Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет1/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер


М.К.Қ «Талдықорған медициналық колледжі»
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы
Құрастырған: Қалиева Г.О

Талдықорған
Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушысы:
Қалиева Гульмира Омарбековна

Рецензия:
Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі», «Акушер ісі», «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнінен студенттердің білімін нығайтуға, тереңдетуге арналған.
Дәрістер ішкі аурулардың барлық бөлімдері бойынша құрастырылған: сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация, лабораторлы және аспаппен зерттеу әдістерін қарастырады.
Дәрістер бастауыш және орта кәсіптік білім бойынша ҚР ҒБМ ОӘК-ның 2002 жылы бекітілген бағдарламасына сәйкес құрастырылған.
Рецензенттер:

  1. Дуванбекова Г.С. - өндірістік - әдіскер, жоғарғы санатты оқытушы.

  2. Сон Н.Н. – терапия пәнінің оқытушысы, жоғарғы санатты оқытушы - дәрігер.

  3. Каримова Г.А. – терапия кабинетінің төрайымы, жоғарғы санатты оқытушы – дәрігер.

Дәрсітер жиынтығының шығуына жауапты медицина ғылымының кандидаты, колледж директоры: Жансеңгіров С.М.




Ішкі аурулар пропедевтикасы

Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінде ішкі мүшелер ауруларының клиникалық белгілерін, оларды анықтау әдістерін зерттейді: студент диагноз қою логикасын үйренеді. Пропедевтиканы білу кейін терапияны және басқада клиникалық пәндерді оқуға қажет.


«Терапия» және «Ішкі аурулар» деген терминдер бір біріне синоним болып келеді. Терапия - ішкі аурулар туралы ғылым.
ХІХ ғасырда «ішкі аурулар» түсінігіне балалар және жұқпалы аурулары, акушерлік ісі, гинекология және де басқа бөлімдері кіретін, кейін бұл бөлімдер жеке клиникалық бөлімдерге бөлініп шықты. Терапия бөлімі болашақ фельдшерге медицинаның ең негізгі бөлімі болып табылады, өйткені барлық диагностикалық әдістер, науқасты оларға дайындау, пациентке дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсету әдістері осы бөлімде қаралады.
Ішкі аурулар медицинасының тарихі адам қоғамы пайда болғаннан бері Ежелгі Қытайда, Ежелгі Үндістанда, Вавилонда, Египетте өте жоғары дамыған болатын.
Біздің дәуірге дейін 5 ғасырда Грецияда туған Гиппократ қазіргі клиникалық медицинаның іргесін салушы болып табылады. Ол медицинаны терең ұғынып, адам ағзасын қоршаған ортамен тығыз байланыста екенін зерттеген және дәлелдеген.Гиппократ науқасты «төсек қалпында бақылау» әдісін, «зиян келтірме» деген негізгі медицина принципін енгізген.Ол науқастың түр-тұлғасын, төсін, кеуде формасын, дене құрылысын, тәбетін, зәрін, қанын, нәжісін, қақырығын және т.б. секреттерін зерттеуді еңгізген. Пальпация, перкуссия, аускультация әдістемелерін, 60-тан астам дәрілердің түрлерін ашқан. «Гиппократ антын» әлі күнге дейін дүние жүзінің студенттері медицина оқуын аяқтағанда береді.
Әбу Әли Ибн Сина (Авиценна) медицинаның дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдардың бірі болып саналады. Ол 980 ж. Бұхараға жақын жерде дүниеге келген. Бұл Шығыс елінің ұлы ғалымы. Грек, рим, үнді, орта азиялық дәрігерлердің көз қарастармен тәжірибелерін біріктіріп жинақтап. «Дәрігерлік ғылым каноны» атты кітап шығарған. Бұл кітап 500 жылдан астам уақыт бойында дүние жүзіндегі дәрігерлік маңдайлы еңбек болып саналды.
ХҮІІ ғасырдан бастап барлық ғылымдардың жылдам дамуына байланысты медицинада өте тез дамыды: аурудың диагностикасы, зерттеудің жаңа тәсілдері және аурулардың алдын алу шаралары өркее бастаған. Термометрияны де Гаен, перкуссияны Ауэнбруггер, стетоскоппен аускультация жасауды Лаэннек, пациентті жүйелер бойынша сурастыру әдісі М.Я Мудров, Г.А.Захарьин, Остроумов А.А, іш қуысы мүшелерінің пальпациясын В.П Образцов еңгізген.
ХІХ ғасырдың екінші бөлігінде біртіндеп зертханалық және аспаптармен зерттеу тәсілдері қосыла бастаған, ХІХ ғасырдың аяғында Рентген Х-сәулелерін ашқаннаң кейін рентгенологиялық зерттеу әдісі еңгізілді




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет