П. Васильев атындағы орталық қалалық кітапхана Ақпараттық-библиографиялық бөлім Центральная городская библиотека им. П. Васильева Информационно-библиографический отдел



бет18/44
Дата23.10.2016
өлшемі3,7 Mb.
#92
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44

Әдебиеттер

Бейсембаев Серікбай // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1988. – 3 т. – 130 – 131 б.

Бейсембаев Серікбай // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 1999. – 2 т. – 247 – 248 б.

Арын, Е. Тарихи ғылымның тұлғалы өкілі / Е. Арын, А. Нухұлы // Сарыарқа самалы. – 2002. – 29 тамыз. – 5 б.



31 желтоқсан Жазушы З. Ж. Шашкиннің туғанына 100 жыл (1912-1966)

Зейін Жүнісбекұлы Шашкин 1912 жылы 31 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. 1930 – 1933 жылдары Москваның тарих, философия және әдебиет институтында (МИФЛИ) оқыған. 1933–1937 жылдары Қарағанды қалалық комсомол комитетінің хатшысы, Семей пед.институтында, ҚазПИ – де (қ. Абай атындағы Алматы Мемлекеттік университеті) оқытушы, 1949 – 1955 жылдары Көкшетаудағы Бурабай санаторийінің Бармашы (қ. “Светлый”) пансионатында дәрігер, ал 1955 – 1966 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағында кеңесшісі қызметтерін атқарды.

З.Шашкин баспасөзде алғаш өлеңдерімен, зерттеу мақалаларымен 30 жылдардан бастап көрінді. 1934 жылы “Абай поэзиясының ерекшелігі” атты еңбегі жарияланды. Е.Ысмайыловпен бірігіп жоғары оқу орындарына арналған “Әдебиет теориясының оқулығын” (1940) жазды. Кейін Қазан төңкерісі қарсаңындағы қазақ ауылының тарихи - әлеуметтік халі, әрі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, жеке адамдардың жан-дүниесі, олардың дүние танымы суреттелген “Таң атты”, “Ұядан ұшқанда”, сондай-ақ халықтар достығы, замандастарының өмірі, туған жерге деген сүйіспеншілігі тартымды бейнеленген “Темірқазық”, “Өмір тынысы”, “Ақбота” повестері мен әңгімелер жинағы, Жетісудағы саяси әлеуметтік өзгерістерді кезең көрінісімен шынайы өрнектеген “Тоқаш Бокин” (1958) шығармалары бар.

Қазақ әйелінің қоғамдағы алатын орны, оның өндірісті, өнер- білімді, мәдениетті өрге бастаудағы және жан -ұядағы ролі, әлеуметтік, этикалық, эстетикалық көзқарастары баяндалатын “Теміртау” (1960), адамдар санасындағы және тұрмыстағы жаңа салт, озық дәстүрлерді таратудағы зиялы қауымның ролі, дәрігердің қоғам алдындағы парызы, басшы қызметкерлердің еңбек адамдарымен қарым- қатынасы, өзара сенім, достық, бірлік рухын қалыптастырудағы өнегесі айшықты кестеленген “Доктор Дарханов” (1962), тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы кезеңіндегі көрген қиыншылықтары, ой-арманы, адамгершілік асыл қасиеттері арқау етілген “”Сенім” (1966) романдары жарық көрді.

“Заман осылай басталады”, “Ақын жүрегі” пьесалары республикалық, облыстық драма театрларында қойылды. Оның шығармалары негізінде “Мазасыз таң” атты көркем фильм түсірілді. Туындылары шетел халықтары тілдеріне аударылды. “Құрмет Белгісі” орденімен марапатталған.
Әдебиеттер

Шашкин Зейін // Қазақ әдебиеті: энциклопедия. - Алматы, 1999. – 684 б.

Шашкин Зейін // Қазақ әдебиеті. энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005. – 548 б.

Шашкин Зейін // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4т. – Алматы, 1989. – 4т. – 627 – 628 б.

Шашкин Зейін // Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: анықтамалық . – Алматы, 2004. – 337 б.

***


Ақшолақов, Т. Зерделі ойдың зергері / Т.Ақшолақов // Қазақ мұғалімі. – 2003. – 28 ақпан. – 6 б.

Әбіш, А. Сегіз қырлы талант иесі / А.Әбіш // Сарыарқа самалы. – 2003. – 1 ақпан. – 1 – 2 б.

2002. – 17 қыркүйек. – 6 б.

Мұсабай, С. Зейін Шашкин ұмытылмауы тиіс / С. Мұсабай // Сарыарқа самалы. – 2002. – 8 қараша. – 4 б.

Шашкин, Д. Асқар тауым еді / Д. Шашкин // Жұлдыз. – 2002. – № 11. – 142 – 154 б.

Жанділдин, Н. Сержант Шашкин: [Павлодар облысының Ұлы Отан соғысының ардагері, жазушы З. Шашкиннің ағасы Д. Шашкин туралы] / Н. Жанділдин // қазақ әдебиеті. – 2011. – 6 – 12 мамыр (№ 18). – 3 б.

Сейітжанов, С. Зейін Шашкиннің жазушылық шеберлігі: [жазушы З. Шашкиннің шығармашылығы туралы] / С. Сейітжанов.// Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2008. - № 2. – 66 – 68 б.

Сейітжанов, С. «Теміртау» романының жазылу тарихы: [жазушы З. Шашкиннің шығармашылығы туралы] / С. Сейітжанов.// Қазақ тілі мен әдебиеті. – 2008. - № 4. – 111 – 114 б.



Айы мен күні белгісіз Павлодар облысының еске алынатын және аталып өтілетін күндер тізімі

Ақын, әнші Қ. Байжановтың туғанына 135 жыл (1877-1966)


Байжанов Қали 1877 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданының “Қайыңдыкөл» деген жерінде туған. Еңбекке жастайынан араласқан ол он бес жасынан бастап «Екібастұзда» шахтер, онан соң «Желтау» «Казмедстрой» құрылыстарында қалаушы болып істейді. Осылайша тұрмыс жағдайын бірте-бірте түзей бастап, енді ел ішіндегі ең таңдаулы әншілердің жанына еріп, олардан ән үйренуге ұмтылады. Ата-анасынан ерте айырылған.

Қали аспандағы аққуға үнін қосқан атақты әнші Біржанның шырқаған әсем әндерін өз аузынан естіп, одан үлгі алды. Әйгілі халық композиторы Жаяу Мұсаның алдында бірнеше рет ән айтқан. Көңілінен шыққан жас Қалиды өзінің бірсыпыра әндерін үйретеді. Солардан “Кідігай”, “Қоңыр”, “Толқыма”, “Хаулау”, “Қауһар қыз”, “Сапар” және “Ақ сиса” атты әндері әнші репертуарынан мәңгілік орын алады. Қали Ұлы Абайдың алдында да ән салған.

Қ.Байжановтың әншілік жолына бағыт-бағдар беріп баулыған, өзіндік ән айту мәнерін қалыптастырған Арқа еліне атағы жайылған Жарылғапберді Жұмабайұлы болды. Қозыкенің “Топайкөк”, Шама Нұрұлының “Шама”, Ақан серінің “Сырымбет”, “Құлагер”, Біржан салдың “Жанбота”, Бүркітбайдың “Ақбет” әндерімен қоса, халық әндерін де асқан шеберлікпен орындады.

Қали Байжанов қазақ өнерінің іргетасын қалаушылардың бірі. 1927 жылы Александр Затаевичтің ұйымдастыруымен Мәскеуде өткен тұңғыш этнографиялық концертке қатысқан аз ғана топтың ішінде де Қ.Байжанов болды. Алғаш ұйымдастырған драма театрында біраз уақыт әртіс болып, кейін бірыңғай әншілік өнерге кетеді де ұзақ уақыт Қарағанды қаласында облыстық радионың және Б.А.Орлов басқаратын хордың жеке дауыстағы әнші-солисі болып істейді.

Әнші өнердің асқарына өзі шығып қана қоймай басқалардың да шеберлігін жетілдіруге ерекше мән берген адам. Бүкіл қазақ қауымына аты мәлім Жүсіпбек Елебековтен бастап, Мағауия Көшкімбаев, Нығман Әбішев, қарағандылық Рахметжан Ибраев, Зәбира Жұбатова, Жаңыл Қартабаева, Мұрат Толыбаев сияқты үздік әншілер де Қали Байжановтың шәкірті болып саналады.

Қ.Байжанов әншілік саласында мол мұра қалдырды. Қазақ Ұлттық академиясының қорында елу шақты қазақ әндерін үн таспаға жаздырып қалдырған. Ұзақ жылдар өнер саласында сіңірген еңбектері үшін 1938 жылы ҚазКСР –нің еңбек сіңірген әртісі, 1945 жылы Қазақстанның халық әртісі деген құрметті атаққа ие болды.


Әдебиеттер

Байжанов Қали // Қазақ мәдениеті: энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы, 2005. – 109 б.

Байжанов Қали // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. – 4 т. – Алматы, 1989. – 4 т. – 163 б.

Байжанов Қали // Қазақстан: ұлттық энциклопедия. – Алматы, 1999. – 54 б.

Бәделхан, А. Арқаның асқақ әншісі / А. Бәделхан // Сарыарқа самалы. – 2002. – 17 мамыр. – 10 б.

Дәрігер А. Сүлейменовтың туғанына 135 жыл (1877-1937)



Сүлейменов Арын 1877 жылы Павлодар облысы Май ауданында туған. 1902 жылы Омбы фельдшер мектебін бітірген. Павлодар уездік ауруханасында, Баянауыл ауданында дәрігер болып жұмыс істеді. 1919 -1925 жылдары фельдшерлік пунктінің меңгерушісі, соттық – медициалық эксперт. 1925 – 1926 жылдары уездік денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі. 1926 – 1937 жылдары аурухана меңгерушісі болды. 1937 жылы Сүлейменов Арын тұтқынға алынып, кейінгі уақытта ақталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет