Аорта қақпақшаларының жетіспеушілігі. Диастола кезінде қысқарған қақпақшалар аорта тесігін толық жаба алмайды. Сондықтан аортадағы қанның бір бөлігі сол жақ қарыншаға қайтып оралады ( регургитация ). Сол жақ қарыншаның қанға толуы көбейеді – гипертрофия және тоногенді дилятация дамиды. Бара-бара сол жақ қарынша ішінде систоладан кейін қан қалдықтары қала бастайды. Сол жақ қарынша күші азаяды – миогенді дилятация дамиды. Қарыншаның диастолалық қан қысымы жоғарылайды. Ол сол жақ жүрекшенің диастола кезінде толық қаннан босауына кедергі болады. Соның салдарынан кіші қан айналым шеңберінде қан іркілісі туады-сол жақ қарынша аралық жетіспеушілік деп аталады. Аорта қақпақтарының ақауларында бұзылған қан айналысы тез өрбиді, қолданған ем онша тиімді болмайды, ΙΙ және У тыңдау нүктелерінде диастолалық шу пайда болады.