Пайдалагылғын әдебиеттер



бет1/5
Дата07.02.2022
өлшемі40,68 Kb.
#88689
  1   2   3   4   5
Байланысты:
СОӨЖ


СОӨЖ


Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Пайдалагылғын әдебиеттер

Кіріспе
Қазақ фольклортану ғылымының қалыптасуы мен дамуының өзіндік заңдылықтары бар. Бұл мəселе назардан тыс қалмай, түрлі зерттеулер бағытында сөз болып келеді. Нақты тақырып ретінде күн тəртібіне түскен сəттерінде айта кетуге болады. Мəселен, қазақ фольклорына байланысты жазылған «Қазақ əдебиетінің тарихы» атты еңбектердің бұл сауалдарға кезең жағдайының идеологиясының қиындықтары болса да, ғалымдардың ұжымдық зерттеулері арқылы жауаптар берілді. Сонымен қоса қазақ фольклорының типологиясы, тарихы, поэтикасына қатысты тексерулердің нəтижелерінде де көрініс тауып отырғаны мəлім . Ұлттық фольклордың ел арасынан жинақталуы, баспа жүзінде жарық көруі мен оның жан-жақты зерттелу тарихы барлығын бұл аталып отырған еңбектер толықтай болмаса да, өз кезеңінде фольклортану ғылымына айтарлықтай үлес қосты. Толықтай емес деудің себеп-салдары кеңес идеологиясының партиялық пəрменділігіне қатысты екендігі ақиқат. Анықтай айтар болсақ, қазақ фольклорының тек-тамырлары түркі əлемі мен түркі-монғол тарихына қатыстылығы ескеріледі. 



1.1. Фольклортану ғылымы оның тарихы мен теориясы
(Рулық қауым кезеңі). Фольклордың тарихын дәуірлеудің өзі мейлінше шартты, өйткені оның жеке бір шығармасы дәл қай уақытта туды деп қарастыруға әсте болмайды. Фольклордың ең алғашқы нұсқалары қандай болғанын нақтылап анықтау да, сипаттау да қиын. Оның себебі, – біріншіден, адамзаттың ерте замандағы рухани мұрасы бізге сол күйінде жеткен жоқ; екіншіден, ежелгі дәуірдегі руханият бүгінгідей сала-салаға бөлінбей, біртұтас, синкретті дүние болған, оның құрамында ырымдар мен ғұрыптар, діни нанымдар мен жәй әңгімелер, мифтер мен арбау, жалыну, жалбарыну, алғыс, қарғыс сияқты алуан түрлі ұғымдар мен нанымдар, түсініктер мен іс-әрекеттер аралас, бір-бірінен ажыратуға келмейтін рухани әлем болған. Сол себепті біз рулық замандағы мәдениет (фольклор ғана емес) деп жиынтық мағынада айтамыз. Осы мәдениеттің, сол арқылы кейбір жанрлардың шығу мезгілін шамалап анықтауға болатын секілді. Тарих пен этнология, фольклортану ғылымдарының дәлелдеуі бойынша, адамзаттың рухани мәдениеті есте жоқ ерте заманда орныққан рулық, тайпалық қауымда пайда болғанға ұқсайды («алғашқы қауым» деп те аталады). Жер бетінде пайда болған тұңғыш рулық қауымның түрі – матриархат (анаеркі) деп саналады. Рас, бұл туралы соңғы 20-30 жыл бойы үлкен пікірталас орын алып келеді, алайда, матриархаттың болмағандығы туралы пікір әлі толық дәлелденген жоқ. Осыған байланысты және этнографиялық, фольклорлық деректерге сүйеніп, әзірше дәстүрлі, ғылымда қалыптасқан тұжырымды негізге алуға тура келеді. Анаеркі (аналық) рудың басты-басты сипаттары неЕң көне мифтер – алғашқы қауым адамдарының өзін қоршаған ортадағы, маңайындағы әртүрлі объектілер мен табиғат құбылыстары турасындағы түсіндірме әңгімелері түрінде болып келеді. Ондай әңгімелерде заттардың, аңдардың пайда болуы мифтік сана бойынша түсіндіріледі. Ал, мифтік сананың өзі екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең – «адам мен табиғаттың бірлігі» жөніндегі түсінік. Яғни адам өзін жан-жануардан, табиғаттан бөлмейді, адам мен жануар, адам мен зат бірдей деп түсінеді, өлі мен тірінің арасына да жік қоймайды. Дәл осы кезеңде анимистік наным жұмыс істеп, мифтерде адамның аңға, басқа бір затқа, немесе керісінше жануардың, заттың адамға айналуы – заңды құбылыс ретінде қабылданады. Мифтік сананың екінші кезеңі – «адам мен табиғаттың бірлігі» туралы ұғымның бұзылуы. Бұл уақытта адамдар өзінің жануарлардан, қоршаған табиғаттан өзгеше екенін түсінеді де, тотемистік нанымға негізделген мифтер шығарады. Сөйтіп, тотемистік және этиологиялық мифтер дүниеге келеді. Алғашқы кезеңде жер бетіндегі нәрселердің, аспан шырақтарының қалай пайда болғанын баяндайтын жасампаздық және космогониялық мифтер шықса, екінші кезеңде тотемистік, дуалистік мифтер туады . Мифтердегі басты кейіпкерлер – ілкі ата мен жасампаз қаһарман, тотембаба мен шаман (бұл кейінірек). Олардың іс-әрекеттері, көбінесе, жасампаздық болып келеді, жердегі заттарды, аң-құсты, т.б. жаратқан солар болып көрсетіледі. Мифтер, әрине, бір қалыпта тұрмай, өзгеріп тұрған. Әубаста олар қасиетті әңгіме-шежіре түрінде құпия айтылса, бірте-бірте сакралдық сипатынан айырылып, фольклордың кейбір жанрларына кірігіп кеткен. Мифтік сананың екінші кезеңінде қалыптасқан діни нанымдар мен ұғымдарға, солардың іс жүзінде атқарылатын ырымдары мен ғұрыптарына негізделген (мифтермен қатар) әр алуан тұрмыстық, кәсіптік, т.б. әңгімелер де туады. Олар сол уақыттың фольклорлық жанрлары десе де болады. Олардың басты ерекшелігі утилитарлық функциясында, яғни ондай әңгімелер жеке айтылмайды, белгілі бір ырымды, ғұрыпты атқару барысында айтылады. Демек, ондай әңгімелер практикалық (тәжірибелік) мақсат көздейді. Сондай фольклордың үлгісі ретінде терімшілік, аңшылық, малшылық пен егіншілік кәсіптерге қатысты шығармаларды айтуға болады. Олардың бәрі бізге алғашқы күйінде жетпеген, олар талай өзгеріске ұшыраған, әрі өте кеш хатқа түскен. Сол себепті біздің қолымыздағы әңгіме, өлең-жырларда көркемделу күшті де, әу-бастағы ұғым-нанымдардың ізі ғана сарқыншақ ретінде көрініс береді. Соған қарамастан ол шығармалардан ежелгі анимизмнің, тотемизмнің, магияның түбірін тауып, зерттеуге болады. Сондай магиялық қызметі айқын фольклорға алғыс, қарғыс, арбау, жалыну, жалбарыну, бәдік сияқты жанрлар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет