Ішкі секреция бездері жүйесінің ауруларында кездесетін синдромдар
Гипергликемия синдромы
Гипергликемия синдромында - инсулин жетіспеушілігінен бір жағынан бауырда глюкоза синтезі жоғарлайды, екінші жағыннан оның өндірілуі бұзылады. Аурудың клиникалық белгілері қандағы қант мөлшері 9-10ммоль дейн жоғарлағанда пайда болады. Қант зәрімен бөліне бастап, осмостық диурез тудырады полиурия дамиды, сосын салдарынан полидипсия ауыздың құрғауы, шөл пайда болады. Егер полидипсия болмаса дегидратация дамып, тері және кілегей қабаттары құрғап, дене салмағын төмендейді. Осмостық диурездің 7-14 күнінде дамитын ағзанның күрт сузыздануы гиперосмолярлы команың дамуына әкеліп соқтырады, бұл инсулинге тәуелді емес қант диабетке тән. Бұл кома түрінде гипергликемия -33 ммоль л дейін, кетоз болмайды.
Диабеттік кетоациндозда - инсулин жетіспеушілігінен және глюкогон гиперпродукциясынан қанда кетон денелері көбейіп кома дамиды. Клиникасында біртіндеп үдемелі гиперглекемиялық синдром дамиды, кейін кетоацидоз белгілері қосарланады: жүрек айну, құсу, шулы тыныс, ауызынан ацетон иісінің шығуы, бұлшықет ауырсынуы, ұйқышылдық, тежелу, айқын кома. Қанда қант мөлшері-19,5 ммоль\л, гиперкалиемия, гиперфосфатемия, гипонатриемия, мочевина, креатинин жоғары. Жедел көмек қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |