Пациентті клиникалыќ тексеру єдістері


Артериалдық гипертензия синдромы



бет82/155
Дата26.12.2021
өлшемі210,23 Kb.
#105939
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   155
Байланысты:
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінен дәрістер жиынтығы

Артериалдық гипертензия синдромы

Артериалдық гипертензия эссенциалды (біріншілік) және симптоматикалық болып бөлінеді.



  1. Эссенциалды гипертензия. Этиологиясы белгісіз.

Бейімдеуші факторлар:

а) тұқым қуалау арқылы берілетін гипертониялық ауруға бейімділік;

б) орталық нерв жүйесінің тамырлары реттеу қызметінің бұзылуы (психоэмоциналды факторлар);

в) тұз алмасу процессінің бұзылуы (тағаммен тұзды көп қолдану).

2. Симптоматикалық гипертензия – басқа мүшелердің ауруларында кездесетін артериалдық гипертензия.

Этиологиясы:

- Бүйрек аурулары;

- Қалқанша безінің гиперфункциясы (зоб);

- Бүйрек үсті безінің аурулары (Конн ауруы, феохромоцитома).


Клиникасы:

Эссенциалды гипертензия: бастың ауруы, желке тұсы сығып ауырады, жүйке жүйесі қозғыш, ұйқысы бұзылады, жүрек тұсы сыздап ауырады, құлағы шулайды, көз алды қарауылтады, көру және есте сақтау қабілеті нашарлайды.

Анамнезінде тұрақсыз түрде қан қысымының көтерілгені болуы мүмкін, жанұясында ата-анасының бірінде артериалдық гипертензия бар екендігі анықталады. Өмір тарихында

қызметінің тынышсыздығы, жиі стресс факторларының маңызы бар.

Симптоматикалық гипертензияда жоғарыда көрсетілген белгілерден басқа негізгі аурудың белгілері боладыү

Диагностика: АҚҚ өлшеу, ЭКГ, қанның биохимиялық анализі, Зимницкий сынағы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет