Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Оң жақ қарыншалық жетіспеушілік



бет44/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Оң жақ қарыншалық жетіспеушілік.
Этиологиясы: өкпе артериясының тромбоэмболиясы, ауыр пневмония.
Кенеттен демікпе, цианоз пайда болып, салқын тер басады, төс арты басып ауырады, қан қақыру болады. Пульс жиі, бос, АҚҚ төмендейді, ВҚҚ жоғарылайды. Үлкен қан айналым шеңберінде қан іркілуіне әкеледі. Мойын веналары шығып кетеді, бауыры ұлғаяды.
Бұл жағдайлар жедел көмек қажет етеді.


Созылмалы жүрек жетіспеушілігі синдромы
Созылмалы жүрек жетіспеушілігі сол қарыншалық және оң қарыншалық болып бөлінеді.
Сол қарыншалық жетіспеушілік – миокардтың жиырылу қызметінің төмендеуіне байланысты дамиды.
Этиологиясы: ұзақ гипертензия, коронарлық қан айналымының бұзылуы, ауыр уланулар, инфекциялар, нервтік – трофикалық және гормональды бұзылулар.
Жүректің екпінді көлемі төмендейді, өан ағысы баяулайды, айналымдағы қан массасы жоғарылайды, венозды қан іркілісі пайда болады, токсикалық заттар көбейіп, ішкі мүшелерде дистрофия дамуына әкеліп соқтырады.
Демікпе бастапқы кезде физикалық күш түскенде байқалады, кейін тыныш күйінде де әсіресе күннің екінші жартысында болады. Одан кейін демікпе үнемі мазалайды, түнде де пайда болуы мүмкін. Кейде түнде тұншығу ұстамасы – жүрек астмасы дамиды. Жүрек жетіспеушілігінің ерте белгісі – акроцианоз - еріндердің, бет ұштарының, тырнақтарының көгеруі.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде ісіктерде бейімділік пайда болады. Бастапқы кезде ісіктер жасырын түрде дамиды (дене салмағының үлкеюі, диурездің азаюы, шөлдеу). Кейін ісіктер аяқтарында, сегіз көз аймағында пайда болады, бүкіл денені қамтиды (анасарка). Қуыстарда сұйықтықтың пайда болуы – асцит, гидроторакс, гидроперикард деп аталады. Ішкі мүшелерде қан іркілу белгілері байқалады.
Оң қарыншалық жетіспеушілік. Бауырда венозды қан іркілісі дамиды. Оң жақ қабырға астында ауырлық сезім пайда болады. Сипау кезінде ауырғандық анықталады. Ұзақ іркіліс бауырдың дистрофиялық өзгерістеріне әкеледі, кейін дәнекер тін өрбіп өсіп – кардиальды цирроз дамиды.
Бүйректегі іркіліс – тәуліктік диурездің төмендеуіне әкеледі.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің сатылары:

  1. Сатысы – демікпе, жүректің қағуы физикалық күш түскенде пайда болады, кешке қарай аяқтары ісінеді, таңертең қайтады.

  2. А сатысы – демікпе, тахикардия жүрген кезде пайда болады, аяқтары ісінеді, бауыры ұлғаяды, дәрілік препараттардан қайтады, цианоз болады, өкпе үстінен ылғалды сырыл естіледі. Жетіспеушілік бір қанайналымда болады – кіші немесе үлкен.

ΙΙ . Б сатысы – үлкен және кіші қан айналым жетіспеушілігі.
ΙΙΙ. Сатысы – дистрофиялық. Қанайналымның ұзақ бұзылыстарына байланысты ішкі мүшелерде терең дистрофиялық өзгерістер дамиды. Науқас зорығады, асцит, анасарка дамиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет