ISSN 1680-0761 Ó М.Өтемісов атындағы БҚМУ, 2013.
тіркеу нөмірі 1432-Ж
педагогика Педагогика pedagogics
УДК 371.3(574)
Н. Оразахынова – п.ғ.д., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры E-mail: Nyrsha_1@mail.ru Г.М. Кенжебаева - п.ғ.к., аға оқытушы, Абай атындағы Қаз ҰПУ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Аңдатпа. Мақалада қазақстандық білім жүйесіндегі оқыту технологиялары он деңгейде талданған. Білім сапасын арттырудағы педагогикалық технологиялар туралы айтылған ой-тұжырымдарды саралай келе, мақалада төмендегідей тұжырымдар жасалған: білім алушыларға сапалы білім, білік берудегі педагогикалық технологиялардың түрлері сан алуан, оларды өз тәжірибесіне енгізуді таңдау және одан нәтиже алу оқытушының кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты екендігі, педагогикалық технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана нәтижеге жетуге болатындығы, білім беру үдерісіне мақсатты түрде педагогикалық технологияларды енгізу материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай болуын қажет ететіндігі.