Астық тұқымдастар
Бұршақ тұқымдастар
Әртүрлі шөптесін өсімдік
Жалпы салмақ
Геоботаникалық зерттеулер. Даланың өсімдік жабынын зерттеу, байқау алаңқайларын салудан басталады. Байқау алаңқайы – зерттеуге алынған кез келген өсімдік қауымының әдейі бөлінген учаскесі (бөлімшесі). Дала биогеоценоздарында органикалық зат динамикасын және фитомассасын өлшеу үшін татпалық алаңқай салу әдісі қолданылды. Далалық зерттеулер В.В.Алехин, Н.П.Ремезов, Л.Е.Родина, Н.И.Бозиловичтің әдістемелік нұсқау-лары бойынша жүргізілді. Өсімдіктер ішінде өткен жылғыдан қалғандары пішендік үлгіге таңдалынды. Төсенішті егетін алаңқайлардан шөпті кескеннен кейін алынып, топырақ жиынтықтарынан тазаланады. Тірі өсінділер, фитомассамен бірге есептелінеді.
Жер үсті фитомассаның және тамырдың жылдық өсім Титилянова (1971,1978) әдістемесі бойынша байланысты теңестірулер арқылы жүзеге асты. Осы теңдеулер бойынша өткен жылғы өсімдік қалдығы, төсеніш және өлі тамырларының кірісі, сонымен қатар төсеніш және өлі тамырдың минерализациясы кезінде шығыны есептелінеді.Топырақ ылғалдылығы әр гаризонт үшін 2 реттік қайталамамен салмақтық әдіспен өлшенеді.
Өсімдіктердің татпалық үлгісін алу және өсімдік бірлестіктерінің өнімділігінің барысында жүргізілді. Фитомассаны есептеу пішіндік әдіспен 20см2 х 20см2 алаңқайда, әр мерзімде 3 алаңқайдан таңдау негізінде жүзеге асады. Қауымдастықтың пішендік фитомассасы түрлік анализсіз, толықтай өлшенеді. Жер беті фитомассасы ауада құрғақ күйге дейін кептіріліп, өлшеніп, ц/га есептелінеді. Өсімдік қауымдастықтарының биомасса динами-касын есептеу 1 ай сайын жүргізіліп отырады. Химялық анализ және өнімділікті есептеу үшін өсімдік және топырақ үлгілерінің татпасын алу айына бір рет жиілігімен жүргізілуі керек. [3. б.18]
Өсімдік қауымдастығының жер асты бірлестігі бұрғылау әдісімен алынды. Тамырлар қолмен таңдалып алынып 25 мм диаметрдегі електе жуылып, өлі және тіріге ажыратылып, ауада құрғақ түрде жеткеше кептіріліп, өлшеніп, ц/га есептелінеді.
Зерттеліп отырған аудан шөлейт зонасына тән. Нақты зерттеліп отырған қалыпты жайлымдық күш түскен өсімдік қауымдастықтары: сүттігенді - бидайықты қауымдастық, кермекті - ақ жусанды қауымдастық, астық тұқымдасты-ақ жусанды қауымдастық. Жалпы фитомасса қоры бойынша жоғары көрсеткіш кермекті-ақ жусанды қауымдастықта, ал төменгі биологиялық өнімділік астық тұқымдасты-ақ жусанды қауымдастық.
Туған өлкенің табиғатын зерттеу үшін, әрине, теориялық біліммен шектелмей оны табиғи ортада жүргізе білу керек. Біз бұл мақсатты көздеген кезде белгілі бір зерттеу әдістері мен экологиялық соқпақ-жолдарды білуі қажет деген қорытындыға келеміз.
Әдебиеттер Петренко А.З., Джубанов А.А., Фартушина М.М., Иркалиева Р.М., Рамазанов С.К., Сдыков М.Н., Дарбаева Т.Е., Кольченко О.Т., Чернышов Д.М. Природно-ресурсный потенциал и проектируемые обьекты заповедного фонда Западно-Казахстанской области. - Уральск,1998.- с. 176.
Дарбаева Т., Отаубаева А., Цыганкова Т. Батыс Қазақстан облы-сының өсімдік әлемі. - Орал, 2001.- 78 б.
Родин Л.Е., Базилевич Н.И. Динамика органического вещества и био-логический круговорот в основных типах растительности. – М., 1965. - с. 252.