Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет100/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы
03.06.20 Таңдау пәні тапсырма, 10 сынып IT маман, 10 сынып IT маман
Іш өту немесе диарея - үлкен дәретке жиі отыру және үлкен дәреттің сұйықталуы. Қалыпты үлкен дәретке отыру тәулігіне 1-2 рет болады. Тәуліктік нәжістің салмағы 100–200 гр аспайды. Диареяда дәретке отыру жиілігі тәулігіне 2 реттен, ал нәжіс салмағы 200 гр асып кетеді.

Іш өту тоқ ішектің қозғалыс және секрециялық функциясының бұзылғанынан болады. Қалыпты жағдайда қарыннан шыққан тамақ тоқ ішекке 1- 4 сағаттан кейін жетеді, ал барлық тоқ ішек бойын 20-24 сағатта жүріп өтеді. Тоқ ішек функциясы бұзылғанда немесе іш өткенде қабылданған тағам сыртқа 3-4 сағаттан кейін шығуы мүмкін.



Іш өтудің себептері:

  • инфекциялар (сальмонеллез, бактериальды, дизентерия, лямблиоз, ішек құрттары)

  • алиментарлы (аллергия, токсикоинфекциялар, көп мөлшерде және тез тамақ ішу, толық шайнамау)

  • диспепсия әсерінен: ас қорытудың бұзылуы - ахилия, ферменттердің жетіспеуі

  • авитаминоздар, дистрофиялар

  • медикаментозды- антибиотиктерден дисбактериоз дамиды

  • неврогенды

  • екіншілік - дизентерияда, колитте, ішек ісіктерінде.

Іш қату, қатпа – 48 сағаттан артық үлкен дәретке отырмау және нәжістің консистенциясының өте қатты болуы.

Қатпа ішек ішіндегі тамақ қалдықтарының баяу қозғалысынан болады. Тамақ құрамындағы сұйықтықтың қанға сіңіп, нәжістің қатаюына әкеліп соқтырады, оның себептері: - Ішек бойында кездесетін механикалық кедергілер

- Ішектің қозғалыс функциясының бұзылуы

- Ішек ішіндегі тағамның жеткіліксіз мөлшерде болуы





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет