Бүйрек және несеп шығару жолдарының патологиясымен
пациенттерді тексеру схемасы
Шағымы:
беттің ісінуі 6. Диурездің азаюы
бел аймағында ауырсыну 7. Терінің құрғақтығы , қышуы
несеп бөлудің бұзылыстары 8. Жүрек айну, құсу
дене қызудың көтерілуі 9. Көрудің нашарлауы
бас ауру
|
Ауру анамнезі:
қауіпті факторлар
инфекция ошақтары
аурудың даму себептері
аурудың басталуы, салқын тиюмен байланысы
аурудың дамуы
жүргізілген зерттеулердің мәліметі
емді жүргізу
|
Науқасты тікелей тексеру
|
Қарау
ісінулер
тері түсінің өзгеруі
трофикалық өзгерістер
|
Пальпация
бүйректер
несеп ағар бойынша
ісінулерді анықтау
|
Перкуссия
пастернацкий симптомы
қуыстарда сұйықтық болуы
|
Лабораторлы_және_аспапты_зерттеу_әдістері___Аспапты'>Лабораторлы және аспапты зерттеу әдістері
|
Аспапты
Бүйрек Р графиясы, экскреторлы, пиелография
Хромоцистоскопия
Ультрадыбыспен зерттеу
Сканерлеу
Компьютерлі томография
Бүйректердің биопсиясы
ЭКГ
Көз түбін зерттеу
|
Лабораторлы
Жалпы қан анализі
Қанды биохимиялық зерттеу,электролиттер, ақуыз,креатинин, мочевина, шумақ сузүі ж/е т.б
Несепті зерттеу: жалпы анализ,Нечипоренко, Зимницкий, Аддис-Каковский
|
Қан түзу жүйесі сырқаттанған пациенттерді тексеру әдісі
Шағымдар:
Қан ауруларына тән шағымдарға әлсіздік, шаршағыштық, бас айналу, ентігу физикалық күш түскенде, жүрек қағу, жұмысқа қабілеті төмендеу жатады. Бұл белгілер анемия және лейкоздарда болады. Осындай шағымдар асқазаннан қан кеткенде және жүрек жетіспеушілігінде болады. Басқа арнайы /спецификалық/ емес көптеген қан ауруларында қызу көтеріледі және терлегіштік болады. Терінің қышуы, лимфогранулематоз ауруында алғашқы белгі болуы мүмкін яғни аритмия, созылмалы лимфолейкоздарда болады.
Көптеген қан ауруларында тәбеті төмендеп, жүдеу болады, кейде кахексияға дейін.
В12 жетіспеушілік анемияда тілдің ұшы, шеттері күйдіріп тұрғандай болады. Темір жетіспеушілік анемияда дәм сезу өзгеріп пациенттер бор, көмір, жер, топырақ жейді, иіс сезу өзгеріп - бензин, ацетон, эфир және т.б жағымсыз иістерді искей береді.
Қансыраулар геморрагиялық диатездерде болады.
Сүйектерде ауырсыну лейкоз ауруларында кездеседі. Сүйекті басқанда күшееді.
Сол жақ қабырға астындағы ауырсыну көк бауыр патологиялық процесске ұшырағанда болады /лейкозда/.
Оң жақ қабырға астында ауырлық сезім байқалады, ол бауыр зақымдануын білдіреді / созылмалы лейкозда/.
Ауру тарихы. Сұрастырған кезде аурудың қашан және қалай басталғаның, қалай дамығанын білу керек. Аурудың пайда болу себептерін /науқас адамның өз ойы бойынша/ анықтау, сонымен қатар, қандай тексерулер өткізілгенін және олардың нәтижесі қандай болғанын да анықтау қажет. Қандай ем қолданғаны және оның тиімділігін білудің де диагностикалық маңызы зор.
Өмір тарихы. Өмір тарихын талдаған кезде қанның кейбір ауруларының/ гемолитикалық анемия, гемофилия/ тұқым қуалау жолымен дамитынын естен шығармау керек. Ол үшін науқас адамның тума- туысқандарының ішінде қан аздықпен не қансырағыштықпен ауыратындарының бар жоғын анықтау керек.
Қанның кейбір аурулары кәсіби сырқат ретінде дамиды, кейібірі ағзаның түрлі улармен уланғанына байланысты, не радиоактивті сәулелердің әсерінен пайда болады. Сондықтан, науқас адамның қорғасын, бензол, мышьяк, фосфор, хром т.б. қоспаларымен улану және радиоактивті заттармен зақымдану мүмкіншілігі барын мұқият сұрап, анықтау керек.
Қанның көптеген аурулары ағзаның басқа мүшелерінің не жүйелерінің ауруларына байланысты да дамиды. Қан ағуы болатын ауруларда асқазанның кілегей қабығының зақымдануында, асқазанды операция жолымен алып тастағанда қан аздық пайда болады. Қан аздықтың ауыр түрі бүйрек ауруларында да болады. Бауырдың созылмалы аурулары геморрагиялық синдромның пайда болуына себеп болады. Гемолитикалық не апластикалық анемиялар кейбір дәрілерді сульфаниламидтер, амидопирин, левомецитин т.б көп мөлшерде қабылдағаннан да пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |