетім-көкіректеу болып өскен ол өзінің бауырмал емес екенін, әрине, біледі. Мінезінің біртоға тұйықтығы да, әлі күнге кісімен шүйіркелесіп кете қоймайтындығы да, жұрт секілді мұның үйінде ел жақтан көп ешкім келе қоймайтындығы да, өзінің де «ойбай, елден пәленшекең, түгеншекең келеді екен» деп елпілдей қоймайтындығы да сондықтан-ды» [2, 84 б.]. Кейіпкердің ішкі толғанысы, ой арпалысы арқылы бір кезеңдік өмірін оқырманның көз алдына әкеледі, аяушылық сезімін оятады. Әке-шешеден ерте айрылып, тағдыр тәлкегіне ұшыраған Қабыл арқа сүйер ешкімі жоқ болса да, жар құлағы жастыққа тимей жүріп, білім алады. Аспирантурасына қалады. Үйлі болып, күйбең тірлікпен жүріп жатады. Әкенің, ағайын-туманың мейірімін көрмеген ол, тіпті тума, ет-жақын, бауыр дегенді ойламаушы еді. Аты шығып, белгілі оқу орнына қызметке тұрғалы туыс дегендер көбейе бастады. Осыдан біреуі нағашы-жиен, бірі рулас ағайын, бірі жерлес ағайын деген тәрізді сылтауларды желеу етіп, өз шаруаларын күйттеп кететін қазақы-лықты, қазақы мінезді байқауға болады. Жасынан ағайындықтың дәмін татпаған Қабыл бұлардың біреуіне де іші жылымайды, қарсы алғысы жоқ. Тіпті, жасырмай ойындағысын айтып та салады.
«-Қайдам?! Мұндай туманы естіген де, көрген де емеспін! - деді безеріп. – Танымағаным үшін кешірер. Бірақ кешірмеймін десе де өзі білсін. Тумалық пен туыстықты кішкентайдан сезініп өспегесін, кісі ендігі жерде ұқпайтын да болар. Бәлкім, ұққысы да келмес... Бірақ ол үшін мені бұ кісі де, басқа «тумаларым» да кінәлай алмаса керек.
- Апырай, шырағым-ай... осынша төпелейтіндей не болып еді?! Жақтырмасаң кетейік! – деп қонақ ұшып тұрып, кенет ауыз үйге жөнелді. Аяқ киімін киіп жатып та, мұрты желп-желп сөйлеп жүр. «Үйге келген де үйдей өкпеңді айтпа» деген бар еді, тіпті қоймадың ғой... Немене сонша, қазымырланып! Ит жылғыны қозғап ...» [2, 92 б]
Ит жылғы оқиғаны Қабылдың ұмыта алмас. Ол көңілінде бір жібі-местей тоң болып қалған еді. Шешесінен жетім қалып, жарым көңіл болып жүрген бұған қорған, сүйеу болудың орнына жалғыз бұзаулы сиырын өтірік айтып, басып қалған тумасының қараулығын бұл ешқашан да естен шығармақ емес. Ал тумасы болса, беті бүлк етпестен өз шаруасының қамымен Қабылға қолқа салғалы келіп отыр. Қабыл бір мезетте қонақты үйден қуып шыққан қылығын әбестік санап, өкінгендей болған. Бірақ тез бойын жиып ала қойды.
«Жо-оқ! – деді ол тағы да қатайып. – Неге құрметтеуім керек мен оны? Құрмет, жақсылық – тек жақсылыққа ғана жасалуы керек. Ал біреудің біреуге қараулығы мен харамдығы қайта ешқашан ұмытылмауға тиіс! Ұмытқаның - кешіргенің. Сол қараулықпен, сол харамдықпен ымыраға барғаның, Қабыл! «Иттік те тайраңдап жүре берсің» деген немқұрайды бойкүйездік ол!» [2, 93б.]
Сөйтіп, жазушы кейіпкерінің ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы қазақы өмір шындығын бейнелейді.
Суреткер Қажығали Мұхамбетқалиұлының өзіне тән психологиялық стилі «Қаңтардың қара суық түні» әңгімесінен де байқалады.
Прозадағы психологизм әлем әдебиетінде ХХғасыр басында-ақ әр түрлі бағытта дамығаны мәлім. Сол кездері жарық көрген Ж. Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Әуезовтің тағы басқа да көптеген жазушылардың шығармалары дәлел.
Әңгіменің бүкіл оқиғасы Зейнеш пен оның күйеуі Бозымбайдың айналасында өтеді, солардың ішкі ойы,монологы арқылы өрбиді.
Жасында ойнақтап жүріп от басқан Зейнеш жер асып, танымайтын ай-мақтан бір шығады. Сонда жүріп, қызметке тұрады, кейін өзі сияқты келімсек Бозымбайды қолына кіргізіп алады. Екеуі бір-біріне кереғар адамдар.
«Жас кезінде Зейнеп мұндайды тіпті елемеген. Бәрін өзі істейтін, бәрін өзі тындыратын. Әйел басымен-ақ осы үйді өрге сүйреп келді ғой. Ел қатарына енді жеттік пе дегенде де, балалары өсіп, алды енді жігіт боп қалған мынау шақта да, солардың әкесінің әлі күнге бір ширамай қойғанына ғана намыстанады да.»


«Бозымбайының жасы қырыққа келгенше пысымағаны, байғұстың баяғы-дан бері ең болмаса бір рет сергіп, серпілмегені, еркектің былай еркек құсап әйелге пана, жел жағына қорған бола алмағаны-ақ жаман екен-дағы...» [2,78б.]
Осы үзіндіден кейіпкердің ішкі толғаныс тебіреністерімен қоса, ері мен әйелінің мінез құбылыстары да айқын көрінеді. Сонымен бірге «ол суықтан қорғалаған торғайға ұқсап, қылқиған жіп-жіңішке шарфсыз мойнын қолпыл-даған қара пальтоның кең жағасына тыға түсіп, бұйыға, бүрісіп отыр.Анда-санда арқа-басы мұздап қалғанда ғана дүр-дүр тітіркеніп, көзі жасаурап, дірдек қаға,есінеп қояды.» [2, 73б] кейіпкердің сыртқы қимыл әрекет, кескін-келбет құбылысынан да мінезін, бітім-болмысын айқын аңғаруға болады.Бұл да жазушының суреткерлік талантының тағы бір қырын танытқандай. Сонымен бірге қаламгердің бұл әңгімесінен отбасындағы әке ролінде анық байқауға болады. Жалпы қазақ түсінігінде еркек әйелден бір саты жоғары тұруы тиіс. Ата-бабамыз бұл жөнінде «Алтын басты әйелден бақыр басты еркек артық» деп еркек кіндіктілерді ерекше бағалаған, құрмет тұтқан. Бүгінде қоғамдағы әкенің орны қандай? Аналардың ше? Өкінішке қарай, бүгінгі өмірдің ағысына қарап отырсақ,отбасылық құндылықтар жойылып, әкенің беделі төмендер бара жатқандай ма деп ойлап қаласың. «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі». Әкелердің бәрі бірдей ұлдарына үлгі болып жатыр ма? Кейбір шаңырақтарға барсаң, күйеуімен бәсекелесіп жатқан әйелді, әйелдік өктемдікті байқайсың. Еркек – үйдің басты асыраушысы. Бірақ өз отбасына, бала-шағасына жүрдім-бардым қарайтын әкелер де болады. Арақ ішіп, аузына келгенді айтып, көшеде қаңғырып жүретін әке де болады. Мұны көрген баланың бойында әке туралы қандай пікір қалып-тасады? Күйеуімен бәсекелесіп, жанжал шығарып, жарын күнде орынсыз сөге беретін әйелдер де болады. Әкенің ана алдындағы абыройының жоқтығын көріп өскен бала қандай сезімде болады? Әрине, бала содан келіп, әкесін тыңдаудан қалады. Әкесі ол үшін бір жай адам сияқты. Бар болғаны үйдің бір мүшесі. Оның үй ішіне сөзі өтпейді, үні өктем шықпайды. Ол үйге келетін келін де, күйеу балалар да әкені әке деп сыйлаудан қалады. Себебі ол отбасындағы әкенің құны бес тиын. Құрмет пен иба, үлкенді сыйлауды ұмы-тыңқырап бара жатқан жас­тар үшін әкенің рөлі маңызды болмай шығады.
Бұдан басқа да Қажығалидың «Қайдағы-жайдағы», «Бұралаң жол», «Берекесіз тоғайы» әңгімелерінде кейіпкердің даралық сипаттары, мінез иірімдері кеңінен ашылады.
Қажығали Мұхамбетқалиұлы – тегеурінді топтың, Әбдіжәміл Нұрпейісов ағамыз айтқандай, әдебиетімізге «жаңаша тіл, жаңаша ойлау, жаңаша элегия әкелген» талантты топтың өзгеше өкілі. Қажығалидың қай-қай туындысы да оның ұлт суреткері екенін айқындап тұрады [3]. Жазушының қай шығармасы да ерекше мақамымен қазақ әдебиетінде өзіндік орын қалдырып отыр.
Қаламгер Қажығали Мұхамбетқалиұлының айрықша зерттегені – адам жаны, оның ішкі әлемі, әсіресе, қазақы өмірдің, қазақ жанының терең иірімдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет