Аллергоздар
Аллергоздарда кездесетін негізгі синдромдар:
1.Есекжем синдромы
2.Квинке ісігініңсиндромы
3.анафилактикалық шок синдромы
Есекжем синдромы
Себептері:
Аллергиялық реакциялардың бір түрі
Симптомдар:
-теріде күлдіріктердің кенеттен пайда болуы және жойылуы,терінің қышуы;
-кейде күлдіріктер бір-біріне қосылып аса үлкен көлемді күлдіріктерге айналады;
-күлдіріктер кілегейлі қабаттарда пайда болса жөтел, стридорозды тыныс, диарея,іштің ауырсынуы,артралгиялар дамиды;
-жиі бастың ауырсынуы, қызба, жалпы мазасыздану пайда болады.
Квинке ісігінің синдромы
Себептері:
Аллергиялық реакциялардың бір түрі
Симптомдар:
-жедел дамиды,аллерген әсері басталғанан бірнеше секундтан кейін терінің, тері асты шелінің және кілегей қабаттардың өтпелі ісінуі пайда болады;
-ісік жиі бетінде орналасады (еріндерде, ұрттарда, көздің айналасында);
-әсіресе көмейдің (асфексия), асқазан ішектің кілегей қабаттарының (өткір іш бейнесі) ісіну қауіпті;
-ісік көлемдері әр түрлі, бірақ адам алақанынан үлкен болмайды (сирек);
-ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше секундқа дейін.
Анафилактикалық шок синдромы
Себептері:
Тез арада дамитын аллергиялық реакциялардың ауыр түрі.
Сиптомдары:
-Турлері:ауыр (даму жылдамдығы-секундтар,минуттар),орташа ауры (минуттар,сағаттар), (кардиальды, перебральды, астматикалық, абдоминальды, варианттары).
-Фазалары: (орташа ауыр шок түрінде ғана); эректильді, торпидті.
Бірінші белгілері:
-бастың ауруы, бастың айналуы;
-қорқу сезімі, тынышсыздық;
-салқын тер;
-демікпе;
-кеуде тарылу сезімінің болуы, ызба;
-жөтел ұстамасы;
-іштің ауырсынуы;
-құрысулар
Анафилаксияның басқа белгілерімен қосарланады, есекжем, Квинке ісігі, бронхоспазм, дерматит, АҚҚ үдемелі төмендейді, анурия, шок бейнесі дамиды.
МАЗМҰНЫ:
Ішкі аурулар пропедевтикасы………………………………
Субъективті зерттеу әдісі …………………………………..
Пациентті объективті зерттеу әдістері …………………….
Клинико – лабораторлық зерттеу әдістері…………………
Аспаптармен зерттеу әдістері ……………………………...
Тыныс алу жүйесі сырқаттанған науқастарды
зерттеу әдістері ………………………………………………
Жүрек-қан тамырлар жүйесінің тексеру тәсілдері…………
Ас қорыту жүйесін тексеру әдістері ………………………..
Ішегі сықаттанған пациенттерді тексеру әдістері …………
Ұйқы безін зерттеу әдістері …………………………………
Несеп бөлу жүйесін тексеру әдістері ………………………
Қан жүйесін тексеру әдістері ………………………………
Ішкі секреция бездерін тексеру әдістері ………………….
Қолданған әдебиеттер:
Василенко Х.В., Гребенова А.Л «Пропедевтика внутренних болезней» Москва, Медицина 1989 год.
Аванесьянц Э.М. «Пропедевтика клинических дисциплин» остов-на- Дону. Феникс 2002г.
Достарыңызбен бөлісу: |