Дақыл: Судан шөбі
Сорт: Землячка
Авторлар: Володин А.Б., Вахопский Э.К., Жукова М.П., Огарев В.Д.
Оригинатор: «Ресей ауыл шаруашылығы академиясы Ставрополь ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Мемлекеттік ғылыми мекемесі».
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2014 жыл
Ұсынылған облыстар: Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қостанай
Пісіп-жетілу мерзімі: Қостанай облысы бойынша көктемгі көктеуден бірінші шабысқа дейін вегетациялық кезеңі 64 күн, тұқымның пісіп-жетілуіне дейін 112 күн, Жамбыл облысы бойынша көктемгі көктеуден бірінші шабысқа дейін вегетациялық кезеңі 60 күн, тұқымның пісіп-жетілуіне дейін 107 күн. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көктемгі көктеуден тұқымның пісіп жетілуіне дейін вегетациялық кезеңі 114 күн, Алматы облысы бойынша көктемгі көктеуден бірінші шабысқа дейін вегетациялық кезеңі 50 күн.
Сорттың сипаттамасы: тік өсетін түп, тұқымның пісіп-жетілуі кезіндегі өсімдік биіктігі 250-280 см. Орташа түптенеді (3-тен 5 сабаққа дейін). Сабағы цилиндр тәрізді, қалыңдығы орташа, 7-8 буынаралығы бар, құрғақ сабақты. Жақсы жапырақтанады. Жапырақтары ірі, иілген. Сіпсебастары тік өседі, пішіні ланцет тәрізді, ұзындығы 35-40 см дейін. Масақ қабыршақтары қара. Тұқымы қауызды.
Өнімділігі: Жамбыл облысы бойынша көк балаусаның орташа өнімділігі 554 ц/га, тұқымның орташа өнімділігі 10 ц/га, абсолюттік құрғақ зат 151,9 ц/га.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көк балаусаның өнімділігі 248,2 ц/га, абсолюттік құрғақ зат 75,5 ц/га құрады.
Алматы облысы бойынша көк балаусаның орташа өнімділігі 422,5 ц/га, абсолюттік құрғақ заттың өнімділігі 84,5 ц/га.
Қостанай облысы бойынша көк балаусаның орташа өнімділігі 95 ц/га құрады. Абсолюттік құрғақ заттың орташа өнімділігі 46 ц/га. Тұқым өнімділігі 12 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша құрғақ заттың мөлшері 36,5%, Алматы облысы бойынша ақуыздың мөлшері 6,1 %, жасұнық 32,8 %, Қостанай облысы бойынша көк балаусадағы ақуыздың мөлшері 8,4%, жасұнық 23,3%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): құрғақшылыққа және жатып қалуға төзімділігі 5 балмен бағаланады.Суыққа төзімділігі 4 балл. Өтініш берушінің деректері бойынша сынақ барысында жұқпа жағдайында жабынды қара күйемен зақымдану 6,5% құрады. Сынақ барысында зиянкестермен зақымданған жоқ.
Пайдалану бағыты: азықтық бағыт
Ерекшеліктері: бастапқы өсу және шабыстан кейін өсу барысында сорт жоғары қарқынмен өседі, құрғақшылыққа және жатып қалуға төзімділігі жоғары болуымен ерекшеленеді. Аурулар мен зиянкестерге шалдыққыш.
Ұсыныстар: Жамбыл облысының суармалы аймағында (Жамбыл кешенді МСУ), Оңтүстік Қазақстан облысының орталық аймағында (Сайрам кешенді МСУ), Алматы облысының тау бөктері аймағында (Еңбекшіқазақ МСУ), Қостанай облысының орманды далалық аймағында кәдімгі қара топырақтарда (Қазақстан МСС) пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Егістік тары
Сорт: Барнаульское 98
Авторлар: Шукис Е.Р., Лаук Р.П., Васильченко Н.Ф., Туманов А.А.
Оригинатор: Ресей ауыл шаруашылығы академиясы Алтай ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мемлекеттік ғылыми-мекемесі
Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл 2014
Ұсынылған облыстар: Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан
Түршесі: coccineum.
Пісіп-жетілу мерзімі: ерте пісетін (70 – 75 күн)
Сорттың сипаттамасы: өсімдік биіктігі орташа (90-110 см), жақсы жапырақтанған (32,5%). Сабақтары тік, жатып қалуға төзімді, буынаралықтарының саны 5-7. Сіпсебасы тармақтанған, ұзындығы 25-30 см, антоциан бояуы жоқ, тармақтарының негізінде жастықшалары бар. Дәні шар тәрізді, арқа жағынан әлсіз жаншылған. Гүл қабыршақтарының бояуы ақшылт-қызыл, олардың ортаңғы бөлігі біршама қанық. 1000 тұқымның салмағы 7,5-8,0 грамм.
Өнімділігі: Шығыс Қазақстан облысы бойынша дәннің орташа өнімділігі 19,6 ц/га құрады. Қостанай облысы бойынша өнімділігі 19,1 ц/га, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 20,1 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: жарма шығымы 84 %, қауыздылығы 14,6%, шикі протеин мөлшері 15,6%, ботқаның дәмі 4 балл.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): құрғақшылыққа төзімділігі 4,9 балл, шашылып қалуға төзімділігі 3,8 балл, жатып қалуға төзімділігі 5 балл. Тозаңды қаракүйемен аз зақымданады (3,0%), өсімдік биіктігі орта шамамен 84 см.
Пайдалану бағыты: жармалық және мал азықтық бағыт.
Ерекшеліктері: сорт пісіп-жетілуі бойынша ерте пісетін типке жатады, жоғары икемділігімен сипатталады, құрғақшылыққа біршама төзімді, сонымен қатар сорт дақылдың өсіру жағдайына сезімтал. Ору кезінде борпылдақ, жақсы аэрацияланатын, тез кебетін дестелерге дестеленеді. Жасанды жағдайда тозаңды қара күйемен орташа дәрежеде зақымданады. Жарманың технологиялық сапасы жақсы.
Ұсыныстар: Қостанай облысының далалық аймағында оңтүстік қара топырақтарда (Қостанай кешенді МСУ), Шығыс Қазақстан облысының шөл-далалық суармалы аймағында (Күршім МСС), Солтүстік Қазақстан облысының далылық аймағында (Шалақын МСУ) пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Қант құмай жүгерісі
Сорт: Ларец
Авторлар: Володин А.Б., Жукова М.П.
Оригинатор: «Ресей ауыл шаруашылығы академиясы Ставрополь ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты Мемлекеттік ғылыми мекемесі».
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2014 жыл
Ұсынылған облыстар: Алматы, Оңтүстік Қазақстан
Пісіп-жетілу мерзімі: орташа пісетін
Сортың сипаттамасы: Тұқымның пісуі кезінде өсімдік биіктігі 220-240 см. Биіктігі бойынша өсімдіктер біркелкі, тармақтанбайды. Сабағының қалыңдығы орташа, жақсы жапырақтанады. Негізгі сабағындағы жапырақтарының саны 9-10. Жапырақтары ірі, ұзындығы 70 см дейін. Дәні сопақша, сұр-қоңыр, қауызды. 1000 тұқымның салмағы 14,2 гр., піскен сыпыртқыгүлінің салмағы 103,1 гр.
Өнімділігі: Еңбекшіқазақ және Сайрам мемлекеттік бөлімшелерінде стандартсыз сынақтан өтті. Алматы облысы бойынша көк балаусаның өнімділігі орта шамамен 200,8 ц/га құрады, дән өнімділігі 18,1 ц/га, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көк балаусаның өнімділігі 235,7 ц/га, құрғақ зат 69,3 ц/га, дән өнімділігі 16,2 ц/га.
Сапалық көрсеткіштері: Алматы облысы бойынша дәндегі ақуыз мөлшері 9,9 %, жасұнық 20%, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша дәндегі ақуыз мөлшері 12,9 %, жасұнық 36,5%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): сынақ барысында зиянкестермен зақымдалған жоқ. Өтініш берушінің деректері бойынша бітемен зақымдалу 5%, қаракүйемен 0,5%, бактериозбен 6-7% құрайды. Жатып қалу мен сабақтың сынғыштығына төзімділігі 5 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі 4 балл.
Пайдалану бағыты: мал азықтық бағыт
Ерекшеліктері: көктеу кезеңінде суыққа төзімділігімен және бастапқы өсу қарқынының жоғарылығымен ерекшеленеді. Жатып қалу мен сабақтың сынғыштығына төзімді. Өсімдік бітемен әлсіз зақымданады.
Ұсыныстар: Алматы облысының тау бөктері аймағында (Еңбекшіқазақ МСУ), Оңтүстік Қазақстан облысының орталық аймағында (Сайрам кешенді МСУ) пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Эспарцет
Сорт: Карабалыкский рубиновый
Авторлар: Папета С.И., Салмагамбетова К.С., Молдабаева Г.С., Аманжолов Е.С., Мальцев А.В., Копп Н.А.
Оригинатор: «Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясы» ЖШС
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2014 жыл
Ұсынылған облыстар: Ақмола, Солтүстік Қазақстан
Пісіп-жетілу мерзімі: Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көктеуден 1 шабысқа дейін вегетациялық кезеңі 60 күн, тұқымның пісіп-жетілуіне дейін 100 күн. Ақмола облысы бойынша бірінші шабысқа дейін вегетациялық кезеңі 70 күн, тұқымның пісіп-жетілуіне дейін 101 күн.
Сорттың сипаттамасы: сорт жазық-далалық эспарцет түріне жатады. Жартылай тік өсетін түп. Орташа түптенеді. Сабақтарының ұзындығы орташа, нәзік, басым көпшілігі қуыс. Тармақтануы орташа. Жапырақтары жасыл, жұқа, нәзік, мөлшері ірі, кейде орташа. Әлсіз сирек, орташа қысқа басылған түктермен түктелген. Балауыз жұғыны жоқ. Тамыры жүйесі қуатты, жақсы дамыған, кіндік-тармақтанған. Негізгі тамыр бүйір тамырларымен жақсы байқалады.
Өнімділігі: Ақмола облысы бойынша көк балаусаның өнімділігі 74 ц/га құрады. Құрғақ заттың орташа өнімділігі 30,2 ц/га, тұқым өнімділігі 4,79 ц/га. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көк балаусаның орташа өнімділігі 76,3 ц/га. Абсолюттік құрғақ заттың орташа өнімділігі 18,6 ц/га. Тұқым өнімділігі 4,5 ц/га.
Сапалық көрсеткіштері: Ақмола облысы бойынша протеин мөлшері 10,3%, жасұнық 36,1 %. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көк балаусадағы ақуыз мөлшері 14,1 %, жасұнық 20,9 %.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): қысқа төзімділігі, құрғақшылыққа төзімділігі 5 балл. Сорт тат пен ақ ұнтаққа және зиянкестерге төзімді.
Пайдалану бағыты: мал азықтық бағыт
Ерекшеліктері: құрғақшылыққа және қысқа төзімділігі жоғары, аурулар мен зиянкестерге төзімді.
Ұсыныстар: Ақмола облысының және Солтүстік Қазақстан облысының ІІІ далалық аймағында (Шалақын МСУ) пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Тік арпабас
Сорт: Целиноградский юбилейный
Авторлар: Володин А.Б., Жукова М.П.
Оригинатор: «А.И. Бараев ат. астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2014 жыл
Ұсынылған облыстар: Ақмола, Солтүстік Қазақстан
Пісіп-жетілу мерзімі: Ақмола облысы бойынша бірінші шабысқа дейін вегетациялық кезеңі 66 күн, тұқымның пісіп-жетілуіне дейін-96 күн. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бірінші шабысқа дейін вегетациялық кезеңі 41 күн, тұқымның пісіп-жетілуіне дейін 96 күн.
Сорттың сипаттамасы: тік өсетін, ұзын түп, дегелектері мен жертаған жапырақтары бар. Түптенуі орташа 100 (60-14) өркен. Сабағы тік, қуыс, биіктігі (93-105) см. Жапырағы жай, қатарлы, үшкір, күңгірт-жасыл түсті, қатты түктелген, жұмсақ, сабақтың ортаңғы бөлігінің ұзындығы 15-19 см, ені 8 (5-12 мм). Гүлшоғыры ұзынша келген шашақгүл, ұзындығы 5-12 мм, тік жартылай қысылған, аздап шашыраңқы. Тұқымы ірі, созыңқы 11-12 мм, ені 2,3-2,7 мм, жазық, ұшына қарай қысыңқы қылтанаққа ауысады, ұзындығы 5-12 мм. Тұқымның түсі қоңыр. 1000 тұқымның салмағы – 4,15 гр.
Өнімділігі: Ақмола облысы бойынша сынақ өткізілген жылдары көк балаусаның орташа өнімділігі 76 ц/га құрады, абсолюттік құрғақ заттың өнімділігі 33,7 ц/га, тұқым өнімділігі 4,06 ц/га. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сынақ өткізілген жылдары көк балаусаның орташа өнімділігі – 40 ц/га құрады, абсолюттік құрғақ заттың өнімділігі – 16,7 ц/га, тұқым өнімділігі – 2,3 ц/га.
Сапалық көрсеткіштері: Ақмола облысы бойынша көк балаусадағы протеин мөлшері орта шамамен - 7,3 %, жасұнық - 38%, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көк балаусадағы протиннің мөлшері 5,4%, жасұнық – 34,5%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): жатып қалуға және құрғақшылыққа төзімділігі 5 балл. Қысқа төзімділігі – 5 балл. Өтініш берушінің деректері бойынша табиғи жағдайда қоңыр татпен 0,8%, қоңыр теңбілмен 7,7% зақымданды, қастауышпен зақымданған жоқ.
Пайдалану бағыты: мал азықтық бағыт
Ерекшеліктері: Сорт қысқа төзімді және құрғақшылыққа төзімді, ерте көктемде қарқынды өседі, ұзақ жыл өнімді. Зиянкестер мен негізгі ауруларға – қастауышқа, қара күйеге иммунитеті бар және теңбіл мен қоңыр татқа әлсіз шалдығады.
Ұсыныстар: Ақмола облысының қара топырақтары аймағында (Сандықтау МСУ) және Солтүстік Қазақстан облысының далалық аймағында (Шалақын МСУ) пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Бір жылдық үйбидайық
Сорт: Полланум (Pollanum)
Автор: ДАЛ Институт фюр Пфланценцухтунг Бернберг, 4351 Бернгург/ Заале, Германия (DAL Institutfur Pflanzenzuchtung Bernburg/ Saale Germany)
Оригинатор: «Дойче Заат Феределюнг» АГ
Өтініш беруші: «Рапуль Қазақстан» ЖШС
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2014 жыл
Ұсынылған облыс: Алматы
Пісіп-жетілу мерзімі: көктемгі көктеуден бірінші шабысқа дейінгі вегетациялық кезеңі 61 күн.
Сорттың сипаттамасы: түптің формасы жартылай тік, бірінші шабыс кезінде өсімдіктің биіктігі 71-76 см дейін жетеді. Жапырақтың түсі орташа-жасыл.
Өнімділігі: Құрғақ заттың орташа өнімділігі 18,9 ц/га, көк балауса өнімділігі 41 ц/га, тұқым өнімділігі 2,7 ц/га. 1000 тұқымның салмағы 4,1 г.
Сапалық көрсеткіштері: Протеиннің мөлшері 6,3 %, жасұнық 27,9%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): шашылып қалуға төзімділігі 4,7 балл, жатып қалуға төзімділігі 5 балл, құрғақшылыққа төзімділігі 4,3 балл. Өтініш берушінің деректері бойынша сынақ барысында қоңыр татпен 4,5% дейін, ақ ұнтақпен 2,8 % дейін зақымданды.
Пайдалану бағыты: мал азықтық бағыт
Ерекшеліктері: сорт құрғақшылыққа, жатып қалуға төзімді. Бастапқы кезеңде жылдам өсуімен ерекшеленеді. Аурулар мен зиянкестерге төзімді.
Ұсыныстар: Алматы облысының таулы аймағында (Гвардиялық МСУ) пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: күздік тритикале
Сорт: Азиада
Авторлар: Урозалиев Р.А., Айнебекова Б.А., Кожахметов К.К., Жангазиев А.С., Сарбаев А.Т.
Оригинатор: «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Өтініш беруші «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2014 жыл
Ұсынылған облыс:Алматы, Жамбыл.
Түршесі: эритроспермум.
Пісіп-жетілу мерзімі: орташа пісетін сорт.
Сорттың сипаттамасы: Масақтың пішіні пирамида тәрізді, ұзынша, тығыздығы орташа. Қылтанақтары ұзын, тік, масақтың бүкіл ұзындығы бойынша орналасқан. Дәні ірі, ұзынша келген, қызыл, терең емес сызаты бар.
Өнімділігі: Алматы облысында тәлімі жағдайында Таза стандартымен салыстыра отырып сынақ өткізілді. Орташа өнімділігі 38,5 ц/га құрады. Жоғары өнімділігі 62,1 ц/га Сарқанд МСУ-де 2013 жылы алынды. Жамбыл кешенді МСУ-де орташа өнімділігі 35,5 ц/га құрады.
Сапалық көрсеткіштері: Дәндегі ақуыз мөлшері 13,6%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Құрғақшылыққа және жатып қалуға төзімділігі жоғары. Шашылып қалуға төзімділігі 5 балл.
Пайдалану бағыты: мал азықтық бағыт
Ерекшеліктері: 1000 тұқымның салмағы орта шамамен 52,4 г. Қысқа төзімділігі жоғары. Өсімдік биіктігі 120 см
Ұсыныстар: Жамбыл және Алматы облыстарында пайдалану үшін ұсынылады.
Дақыл: Жаздық арпа
Сорт: Памяти Раисы
Авторлар: Кравченко Н.А., Слепкова Н.Н., Жлоба Г.В., Канафин Б.К.
Оригинатор: «А.И. Бараев ат. астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
Өтініш беруші: «А.И. Бараев ат. астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
Сортты Мемлекеттік тізбеге енгізген жыл: 2014 жыл
Ұсынылған облыс: Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан.
Түршесі: медикум.
Пісіп-жетілу мерзімі: Орташа пісетін сорт.
Сорттың сипаттамасы: Масағы екі қатарлы, жартылай тік өседі, борпылдақ, қылтанақты, пішіні цилиндр тәрізді, балауыз жұғыны әлсіз, сары антоциандық бояуы бар.
Қылтанақтары тік, масақтың ұзындығына тең. Дәні сары, қауызды, ірі.
Өнімділігі: Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сорттық бөлімшелерінде орташа өнімділігі 20,9 ц/га құрады. Жоғары өнімділік 28,0 ц/га Зырян МСУ-де 2011 жылы алынды. Қарағанды облысының мемлекеттік сорт сынау бөлімшелерінде орташа өнімділігі 15,8 ц/га құрады. Жоғары өнімділік 25,6 ц/га Осакаров МСУ-де 2011 жылы алынды. Ақмола облысының мемлекеттік сорт сынау бөлімшелерінде орташа өнімділігі 19,8 ц/га құрады. Жоғары өнімділік 34,0 ц/га Көкшетау кешенді МСУ-де 2011 жылы алынды. Қостанай облысының мемлекеттік сорт сынау бөлімшелерінде орташа өнімділігі 24,4 ц/га құрады. Жоғары өнімділік 48,1 ц/га Қазақстан МСС-де 2011 жылы алынды. Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сорт сынау бөлімшелерінде орташа өнімділігі 26,6 ц/га құрады. Жоғары өнімділік 46,0 ц/га Шалақын МСУ-де 2011 жылы алынды.
Сапалық көрсеткіштері: Ақуыз мөлшері 11,6-14%.
Ауруларға, зиянкестерге, жатып қалуға, құрғақшылыққа төзімділігі (балл): Жатып қалуға және шашылып қалуға төзімділігі 5 балл. Құрғақшылыққа төзімділігі 5 балл. Тозаңды қара күйемен орташа зақымданды.
Пайдалану бағыты: мал азықтық бағыт
Ерекшеліктері: 1000 тұқымның салмағы 41,4-50 г. Дәннің ірілігі – 84%. Дәннің біркелкілігі 84,2%. Табиғаты 633 г/л.
Ұсыныстар: Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында пайдалану үшін ұсынылады.
Достарыңызбен бөлісу: |