Сабақтың мақсаты: а 1867-1868 жылдардағы реформаның Қазақстан жеріне тигізген отаршылдық сипатын ашып түсіндіру



Дата22.06.2017
өлшемі36,29 Kb.
#19779
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың 60 жылдарындағы әкімшілік реформалар.

Сабақтың мақсаты: а) 1867-1868 жылдардағы реформаның Қазақстан жеріне тигізген отаршылдық сипатын ашып түсіндіру.

ә) Сын түрғысынан ойлауға,ой шақыра білуге , салыстыру мен талдауға үйрету. Тарихи танымдарын,шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

б)Ізденімпаздыққа,шығармашылыққа,өз Отанын сүюге,тарихи тұлғаларды құрметтеуге,ұлтшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Дәстүрлі сабақ: Сын тұрғысынан ойлау

Әдісі: Ізденіс,сұрақ-жауап,тірек сызбамен жұмыс,мәтінмен жұмыс.

Көрнекілігі: тірек сызба, карта, слайд

Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Өтілген үй тапсырмасын сұрау.

1.Орта жүзде хадық биліктің жойылу себебі,салдары.

2. Кіші жүзде хандық биліктің жойылу себебі

3. Қазақ жеріндегі жаңа әкімшілік билікке сипаттама беріңдер

4.Реформаның мәні мен маңызы неде?



III. Жаңа сабақ жоспары:

1.Қазақстанда реформа жүргізудің басталуы.

2.Басқарудың ерекшелігі.

3.Сайлау және міндеткерліктер.

4.Денсаулық сақтау,жер мәселелері.

5.Реформаның отаршылдық сипаты,мәні.



Ой қозғау.

Жер - ұрпаққа қалдырар жалғыз мұраң. Жерді беру-ұрпағыңды сол мұрадан айырып, ертең біреуге тәуелді ету, құлдыққа беру.

Мөде хан

  • Оқушылар, бүгінгі сабағымызда XIX ғ 60ж қазақ жеріндегі жаңаша басқару әкімшілік реформаларымен танысып,отаршылдық сипаты мен мәні жөнінде мағлұмат аламыз. Оқушыларды топқа бөліп,тапсырмалар беру.

1-топ 1-тапсырма. Ержені оқып,танысу, талдау,өз ойларын айту.



1867 ж 11 шілде:

«Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша ЕРЕЖЕ»

1868 ж 21 қазан: «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы уақытша ЕРЕЖЕ»

2-топ. 1-тапсырма. Басқарудың ерекшелігі.

1.Генерал - губернаторлық -----------губернатор

2.Облыс ----------------- әскери губернатор

3.Уезд ----------------- уезд бастығы

4.Болыс ---------------- болыс сұлтаны

5. Ауыл ---------------- ауыл старшыны



1-топ. 2-тапсырма. Картамен жұмыс.

Жетісу облысы:Қапал,Верный,Жаркент,Ыстықкөл.

Сырдария облысы:Қазалы,Перовск,Түркістан,Шымкент.

Орал облысы:Гурьев,Калмыково,Жем.

Торғай облысы:Елек,Николаев,Ырғыз.

Ақмола облысы.Көкшетау,Петропавл.

Семей облысы:Павлодар,Семей,Қарқаралы.

2-топ. 2-тапсырма.1867-1868 жж реформа бөлімдерін талқылау.


Сайлау жүйесі

Міндетті атқарылатынборыштар бообоборыштар

1867 -1868 жж реформа





Денсаулық сақтау саласы

Жерді пайдалану мәселелері


3-тапсырма.Топтық жұмыс. Реформаның отарлау мәні жөнінде пікір жазады,өз ойларын ортаға салады, қорғайды.

Сабақты бекіту:

1.1822 ж «Жарғының» авторы кім?

2.1824 ж «Жарғының» дайындаған кім?

3.Дала комиссиясы қай жылы құрылды?

4. ІІ Александр ережелері қай жылдары қабылданды?

5.Бүкіл қазақ жері неше губернаторлыққа бөлінді?

6.Ішкі Бөкей Орда қай губернаторлыққа қарады? Картадан көрсет

7.Маңғыстау жері қай губернияға кірді?



Оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма. XIX ғасырдың 60 жылдарындағы әкімшілік реформалар тақырыбы мен бөлімдерін оқып, талқылау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет