П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий



бет247/272
Дата05.02.2022
өлшемі8,64 Mb.
#5078
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   272
А.И. Исмаилов, С.Н. Әлібек -
М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент
Е-mail: Seid-61@mail.ru


Генерал Сабыр Рақымовтың 1943 жылғы
майдандағы ерлігі


Андатпа. Мақалада Ұлы Отан соғысы кезеңінде қазақ ұлтынан шыққан офицерлердің арасында бірінші болып жоғары дәрежелі генерал шеніне қол жеткізген С.О. Рақымовтың ерлігі жазылған. С.Рақымов сарбаздарын ұрысқа жеке өзі бастап барып, тың шабуылдаушы мәнердегі басшылық шеберлігін көрсеткен.
Түйін сөз: офицер, дивизия, шен, әскер, соғыс.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңінде қазақ ұлтынан шыққан офицерлердің арасында бірінші болып жоғары дәрежелі генерал шеніне қол жеткізген Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының тумасы Сабыр Омарұлы Рақымов болатын.


Осы жоғары әскери шенге жетудегі оның қаһармандық жолы да оңай болған жоқ. Майор Рақымов ұрыс даласына ортаазиялық 104-танк дивизиясы-ның құрамында 1941 жылдың шілде айында кірісті. Полк командирінің орынба-сары болып тұрған шағында олардың мотоатқыштар полкі алғашқы шайқаста-рын Ельня қаласы аумағында жүргізді. Ол Смоленск жерінде орналасқан қала болатын. Москваны алу мақсатында Вязьма, Ельня және Рославль секілді ежелгі орыс қалалары арқылы жолындағы бар кедергі-тосқауылдарды бұзып-жарып, өршелене алға ұмтылған неміс генералы Гудерианның танктік және моторлы дивизиясына қарсы тұру ол кезде шын мәнінде үлкен ерлік еді. Бірақ, осы ұрыстарда жау алғаш рет Кеңес әскерінің қайсарлығын сезінді. Смоленск жеріндегі кескілескен шайқастарда офицер Сабыр Рақымовтың қолбасшылық қасиеті шыңдалып, жеңіске деген құштарлығы арта түсті.
Ол сарбаздарын ұрысқа жеке өзі бастап баратын. Рақымовтың шабуылдаушы мәнердегі басшылық шеберлігі Батыс майдандағы алғашқы ұрыстарда-ақ қалыптасқан еді. Қаптаған қауіп-қатерге қарамай ол талай рет алдыңғы шептен табылып, дұшпанмен бетпе-бет келді.
Гитлерлік Германия басшылығының 1942 жылдағы жоспарында Сол-түстік Кавказ бен Закавказье айрықша орын алды. Осы орайда соғыс алдында 1940 жылдары Бакудің мұнайлы аймағында мұнай өндірудің 71 пайызға жеткенін, ал Майкоп пен Грозныйдың мұнайлы аудандарында алынған мұнай өнімі бүкіл Кеңестер Одағында өндірілген мұнайдың 24 пайызын құраған-дығын айта кеткен жөн.
Сондай-ақ Солтүстік Кавказ бен Дон даласы техникалық мәдениет пен мал шаруашылығы өркендеген, астық өнімдерін мол өндіретін, ауылшаруа-шылығы дамыған елдің бай аудандары қатарына жатады.
Жалпы Солтүстік Кавказ және Закавказье соғыстан алдыңғы жылдары күшті индустриалдық дамуды бастан өткеріп, Кеңес мемлекеті экономика-сындағы маңызды тіректердің бірі болды.
Аса ауқымды мұнай көздерінен бөлек, бұл ауданнан темір мен марга-нец кендерінің үлкен қоры, сирек кездесетін металдар мен құрылыс мекеме-леріне арналған шикізаттар табылған. Сонымен қатар мұнда электростан-циялар мен металлургия өнеркәсібі заводтары салынған. Сондықтан, өздерінің Мәскеу түбіндегі шайқастағы масқара жеңілісінен сабақ алуды көздеген вермахттың 1942 жылғы жоспарында Кавказ бағыты әскери-саяси және стратегиялық маңыздылығымен ерекшеленді [1].
1942 жылдың жазындағы Оңтүстік-Батыс және Оңтүстік аймақтардағы ұрыс қимылдары жанкештілікпен, асқан қатыгездікпен өткендіктен, алапат қантөгіске алып келді. Осы орайда кеңестік көлемді әскери құрылымдарды Н.В.Ватутин, Р.Я.Малиновский, А.А.Гречко, И.Е.Петров, адмирал Ф.С.Ок-тябрьский секілді дарынды кеңес генерал-қолбасшылары басқарғандығын атап айтқанды жөн көрдік. Бұл жайында «Кавказ соғысының батырлары» кітабында да жазылған. Онда былай делінген:
«И.В.Сталин И.Е.Петровтың қолбасшылық қасиетін жоғары бағалаған. Мәселен, адмирал Ф.С.Октябрьский құрсаудағы Севастопольден И.В.Ста-линге жіберген жеделхатында генерал Петровты өз ісін жетік білетін сенімді командир ретінде атай келіп, оған «генерал-лейтенант» шенін беруді өтінумен қоса, Севастопольдегі Приморск армиясы басшысы қызметінде қалдыруын сұраған. Сталин бұл өтінішті қабыл алған [2].
Бірнеше мыңдық кеңес әскерін партиялық-саяси сауаттандыру ісі Иосиф Сталиннің айналасындағы мемлекет қайраткерлеріне тапсырылды. Олар Л.М.Каганович пен Л.З.Мехлис болатын.
Бұл тұрғыда Кавказ бағытындағы ұрыстардағы штаб басшыларының ішінен кейіннен Кеңестер Одағы Қарулы Күштерінің Бас Штабын басқарған генерал А.А.Антоновты атап өтуге болады.
Біз барынша белгілі кеңес қолбасшылары мен әскербасыларының аттарын атап, қаһармандық жолдарын тілге тиек еттік. Неге дейсіз ғой? Жауап мынада. Қандай іспен айналыспасын әр адамның өмірінде естен кетпейтін тарихи жағдайларға негізделген сәттер болады. Осы сәттер оны биік белестерге жетелеп, ұшпаққа шығарады. Шындығында армия, корпус, дивизия болсын, тіпті, взвод, рота болсын, майдан өмірі мен ұрыс даласында темірдей тәртіп орнап, отансүйгіштік қасиет жоғарылап, бұл механизм үзілмегенде ғана әскери тапсырма орындалатыны белгілі.
Нағыз ержүрек, аты аңызға айналған адамдардың бірін-бірі кездейсоқ тауып, таңғаларлық жағдайларда тағдырлас болуын тарихта аз кездестір-мейміз. Полк командирі майор Рақымов та маңызды сын сағаттарда тактикалық шеберлігін шыңдай отырып, ұрыс даласында аса маңызды шешімдер қабылдаумен қатар, бар жауапкершілікті де өз мойнына алуға міндетті болды. Айтса айтқандай, офицер Рақымов та сол кезеңдердегі әскери міндетке адал қараған бар тұлғалар секілді батырлығы мен қолбасшылық қабілеті қатар ұштасқан бірегей тұлғалардың қатарынан еді. Осы майдан өміріндегі ұрыс жолдарының әр кезеңдерінде ол жоғарыда аты аталған таңғажайып тағдырлы талай тұлғалармен тізе қосты. Әскери бақыт дегеніңіз де осы болар, бәлкім.
1149 – атқыштар полкына майор Рақымов командир орынбасары қызметін атқару үшін келді. Ол мұнда 1940 жылы жазда Орта Азия Әскери округінде құрылған 104-танк дивизиясынан жіберілген болатын. Аталмыш танк дивизиясының құрамында Смоленск жерінде өткен ауыр шайқастарға қатынасып, жорықтардың бірінде жарақат алды. Солтүстік Кавказдағы Железноводск қаласында орын тепкен әскери госпитальда ем қабылдады. Жарақатынан айыққан соң 353-атқыштар дивизиясына жіберілді. Ал 1149-атқыштар полкі осы дивизияның құрамына кіретін. 1941 жылғы 27 қазандағы ұрыста полк командирі подполковник Петров Дионисий Петрович қаза тауып, полкті басқару міндеті С.О.Рақымовқа жүктелді [3].
Өзара қарым-қатынастарда да, әскери тапсырмаларды орындау барысында да Сабыр полктің штаб бастығы әрі комиссары Спиридонов Петр Михайловичпен және Полухин Александр Орестовичпен толық тіл табыса білді. Рақымов полкі офицерлері мен қызыләскерлерінің ержүректігінің, қаһармандығының дәлелі ретінде олардың әскери марапаттарын атауға болады. Батальон командирі аға лейтенант Гаращук Николай Анисимович және полк парторгі аға политрук Илларионов Николай Алексеевич Кеңес мемлекетінің жоғары наградасы – Ленин орденімен марапатталды. Оңтүстік майдан қолбасшысының бұйрығымен (генерал-лейтенант Р.Я.Малиновский) 1149-атқыштар полкінің жеті жауынгеріне «Қызыл Жұлдыз» ордені тапсы-рылды. Батальон командирі капитан Батаев Виктор Петрович пен миномет взводының командирі аға лейтенант Прокопьев Григорий Григориевич «Қызыл Ту» орденімен марапатталды [4].
1942 жылдың мамырында подполковник С.О.Рақымов 353-атқыштар дивизиясы командирінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл дивизия 1941 жылдың тамызында жасақталған болатын.
Алғашында бұл дивизия қазан айынан бастап 56-армия құрамында Оңтүстік-Батыс майдандағы ұрыстарға қатысса, 1942 жылдың ақпанынан 18-армияның қол астында соғысқа араласты. Кейіннен 1942 жылдың шілдесінен 1943 жылдың наурызына дейін Солтүстік Кавказ майданындағы армия құра-мында ұрыс даласында болды. Қысқасын айтқанда, бұл дивизия Кавказ үшін болған шайқастардың ең қауіпті аумақтарына жіберілді. Осынау ұрыстар С.Рақымовтың командирлік шеберлігінің шыңдалуына септігін тигізді.
1942 жылдың 26 қазанынан полковник Сабыр Рақымов өмірінің жаңа кезеңі басталды десек болады. Оған 395-атқыштар дивизиясын басқару тапсырылды. Басқаша айтқанда, ол штат бойынша «генерал-лейтенант» қызметін атқаруға кірісті. Бұл ірі әскери құрылым әр майдан шебіндегі ұрыстарда қайсарлық танытып, сарбаздарының қаһармандығы ел аузына ілініп, даңққа бөленді. «Қызыл Ту» және «2-дәрежелі Суворов» ордендерімен қатар «Таманьская» құрметті атауына да иелік етті. Мұның бәріне дивизия бірте-бірте қол жеткізді. Өзінің жеке құрамы негізінен Донецк көмір бассейні шахтерлерінен құралған бұл дивизия 1941 жылдың 29 қыркүйегінен бастап Оңтүстік майданда гитлерлік басқыншыларға қарсы ұрыс жүргізді. Мариуполь қаласына кіруге ұмтылған жау әскеріне тосқауыл қоя отырып, кеңестік 9-18-армиялар бөлімшелерінің жау құрсауынан сытылып шығуына көмек қолын да созды. 1941 жылы танктер жәрдеміне сүйенген жаудың ірі әскери күші дивизия қорғауға алған аймаққа өте жақын келді. Кескілескен шайқастар басталды. Жауға тойтарыс берілді. Дивизияның Миус өзенінің шығыс жағалауынан бастау алған шабуылына полковник Рақымов басшылық етті. Ал, ол уақытқа дейін дивизияны Кеңес Одағының Батыры полковник Петраковский Анатолий Иосифович басқарған болатын. Ол 1939-1940 жылдардағы кеңес-фин соғысына қатысқан белгілі офицер, кәнігі әскери мамандардың бірі еді.
1940 жылы батальон командирі бола жүріп, қарсыластың қорғаныс аумағын бұзып өтіп, финдерді көп шығынға ұшыратты. 1940 жылдың 21 наурызында А.И.Петраковскийге «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Майдан басшылығының шешімімен дивизия командирі басқа қызметке бекітілді. Соғыстан кейінгі жылдары генерал-майор Петраковский Дондағы Ростов қаласында тұрды. Миус өзені ауданындағы шайқастарда Рақымов дивизиясы жаудың 23 блиндажын қиратып, қарсыластың 4 – таулы атқыштар дивизиясының құрамындағы 1200-дей солдаттары мен офицерле-рінің көзін жойды. 1942 жылдың қаңтарында жаудың миналаған аймақтары мен түрлі инженерлік кедергілерін қирата отырып, дивизия бөлімдері шабуылдарын одан әрі үдете түсті. Дивизия 1942 жылыдң 25 қаңтарында «Үш емен» аңғарына жетіп, «412-биіктікті» бағындырды. 50 елді-мекен жаудан азат етілді. Сегіз 115мм-лік зеңбірек, 6 автомашина, 2 танк және 3 тягач, 5 пулемет 8500 патронымен бірге олжаланды. Дивизия бөлімдері Кубань өзеніне табан тіреп, Могукарска ауданына шықты да, жау әскерінің шегінер жолын кесіп тастады.
1942-1943 жылдардағы қысқы ұрыстарда да полковник Рақымовтың командирлік дарыны ерекше байқалып тұрды. 1943 ж. сәуірдің екінші жарты-сынан оның дивизиясының бөлімдері Ольховский – Новотроицкий ауданына жетті. Қызыләскерлер мен офицерлер ержүректік пен батырлық көрсетті. Миус өзені бойындағы бекінісі ұстап-тұру кезінде. 714-атқыштар полкінде Мергендер қозғалысы деген бейресми ұғым пайда болды. Мәселен, шахтер-лер династиясынан шыққан сержант Фаустов Оңтүстік майдан шебіндегі белгілі мергендердің бірі болды. Полк командирі майор Ильясов ауыр жара-қат алғанына қарамастан, ұрыс алаңын тастап кетпей ерлікпен қаза тапты.
Старшина Кондратьев Леонтий Васильевич осы полкте борышын өтей жүріп, Кеңес Одағының Батыры атағына қол жеткізді. Ол Кубаньдағы ұрыстардың бірінде із-түзсіз жоғалып кетті. Барлаушы Полин Алексей Владимирович жау дзотын өз кеудесімен жауып, ерліктің таңғажайып үлгісін көрсетіп, әскери тапсырманы орындау үшін өмірін қиды.
1943 жылдың қаңтарында дивизияның алдыңғы бөлімдері Качканова қаласына жетіп, жау бекінісін бұзып өтті. Қыраттар арқылы қарсы шабуылға шыққан олар Кубань станицалары мен ауылдарын жаудан тазартып, мұнайлы аймақты азат етті [5].
Кондратьев пен Полиннің жанқиярлық ерлігі дивизияның барлық жеке құрамдары үшін үлгі болды. Дивизия командирі С.Рақымов пен дивизия комиссары А.Сахнюк, командирлер мен бөлімдердің саяси жетекшілері әскери тапсырмаларды моральдік және күштік тұрғыда мүлтіксіз орындауға үйрете отырып, олардың қаруды қолдану мен әскери техниканы тиімді пайдаланудағы шеберліктерін шыңдауда көп еңбек сіңірді. Осынау жоғары сападағы әскери дайындықтардың Рақымов дивизиясы жеңістерінің кепілі, ерліктерінің негізі екенін атап айтқан жөн. Дивизияның қызылармиялық газеті «Қызыл жауынгерде» (№51 22 сәуір 1943жыл) жарияланған «Батыр Кондратьев секілді шайқасайық» атты мақалада дивизия сарбаздарының қызылармиялық жиналыста оның ерлігін үлгі тұтына талқылап, сондай-ақ әскери жанұяға мүшелікті адал атқару мәселесі сөз болғандығы, ұрыс даласында қаруластары Леонтий Кондратьевтің жанқиярлық ерлігін қайталауға серттескендігі айтылған.
Кавказдағы соғыс батырлары туралы соғыстан кейін қалам тартқан авторлар да старшина Кондратьев Леонтий Васильевичтің өзінің елу жылдық өмірінде көп нәубетті көргенін атап көрсеткен болатын. Бұл – оның өміріндегі үшінші соғыс. Сарбаздық міндеттің қызығы мен қиыншылығын бір кісідей көрген ол империалистік соғысты да, Деникинге қарсы күресті де, ақ поляктарға қарсы арпалысты да бастан кешірді. Немістерге қарсы күресте де қаруын қолынан тастамады. Гитлершілдердің 198-жаяуәскер дивизиясына соққы беріп, Хатыпс өзенін қолға алуға бұйрық берілген болатын. Таңнан, бері тыныш таппаған взвод тұман мен түтінді пайдаланып 400,3 биіктікке еңбектей жылжып жақын келген тұста жау оқ жаудыра бастады. Кеңес әскерлері кері шегінбеді. Старшина Кондратьев осы сәтте алғашқылардың бірі болып шабуылға шығып, ондаған гитлершілдердің көзін жойды [6].
КСРО Жоғары Кеңесі Президиумның 1943 жылғы 31 наурыздағы жарлығымен «Әскери тапсырманы орындау барысындағы адалдығы, неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен қайсарлығы үшін» старшина Кондратьев Леонид Васильевичке «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді [7].
1943 жылғы 20 сәуірдегі газет материалдарында құрама командирінің саяси жетекшілер мен жауынгерлердің үлкен тобы ордендер және медаль-дармен марапатталғаны айтылған. «Қызыл матамен қапталған үстелге жас әрі сымбатты лейтенант Толубаев нық қадаммен жақындай берді. Н. Хуторына шабуыл үстінде қорқынышты, қаймығуды білмейтін командир өзінің бес автоматшыларымен бірге қарсыластың екі қарсы шабуылына тойтарыс берді. Гитлершілдердің саны екі жүздей еді. Бұл Толубаевты үрейлендірмеді. Фашистерді жақындау жіберіп, қынадай қыра бастады. Немістер көп өліктерін ұрыс алаңында қалдырып, кейін шегінуге мәжбүр болды. Осы ерлігі үшін офицер Толубаев Александр Невский орденімен марапатталды».
Дивизия басшылығы ұрыстарда ерекше ерлігімен көзге түскен жауын-герлер мен офицерлерді жоғары мемлекеттік марапаттарға дер кезінде ұсы-нып отырды. Саяси жетекші Романов Георгий Васильевич Ленин орденімен марапатталса, алдыңғы шептегі ұрыстарға басшылық жасай отырып, жеке ерлігімен де ерекшеленген бөлімдер командирлері Ключиков, Лисовой, Фро-лов және саяси жетекші Воробьев «Қызыл белгі» орденімен марапатталды.
Дивизия командирі полковник Сабыр Рақымов КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының атынан 1942 жылдың желтоқсанында және 1943 жылдың қаңтарында 212-дей қызыләскерлер мен кіші командирлерді, офицерлерді наградтады [8]. «Марапатталғандардың ішінде 1917 жылы туған, қазақ ұлтынан шыққан Жамбыл облысы Свердлов ауданы, Буденный атындағы ұжымшардың тумасы, 29-танкке қарсы артиллериялық дивизияның барлаушысы ефрейтор Сағиев Шыңғыс Ахметұлы да бар болатын. Сарбаз Сағиев Қызыл Армия қатарына 1940 жылдың ақпанынан қосылған. Ұлы Отан соғысындағы майдандарға 1941 жылдың шілдесінен араласқан. Белорусь Республикасының астанасы Минск түбіндегі қанды ұрыстарға қатысқан. Сол шайқастарда жараланып, емделгеннен соң Оңтүстік майданға жіберілген. 1942 жылы тамызда Батайск қаласының сыртындағы соғыста ерекше ерлік көрсеткен. Бораған оқтың астында жүріп, жарты шақырым жерден Моншаев екеуі зеңбірекке снаряд жеткізіп беріп тұрған. Моншаев сол әрекет үстінде қаза тауып, Сағиев ызалана қимылдап, жәшік толы снарядтарды батареяға еңбектеп жеткізуін тоқтатпаған. Сол сәтте фашистер батареяны қоршауға ала бастады. Сағиев те қарап қалмай, жаралы жауынгердің қолынан пулеметін жұлып алып, оқ жаудырып, 20 фашисті жер жастандырды. Оның бірде-бір нысананы назардан тыс қалдырмайтын қырағылығын айтпағанның өзінде, барлау кезінде батылдық пен мұқияттылықты берік ұстайтын».
Бұл жолдар дивизия командирі инженер-майор Бодровтың қолы қойылған марапат қағазынан алынып отыр.
Дивизия командирі С.Рақымов оны өзі бекітіп, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапаттаған [9].
1923 жылы туған Оңтүстік Қазақстанн облысы, Жуалы ауданы, Самсоновка ауылынан шыққан он тоғыз жасар жас офицер Данилко Иван Федоровичтің марапат қағазында оның 1942 жылдың 29 желтоқсанында «Қызыл Жұлдыз» орденін алғандығы жазылған. Ол 403,3 биіктікті бағындырудағы ұрыста шешімділік пен жанқиярлық танытқан. Жаудың толассыз боратқан оғының астында алға ұмтылуын тоқтатпай, үш рет шабуылға шығып, жау блиндаждарына жетіп, оның біреуін жарып жіберген. 7-8 желтоқсандағы «Белгісіз» биіктігі үшін өткен шайқаста жау шебіне жеке-дара жетіп, қос гранатамен дзотты жарып, 10 гитлершінің көзін жойды. Осы ұрыста ауыр жарақаттанып, госпитальға жіберілді. 723-СП-нің командирі майор Строковтың мәлімдемесінде дивизия командирі полковник Сабыр Рақымовтың лейтенант И.Ф. Данилканы «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапаттағаны жайында айтылған [10].
1943 жылғы 22 ақпанда командир бұйрығымен Рақымовтың әскери құрамасынан ұрыста көрсеткен ерлігі мен ержүректігі үшін 20 адамға «Қызыл Жұлдыз» ордені, 64 адамға «Ерлігі үшін» және «Ұрыстағы ерлігі үшін» медальдары берілді.
Кавказ үшін болған 6 айға созылған күресте 56-армия құрамындағы 395-атқыштар дивизиясы жаудың Туапсеге өтер жолына тосқауыл қойды. Сол кезде 1058 адам марапатқа ұсынылды. Олардың арасында белгілі мерген Василий Курка, пулеметші Пителин, автоматшылар взводының командирі лейтенант Толыбаев та болды [11].
Дивизияның атқыштар полкі соғысты өз тұғырына екі орден қадаумен аяқтады. Артиллериялық полк Богдан Хмельницкий орденімен, 29-ИПТАД – «Қызыл белгі» орденімен марапатталды [12].
Дивизия командирі С.О.Рақымовтың Солтүстік Кавказ бен Закавказье үшін өткен шайқастарда белсенді қорғаныс пен сәтті шабуылдарды шебер ұйымдастыра білуі жоғарыда аталған марапаттарға жетуде оның аз еңбек сіңірмегендігін айғақтайды.
Әскери Кеңестің Сабыр Рақымов атына жіберген жеделхатында былай делінген: «Сіздің басқаруыңыздағы дивизия алдымен он сегізінші, кейіннен 56-армияның құрамында жоғары әскери дайындығымен ерекшеленіп, мәңгі өшпес ерліктер жасады. Сізге жолдас Рақымов, және дивизияның жеке құрамына алғысымызды айта отырып, алдағы уақытта да жауды талқандауда осы табандылығын жоғалтпайтынына үлкен сенім білдіреміз. Жеделхатқа Петров, Колонин, Ермолов, Гречко, Харитонов, Гольденштейн және Кальченко қол қойған. Бұлар Черноморск тобы әскери құрамдары мен армиясының басшылары мен саяси жетекшілері болатын. Осылайша дивизия командирінің әскери қызметі жоғары бағаланды. Оған «Қызыл белгі» және «2-дәрежелі Суворов» ордендері тапсырылды. КСРО Үкіметінің 1943 жылғы 19 наурыздағы шешімімен 395-атқыштар дивизиясының командирі Сабыр Омарұлы Рақымовқа «генерал-майор» әскери шені берілді.
1943 жылдың маусымынан С.О.Рақымов Ворошилов атындағы Жоғары Әскери академияға жіберілді. Осы уақыттан академия 9 айлық оқу мерзіміне ауысты. Сабыр Рақымов толыққанды білім алып, тактикалық-шапшаңдық шеберлігін шыңдау үшін Мәскеуге келді. Сабыр секілді жоғары дәрежелі командир үшін бұл оқудың майдан даласында практикалық тапсырмаларды орындауда да көп көмегі тигені анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет