Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Аурудың анамнезі (тарихі)



бет6/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Аурудың анамнезі (тарихі). Бұл сұрастырудың негізгі бөлігі, өйткені аурудың дамуындағы барлық этаптары туралы мәлімет жинаймыз. Біріншіден, науқастан қашан ол алғашқы рет ауырғанын сұраймыз (өзін аурумын деп санайды). Қалай ауырғанын анықтау: аурудың басталуын немен байланыстырады, қалай басталғанын, қандай белгілер болды, не қолданады, келесі сұрақ: «ауру қалай дамыды?»: бұл жерде аурудың ағымын, емделуін, оның нәтижесін, қайталануын, стационарда, санаторийда, диетасын, дәрігердің ұсынысын сақтауын, алдын алу, емін қабылдауын, қандай зерттеулер өткізілгенін және олардың нәтижесін анықтайды.
Соңғы бөлімінде ауру созылмалы болса, жағдайының соңғы нашарлауын немен байланыстыруын оның уақытын, не қолданды, қаралу себебін анықтау керек.

Өмір тарихі. Ауырған адамның өмір баянын зерттегенде алдымен оның туылған жерін анықтаймыз - бұл аурудың даму себебіне үлкен үлес қосады. Мысалы : эндемиялық жемсау, радиация, суық ылғалды климат.

Науқастың бала кезінен өсіп дамуын, денсаулығын анықтайды.


Міндетті түрде өмірінде басқа қандай аурулармен ауырғаны, жақын тума туыстарының денсаулықтары анықталады. Бұл мәліметтер маңызді болып табылады, өйткені кейбір аурулар тұқым қулайды. Мысалы: қант диабеті, гипертониялық ауру, бронх демікпесі, психикалық аурулар және т.б.
Бұрын сырқаттанған аурулары болса хронологиялық ретпен анықтайды, яғни туберкулез, ревматизм, вирусты гепатит венерологиялық психикалық аурулармен ауырғанын және операциялар жасалғанын дәлелдейміз.
Кәсіптік және тұрмыстық жағдайы туралы мәлімет жинау керек. Адам денсаулығына оларда әсер етеді, жұмысыздық, өндірістік зиянды әсерлер, панасыздық. Сырқаттың дамуына тамақтануда әсер береді, яғни зиянды әдеттер: алкоголь, шылым шегу, нашақорлық, насыбай ату. Осы нәрселерге әуес болса онда қанша уақыт құмар болғанын және қай мөлшерде қолданылатын анықтау керек.
Жанұялық анамнез: жанұядағы адамдардың саны, қаражат мәселесі, жанұядағы психологиялық микроклимат, интимды қарым қатынас.
Эпидемиологиялық анамнез: Жөтелген және қалтыраған науқастармен қарым - қатынаста болды ма, соңғы айда қаладан (ауылдан) тыс шықты ма және шетелге барды ма.
Аллергологиялық анамнез: дәрілерге, тағамдарға, иістерге, шаң-тозаңдарға, шөптің иістеріне реакциясын сурастыру қажет. Оларға қандай белгілердің пайда болуы /жас ағу, түшкіру, қышыну/. Бала кезінде экссудативті диатезбен ауырған - ауырмағанын анықтау.
Экспертті анамнез: Осы жылда науқастың ауырған уақытын анықтау керек, егерде науқас 4 айдай ауырған болса, онда медико - экспертті комиссияға жіберу керек. Олар еңбекке жарамсыз қағазының уақытын ұзартады немесе мүгедек тобын береді.
Гинекологиялық анамнез: Әйелдерде етеккірінің келген уақытын, мөлшерін, ұзақтығын және жүктілігін, босану, аборт, тұсік болғанын, гинекологиялық операциялар, менопауза болса оның уақытын анықтау керек.
Урологиялық анамнез: Еркектерден несеп бөлуінің бұзылуын, уретрадан бөліністерін және потенциясын анықтау керек.
Пациентке ауруы және өзі туралы дұрыс мәлімет беру қиынға түседі, сондықтан әңгімесін бақылап отырып, қажетті сұрақтарды ғана қою керек.
Сұрастыру тәсілдің диагностикалық маңызы өте зор. Тәжірибелік медицинада «дұрыс жиналған анамнез- жарым диагноз» деген ертеден қалыптасқан пікір бар. Онын куәсі- кейбір аурудың диагнозын тек сұрастыру арқылы ғана қоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет