Түйін сөз: шөлейт, эфемерлер, эфемероидтар, фитоценоз, фенофаза, қауымдастық, фитомасса.
Батыс Қазақстан облысының өсімдік жабынында үш зонаның эле-менттері бар: нағыз дала зонасы - солтүстікте; жартылай шөлейтті зона – облыстың орталық бөлігінде; ал шөлейтті зонаның солтүстік шекарасы оңтүстік аудандарды басып өтеді.
Шөлейт – тұрақты немесе маусымдық құрғақ климатты облыстарға тән ландшафт түрі (біздің облысымызда маусымдық ыстық климат). Шөлейттер Жердің құрғақ бөлімінің 1/3 алып жатыр. Шөлейттің өсімдік қауымдары (фитоценоздары) түрге кедей; жамылғысы - сиреген түрлерден құралады. Топырақ пен грунттың (жер асты суы) сипатына байланысты шөлейттер – құмдық, тастық, құмдауық, тақыр, сорлы т.б. болып жіктеледі. Біздің облысымыздың шөлейттері материкішілік болғандықтан, оған ксерофильді типтегі өсімдіктер, жапырақсыз бұталар, жартылай бұталар (жүзгін, қылша, сораңдар, жусандар т.б.) тән. Шөлейттің өсімдігінде маңызды орынды даму дәуірі қысқа (тек қана көктемде) – эфемерлер (біржылдықтар) және эфемероидтар (көпжылдықтар) алады. Сорларда галофиттер (тұз сүйгіш), суккуленттер (суы көп, шырынды), жартылай бұталар мен бұталар (жыңғыл, ақтікен) және біржылдық сораңдар (сора, ащышөп) өседі.[2. б.12]
Батыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлімінде, құмды массивтердің етектерінде, нағыз ақ жусанды шөлейт орналасқан. Бұл жерлерде де қонақ, ебелек өседі. Көктем кезінде эфемерлер көп өсетіндіктен, бұл аймақтар көктемгі жайылым ретінде пайдаланылады.Оңтүстік аймақтарды (Арал-Сор, Итмұрын-көл) қараматау, қонақ, изен, жаушалғын өскен қара жусанды шөлейт алып жатыр. Жазғытұрым бұл жерлерде мортық пен жуашықты қоңырбас көп өседі. Атап айтсақ, Қаратөбе ауданының оңтүстігіндегі сорлар-да көп аймақтарды көкпекті, қара жусанды – көкпекті шөлейттер алып жа-тыр. Сондай-ақ бұл жерде көкпекпен қара жусаннан басқа қараматау, сораң, мортық, ақмамық, жаушалғын, қияқ және эфемерлер көп өседі. [2. б.13]
Аудан ішіндегі өсімдіктер (топырақтар сияқты) үш аймақтық типке жатады: солтүстікте – далалы, орталық бөлікте – шөлді-далалы (шөлейтті), ал оңтүстікте – шөлді.
Аудандағы солтүстік бөлігінің ақселеу шөбі басым далалар екі фенологиялық фазаларға бөлінеді: бұлар көктемгі гүлдеу фазасына жататын боз ақселеулері бар (саздауытты және құмдауытты топырақта өсетін Лессинг ақселеуі, ал құмды топырақтағы боз ақселеу) және жазғы фазадағы қылқанды ақселеулер (тырса ақселеуі, сарепта ақселеуі). Аудан даласындағы ақселеулер телемі бетегенің едәуір көлемдегі алқабымен жиі алмасып отырады. Бетеге бірлестіктері әдетте құм бидайығымен, шисабақтармен бірлеседі, ал ақселеулер, егер кездескен жағдайда, бұл астықтұқымдасты өсімдіктердің тығыздығы сирек болғандықтан басымдылық ролін қосымша негізде бағалауға болады. [2. б.14]
Шымды өсімдіктердің басым доминантты бірлестіктері осы далаларда фитомассаның максимум өнімділігін туғызады. Мұндай өсімдіктер бүкіл вегетативтік кезең бойы өсіп-өнеді, бірақ дала алқабында олардың дамуы жаздың қуаңшылық айларында /шілдеде-тамыздың бірінші жартысында/ бәсеңдейді; бұл жартылай тыныштық кезеңідеп аталады. Шөп қалың-дығының жоғарғы шегі шілдеде болады, ол жауын-шашынның мол түсуімен сәйкес келеді.
Екінші кезектегі маңызға климат қуаңшылығының ұлғаюына байла-нысты оңтүстікке қарай едәуір азаятын даланың әртүрлі шөптесін өсімдіктері ие болады. Даланың әртүрлі шөптесін өсімдіктеріне жерасты бөліктерінің мәні өте маңызды өйткені әр түрлі тіршілік формаларын құрайды. Сонымен, даланаң әр түрлі шөпті өсімдіктер құрамына кіндік тамырлы (мыс., қалампыр, гүлкекіре, т.б.) тамырсабақтылар (мыс., бурыл бөденешөп, қызыл-бояулар және т.б.), атпа тамырлы (мыс., бөрте жусан) өсімдік түрлері жатады.
Оңтүстікке қарай жартылай бұталы, соның ішінде жусан мен ала бота туысына жататын өсімдіктердің мәні арта түседі. Сай мен дала көлбеулері беткейлері бойында, дала бұталары: тобылғы, шайқурай жапырақты тобылғы, аласа бадамша, бұталы қараған және т.б. кездеседі.
Ұзақ уақыт өсіп-өнетін өсімдіктерден басқа далалық топтардың құрамында сонымен қатар әртүрлі қысқа вегетативті өсімдіктер кездеседі: ылғал мол жылдарда ерекше жақсы дамитын біржылдық (эфемерлер) және көпжылдық (эфемероидтар мен гемиэфероидтар). Эфемерлер мен эфеме-роидтар өздерінің вегетациялық өсіп-өнуін, жеміс беруін қоса есептегенде көктемнің соңына қарай (мамырдың екінші жартысы), ал гемиэфероидтар – маусымның соңына қарай аяқтайды. Далаларға қаңбақ түзетін әр түрлі өсімдіктер тән. Бұлар – майда жапырақ аққаңбақ, кермектер, тікенді әрем және т.б. түбірінен жұлынып, желдің әсерімен далада жер бетінде ұшып жүреді және жерге соғылған кезде тұқымын шашады. [1. б.28]
Ауданның оңтүстігінде шөл зонасына тән өсімдіктер типі дамиды. Әдетте алабұта тұқымдасы мен астра тұқымдасының жусан түрінен болатын ксерофильді бұташықтармен бірге үстемдік етеді. Шөл өсімдік бірлестіктері беткі беттің аздаған мөлшерін жабады.
Шөлейтте Лерх жусаны, қаражусан сонымен қатар құмда Черняев жусаны (құмды) басым келеді. Қалдығайты өзені су жинау алабында төбешікті құм арасында жантақ жиі кездеседі. Ең ауыр механикалық құрамдағы өзгерген топырақ телімінде әдетте адыраспан кездеседі.
Өсімдік бірлестіктерінің өнімділігін және өнімділік-деструкциялық про-цесс қарқындылығын зерттеу Халықаралық биологиялық бағдарламасы бойын-ша жүзеге асады. (Родин, Базилевич, 1965; Родин, Базилевич, Ремезов, 1968).
Биологиялық айналымды зерттеу ауыл шаруашылығы үшін сараман-дық жағынан маңызды болып келеді. Тек қана өсімдіктердің тіршілік цикіліне қатысатын және топыраққа қайта түсетін элементтердің мөлшерін нақты білгенде ауыл және орман шаруашылығының түрлі салаларында ғылыми негізделіп сараманға енгізуге болады. Сонымен бірге орман массивтері, жайылымдық, шабындық жерлер сияқты табиғи байлықтарды тиімді пайдалану жолын ашып көрсете аламыз.
Өсімдіктер бірлестіктерінің өнімділігінің биологиялық айналымын зерттеу халықаралық биологиялық бағдарлама қабылдаған әдіс бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар Л.Е.Родин, Н.К.Ремезов және Н.М.Базилевич жұмыстарында талқыланған әдістер қолданылды.
Зерттеулер Қартаөбе ауданы территориясында орналасқан 3 ауылдық учаскілерде жүргізілді. Атап айтсақ, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы; Үшағаш ауылының маңы; Жусандой елді мекені маңы. Табиғи биогеоце-ноздар даладан тұрады және осы учаскілер негізгі зерттелу аймағы құрылымы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |