Педагогикалық ойдың дамуының тарихы жастардың эстетикалық тәрбиесінің мәселелері әр кез көкейкесті болғанын айғақтайды. Бұл мәселе бұрынғы ағартушыларды да ойландырды және қоғам дамуының қазіргі кезеңінде де өзінің маңызын жойған жоқ. Азаматтың эстетикалық әдептілігінің деңгейімен зерттеушілер реформаның мыктылығын, мемлекеттің дамуының озық деңгейімен байланыстырады. Сол жай-жапсарлар оқушы жастардың адами-эстетикалық тәрбие мәселесінің өзектілігінің көрсеткіші болып табылады.