Байланысты: Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы
Аорта саңылауларының тарылуы. Сол жақ қарыншадан систола кезінде аортаға ауысатын қанның жолында кедергі туады. Ол сол жақ қарыншаға күш түсіреді-гипертрофия дамиды. Саңылауының тарылуы үдеген сайын, систола ұзарып, сол жақ қарынша іші қысымы артады. Бара-бара сол жақ қарыншаның күші әлсіреп, систоладан кейін оның ішінде қалатын қан көлемі артып, диастолалық қысымы көтеріледі. Бұл ретроградтық түрде әуелі сол жақ жүрекше қысымын жоғарылатады, кейін өкпе артериясы қысымы көтеріледі. Кіші қан айналым шеңберінде қанның іркілісі туады. ΙΙ тыңдау нүктесінде систолалық шу пайда болады.