Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Сіңірудің бұзылу (мальбсорбция) синдромы –



бет110/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы
03.06.20 Таңдау пәні тапсырма, 10 сынып IT маман, 10 сынып IT маман
Сіңірудің бұзылу (мальбсорбция) синдромы – тасымалдаушы –ферменттердің туа біткен дефицитінен дамиды(триптофан, глютен, дисахаридазалар сіңуінің бұзылуы) – біріншілік деп аталады. Екіншілік (жүре пайда болған) жүре пайда болған түрі ащы ішектің ауыр патологиясында, резекциясында дамиды.

Асқорытудың және жалпы энтеральды симптомдар – ішектік диспепсия ө метеоризм, шұрыл, іштің өсуі, стеаторея, креаторея, амилорея. Кіндік айналысының спастикалық және дистензиялық ауырсынуы. Жалпы энтеральды симптомдар – барлық алмасу (көмірсулар, майлар, ақуыздар) түрлерінің бұзылыстарынан тұрады: зорығу, жалпы әлсіздік, еңбекке жарамдылықтың төмендеуі, кейде психикалық бұзылыстары, реактивтіліктің төмендеуі, эндокриндік жетіспеушілік (гиперкотицизм, аменорея, импотенция). Полигиповитаминоз байқалады (АДЕК витаминдер жетіспеушілігі): терінің трофикалық өзгерістері (құоғақ болуы, қабыршақтануы, гиперпигментация), шаштың түскіш келуі, тырнақтардың сынғыш болуы, гипопротеинемиялық ісіктер, бұлшықет атрофиясы.

В1 витаминнің жетіспеушілігі аяқ-қолдарда парестизиялардың болуымен, аяқтардың ауырсынумен, ұйқының қашуымен айқындалады. Никотин қышқылы жетіспеушілігінен глоссит, терінің пеллагроидты өзгерістері, хейлит, ангулярлық стоматит дамиды.

С витаминінің жетіспеушілігі К витаминнің жетіспеушілігімен қосарланады – қызыл иіктен қан кетеді, теріге қан құйылады. А витаминнің жетіспеушілігі түнге көз көруінің нашарлауына әкеледі («тауық соқырлық»). Темірдің, витамин В12, фоли қышқылының сіңіруінің бұзылуы анемия әкеледі. Калий, натрий дефициті тахикардия, гипотония, шөл, тері, тілдің құрғауын, бұлшықет әлсіздігін, сіңір рефлекстерінің төмендеуін, аритмиялар тудырады. Кальций және Д витаминнің жетіспеушілігі нервтік – бұдшықеттік қозғыштықты арттырады (құрысулар), еріндерінің, саусақтардың ұйып қалуы, остеопороз, остеомаляция.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет