Аурулардың ағымы бойынша жіктемесі:
1. Жедел (өткір немесе жіті) ауру. Бұл кезде ауру бірден басталады. Аурудыңклиникалық белгілері толық анық көрінеді. Қысқа уақыт ішінде сауығып қалпына келеді.
2. Созылмалы ауру өмір бойы созылады рецидив, ремиссия түрінде өтеді.
Ремиссия кезінде аурудың белгілері азайып пациент өзін сау сезінедіде, жұмысқа жарамды болады.
Рецидив кезінде ауру белгілері қайталанады.
Ауру ағымының сатылары:
Жасырыңды (латентті, инкубациялық). Бұл сатыда аурудың себебінің алғашқы
рет әсер етуінен бірінші клиникалық белгілердің пайда болуынша уақыт.
Продромальды саты деп аурудың ең алғашқы белгілерімен толық дамыған кезіндегі аралықты айтамыз.
Аурудың толық дамыған сатысы. Бұл сатыда аурудың клиникалық бейнесі анық білінеді. Кейде клиникалық белгілері анық болмауы мүмкін. Ағымы бойынша бұл саты жедел немесе созылмалы болуы мүмкін. Созылмалы түрі ұзақ айлап, жылдап рецидив, ремиссия түрінде өтеді
Аяқталу кезеңі - аурудың белгілерінің толық жойылу кезеңі, еңбекке қабілетінің қалпына келуі - бұл сауығу. Толық айығу аурудың жедел ағымында болады, өте сирек созылмалы түрінде кездеседі. Кейде асқынулармен және өліммен аяқталуы мүмкін немесе мүгедектікке ұшырайды.
Мүгедек топтары
ІІІ топ - пациенттердің еңбекке қабілеті аздап шектелген, жеңіл еңбек ұсынылады.
ІІ топ – пациенттер еңбекке жарамсыз, кейде уақыты қысқартылған жұмысқа рұқсат беріледі.
І топ – пациенттер еңбекке жарамсыз және күтімге мұқтаж
Мұгедектік тобын МСЭК (медико - санитарлық эксперттік комиссия) мүшелері белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |