Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Педагогика және психология институты Арнайы білім беру кафедрасы
П.Я.Гальпериннің ақыл-ой әрекеттін кезең бойынша қалыптастыру теориясы
Мамандық: D021 Арнайы педагогика
Орындаған: Молбаева Н.Қ.
Гальперин Пётр Яковлевич(1902-1988) - психолог, Ресей Федерациясы ғылымының еңбегі сіңірген қайраткері (1980). Педагогика ғылымдарының д-ры (1965), профессор (1966). Ақыл-ой әрекеттерін саты-сатымен қалыптастыру теориясын ұсынды, Гальперин пікірінше, ақыл-ой әрекеттерін қалыптастыру процесі 5 сатыдан өтеді.
Гальперин П.Я. (1902-1988) - Харьковтағы психологтар мектебінің мүшесі, ақыл-ой әрекетін жоспарлап қалыптастыру деген айрықша теорияның және психология пәнінің мәселесін диалектикалық - материалистік рухта шешуде субъект іс - әрекетінің бағдарлылығы ілімінің авторы.
Гальперин теориясы педагогикалық психологияда, ересектерді оқыту психологиясында, педагогикалық төмендеп кеткен балаларды, интеллектің дамуын психодиагностикалауда кең өрісті қолданылады.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Гальперин іс-әрекеттік қатынас идеясын басшылыққа ала жараланғандардың қимыл-қозғалысын қайта қалпына келтірумен айналысқан.
Гальпериннің біраз еңбектері нұсқа, зейін, инстинктер, психология тарихы т.б. сол сияқты бағыттарға арналған. Негізгі еңбектері: "Әрекеттің ақыл-ойлығы және ғылым пәні" (1974), "Психологияға кіріспе" (1976),т.б.