Байланысты: Пропедевтика пәнінен дәрістер жиынтығы
Өкпенің төменгі шетінің экскурсиясын аңықтау үшін пациентті ауаны ішке бар мүмкіндігінше терең алып сыртқа шығармай, ұстап тұруын сұрайды. Бұл мезгілде дәрігер өкпенің шегін тез анықтап белгілеп қояды. Бұдан кейін ауру бірнеше рет демді алып, шығаруы керек. Содан кейін ол демді мүмкіндігінше сыртқа шығарып сол күйінде дем алмай тұруы керек. Бұл кезде дәрігер өкпенің болжамды шегінең жоғары бастап, төмен қарай жылжып отырып, тағы да өкпе шегін анықтап белгілейді. Екі белгі арасының қашықтығы өкпе шегінің экскурсия болады. Қалыпты жағдайда өкпе шетінің экскурсиясы, 4-8 см тең.