Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері



бет19/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы
03.06.20 Таңдау пәні тапсырма, 10 сынып IT маман, 10 сынып IT маман
Перкуссияның түрлері

  1. Топографиялық перкуссия - мүшелердің шегарасын, көлемін, түрін анықтайды.

  2. Салыстырмалы перкуссия - мүшелердегі патологиялық өзгерістерді анықтауға негізделген. Салыстырмалы перкуссия өкпенің симметриялық нүктелерінің дыбыстарын салыстыру үшін қолданылады және соққының күші бір келкі болу керек.

Перкуссияның негізгі ережелері

  1. Бөлме жылы және тыныш болу керек.

  2. Фельдшер ыңғайлы орналасып, қолы жылы болу керек.

  3. Пациенттің жағдайы ыңғайлы, еркін болу керек. Перкуссияны пациентті тұрғызып немесе отырғызып жүргізген дурыс, тек қана ауыр халде жатқан пациенттерге жатқызып өткізіледі.

  4. Сол қолдың алақаны денеге тығыз арасында ауа қалмай қойылады.

  5. Оң қолдың ортаңғы саусағын бүгіп, сол қолдын ортыңғы саусағының ортаңғы фалангасынан тік қағу.

  6. Перкуссиялық қағу тек білезік буынның қимылы арқылы іске асырылуы керек. перкуторлы соққы қысқа болу керек плессиметр - саусақты тез алып кету керек. Әр перкуссиялық соққының күші бірдей болуы керек.

  7. Қойған мақсатқа қарай перкуссияның соққысының күші терең немесе жай болады. Күшті перкуссияда тербеліс толқыны 6-7 см тереңдікке және 4-6см шетке тарайды. Әлсіз (жай) перкуссияда тереңдігі 4см, шетке 2-3см тарайды

  8. Топографиялық перкуссияда сол қолдың саусағын мүшенің шегарасына паралельді қою керек, перкуссияны анық дыбыс беретін мүшеден тынық дыбыс беретін мүшеге қарай жүргізеді. Мүшенің шекарасын саусақтың анық дыбыс шығатын жағынан белгілейді.

  9. Салыстырмалы перкуссияны, симметриялық жерлерде ғана жүргізу керек және соққының күші бірдей болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет