Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Өңештен, асқазаннан, ішектен қан кету синдромы



бет108/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы
03.06.20 Таңдау пәні тапсырма, 10 сынып IT маман, 10 сынып IT маман
Өңештен, асқазаннан, ішектен қан кету синдромы

Себептері:

  • Өңеш, асқазан және он екі елі ішек жаралары, әртүрлі локализациялыісіктер, эрозивті гастрит, дуедонит, өңеш-асқазан кілегей қабаттарының жыртылуы, дивертикулдар, геморрой, тік ішек жарықтары, полиптері, рак ауруы, жаралы колит, Крон ауруы, лимфома т.б. Жасырын және массивті (көп мөлшерде) қан кету түрлерін ажыратады.

Жасырын қан кету

Симптомдары:

  • Тұрақты әлсіздіктің, ұйқышылдықтың болуы;

  • Жедел көмек қажет етпейтін «себепсіз» анемия.

Массивті қан кету

Симптомамдары:

  • Жедел тамыр жетіспеушілік белгілері: естен тану, құлақта шудың болуы, бастың айналуы, әлсіздік, тері жамылғыларының және кілегей қабаттардың бозаруы, салқын тер басуы;

  • Тахикардия, «жіп» тәрізді пульс, АҚҚ төмендеуі, демікпе;

  • Қан аралас құсудың болуы (өңештен қан кету), «қою кофе тұңбасы» тәрізді құсықтың болуы (асқазаннан қан кету);

  • Қызыл түсті таза қанның нәжіске араласуы немесе бетіндеболуы (қан кету көзі анальды тесікке жақын орналасса);

  • «мелена» - қара май тәрізді нәжіс (ішектің жоғарғы бөлімдерінен қан кету);

  • Геморрогиялық шоктың даму мүмкіндігі (1500 мл қан кеткенде);

  • Асқазан немесе он екі елі ішектің жарасында қан кеткенде эпигастрий аймағында ауырсыну азаяды немесе жойылады;

  • Грегерсен реакциясының оң мәнді болуы (нәжісті жасырын қанға зерттеу).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет