Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Пациентті клиникалық тексеру әдістері



бет5/84
Дата13.11.2023
өлшемі225,84 Kb.
#191357
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Пропед.дәрістер

Пациентті клиникалық тексеру әдістері


Пациентті тексеру әдістері. Пациентті зерттеуде қолданылатын тәсілдер,
негізгі және қосымша болып екі топқа бөлінеді.
Негізгі тәсілдер:

  1. Субъективті зерттеу

  2. Объективті зерттеу/ инспекция/

  3. Сипау/ пальпация/

  4. Қағу, тақылдату/ перкуссия/

  5. Тыңдау/ аускультация/

Қосымша тәсілдер:

  1. Зертханалықлық тәсілдер

  2. Аспаптармен / инструментальды/ зерттеу

  3. Дәрігерлік манипуляциялар мен диагностикалық операциялар.

Пациентті субъективті зерттеу әдістері.


Субъективті зерттеу - ауру адамды немесе оның жақындарын сурастыру әдісі. Оны белгілі жоспармен өткізеді: науқас туралы жалпы мәлімет, пациенттің шағымдары, ауру анамнезі (тарихі), пациенттің өмірінің анамнезі.


Анамнез – (грек тілінен анамнезис- еске түсіру, еске алу) - сұрау барысында науқастың өзі немесе жақындары, таныстары науқас жайында және оның ауруы жайында берген мәліметтері.
Төлқужаттық бөлім. Науқас туралы жалпы мәлімет, бөлімшеде пациент туралы мәлімет жинау: аты, жөні, тегі, жасы, (туған күні және толық жасы), жынысы, ұлты, мекен жәйі, білімі, мамандығы, жұмыс орны және атқаратын қызметі. Пациент өз жасынан үлкен көрінсе, онда атеросклероз немесе гипертониялық ауру деп ойлауға болады.
Пациенттің шағымдары. Пациент стационарға түскен кезде немесе қаралған кезде шағымдарын жинайды. Алдымен негізгі шағымдары мұқият анықтап дәлелденеді. Мысалы: пациент жүрек тұсындағы ауырсынуға шағымданса, ауырсынудың күштілігін, орналасуын, иррадиациясын пайда болған жағдайын, немен басылатынын аңықтайды. Осылай басқада шағымдары да дәлелденеді.
Шағымдар қосымшада болады, олар ағзаның патологиялық процеске жалпы реакциясын көрсетеді. Бұл шағымдардың сипаттамасы әр түрлі ауруларда бірдей болады. Мысалы: әлсіздік, терлеу, ұйқы қашу, бас ауру, тәбетінің төмендеуі. Бұлардыда толық дәлелдеу керек. Осыдан кейін жүйелер бойынша шағымдарды, әр жүйеге тән белгілерді біліп, оларды анықтайды. Мысалы : ас қорыту жүйесіне тән, тәбетінің өзгеруі, жүрек айну, құсу, іш өту, кебу, қату және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет