Пальпация.Беткей пальпацияда эпигастрий және сол жақ қабырға астында ауырсынудан бұлшық еттердің қатаюы анықталады. Ұйқы безінің терең пальпациясы өте күрделі, арық адамдарда іштің прессін босатқан кезде анықтау болады. Пальпацияны ертенгісін ішті өткізетін дәрілерді бергеннен кейін ашқарынға жасайды. Сипап анықтауды терең жылжымалы пальпация әдісімен жүргізеді. Сипайтын қол асқазанның төменгі шекарасынан 2-3см жоғары орналасып теріні жоғары көтереді, пациент әр ауа шығарған сайын, қол терең кіреді, артқы қабырғаға тірелген кезде қол жоғарыдан төмен жылжыйды. Қалыпты жағдайда ұйқы безі көлденең орналасқан диаметрі 1,5-3 см, жұмсақ. Созылмалы панкреатитте қатайған болады.
Перкуссия. Ұйқы безінің үстінде түйықталған тимпаникалық дыбыс анықтауға болады, ұйқы безі үлкейген кезде түйық дыбыс естілуі мүмкін.